Құдайберді Бағашар исламдағы бала тәрбиесі алматы 2011


Ислами тәрбиеде ғылымның озық



Pdf көрінісі
бет45/101
Дата06.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#13970
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   101
Ислами тәрбиеде ғылымның озық 
жетістіктерін пайдалану
Физика, химия, астрономия, атом физикасы немесе 
осы секілді нақты ғылымдарды оқып-үйрену барысын-
да балаларға алған біліміне қарай ислам ақиқатының 
сенімдері  де  түсіндірілуі  қажет.  Материалист  адам 
материяны  негізге  ала  отырып,  бүкіл  нәрсені  соған 
негіздеп үйрететіні секілді, мүмин де барлық нәрсеге 
Аллаһ тағала, ақырет, Құран және иман мәселелерін 
негізге ала отырып баға беруі тиіс. 
Бала  бастауыш  сыныптан  бастап  жоғары  оқу 
орнын  бітіріп  шыққанға  дейінгі  аралықта  нақты 
ғылымдармен  қатар,  сол  деңгейде  діни  білім  алма-
са,  тәрбиесі  бұзылары  даусыз.  Оның  мектептен 
алған білімі мен тәрбиесі жақсы қадағаланып, нашар 
қылықтарына  дереу  тойтарыс  беріліп,  жөн-жоба 
көрсетіліп отырмаса, оқыған-тоқығандары күпірлікке 
жетелеуі мүмкін. Негізінде, ғылымның қай саласында 
болмасын, Аллаһтың бар екенін, дара екенін білдіретін 
айқын дәлелдер көп. 
Иә,  бала  материализмге  негізделген  пәлсапаны 
оқимын  деп,  күдік  пен  күмәннің  ықпалында  кетпеуі 
үшін, ішкі жан дүниесі иләһи ілімдермен қоса сусындап 
отыруы қажет. Әйтпесе, кейін келе үлкен сергелдеңге 
түсуі ықтимал. 
Материалистердің ғаламдағы жүйені табиғатқа 
теліп әрі бұл мәселеде пәлсапалық теорияларымен де-
магогия  жасағанындай,  біз  де  жаратылыстағы  әрі 
ғаламдағы  жүйеден  байқалатын  заңдылықтардың 
сырын  түсіндіріп,  бұлардың  барлығы  да  Аллаһтың 


109
Сәбидің дүниеге келуі
басқаруында екенін баланың санасына сіңіруіміз керек. 
Сонда ғана түрлі теориялардың оған тигізер әсері мен 
күмәніне тосқауыл қоя аламыз. 
Ақылға  қонымсыз,  қисыны  келіспейтін  қате 
мәліметтерден  гөрі,  біз  дұрыс  мәліметтер  алуына 
жағдай  жасағанда  ғана  бала  сергелдеңге  түспейді. 
Барлық  нәрсе  білімнен  бастау  алады.  Надандық  – 
діннің  де,  діндардың  да  үлкен  дұшпаны.  Олай  болса, 
жаңсақ пікірге сүйенген өзгелердің көңілге қонбайтын 
сандырағымен  жас  ұрпақтың  санасын  уламауға 
тырысқанымыз  жөн.  Мүминдер  де  өз  отанына, 
ұлтына, дініне берік, оқу-ғылымға көзі ашық, өзінің та-
рихы мен жағрапиясын жақсы меңгерген ұрпақ өсіруі 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   101




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет