Бұрандалы қосылыстар
Машиналар, аспаптар және аппараттар жасағанда, оларды құрайтын бөлшектер қандай да бір тәсілдермен бір-бірімен қосылады. Бұл қосылыстар ажыратылатын және ажыратылмайтын болып бөлінеді.
Ажыратылатын қосылыстар деп қайтадан құрастыру мен бөлшектеу кезінде оны құрайтын бөліктері бүлінбей қалатын қосылыстарды айтады Мысалы 34-ші суретте көрсетілген. Бұйымның бөліктерін үнемі байланыстырып тұратын және бүлінбей бөлшектеуге келмейтін қосылыстарды ажыратылмайтын қосылыстар деп атайды (пісіру, дәнекерлеу, престеу, желімдеу, жапсыру арқылы қосылған қосылыстар).
Машинаның әр түрлі құрылғылардың құрама бөлшектерін, ажыратылатын қосылыстармен қосуда бұранда немесе бекітуші бөлшектер бұрандасы кең қолданылады. Бұрандалылы қосылыстар, бөлшектерге біршама қозғалмайтындық немесе бір бөлшектің басқа бөлшекпен салыстырмалы ауысуын қамтамасыз етеді.
Бұранда деген цилиндрлік немесе конустық беттердің үстінде жазық шеткі жиектің бұрандалы қозғалысынан пайда болған бет. Кескіштің кескініне байланысты бұрандаларды мынадай түрлерге бөледі: үшбұрышты, тіреуішті, трапециялы, тік бұрышты, жұмыр. Егер цилиндр бетіне бір мезетте біреу емес екеу, үшеу не одан да көп жазық профильдер орналастырсақ, сәйкесінше екі, үш және одан да көп кірісті бұранда пайда болады.
Сурет 33 - Бұрандалы қосылыстардың жіктелуі
Шұрыптың кірістерін оның тік қойылған дөңбекті бетінен жеңіл анықтауға болады. Көпкірісті бұранданы кішкене бұрышты айналудан, үлкен орын ауыстыру алу үшін қолданады. Цилиндрлік немесе конустық беттердің ішкі жағындағы бұранда – ішкі бұранда деп аталады. Цилиндрлік немесе конустық беттердің сыртқы жағына жасалған бұранда – сыртқы бұранда деп аталады.
Оң бұранда контурдың сағат тіліне бағыттас айналуынан пайда болады. Сол бұранда контурдың сағат тіліне қарама-қарсы айналуынан пайда болады.
Сурет 34
Бұрандалар классификациясы 5-ші кестеде бұрандалардың әр түрлі белгілері бойынша берілген.
Кесте 5- Бұрандалар классификациясы
Кескінінің пішіні бойынша
|
Беті бойынша
|
Орналасуы бойынша
|
Қолдануы бойынша
|
Кіріс саны
|
Бұранда бағыты
|
трапециялы
|
үшбұрышты
|
тіреуішті
|
жұмыр
|
тікбұрышты
|
конустық
|
цилиндрлік
|
сыртқы
|
ішкі
|
бекітуші
|
жүрістік
|
арнайы
|
біркірісті
|
көпкірісті
|
оң
|
сол
|
Достарыңызбен бөлісу: |