СӨЖ Тақырыбы: Оқушының әңгімелеп бере білу қабілетін қалыптастыру.
Дайындаған:Нурпейсова Булбул
Тексерген: Тасжурекова Жумагуль Тлеуовна
Алматы 2023
Балаларды сөз байланыстырып сөйлеуге үйретуде мынадай мәселеге баса назар аударылады: әңгіме құрастыруда бойынша өз ойын жүйесін анық,түснікті жеткізе білуге үйретіледі; логикалық тапсырмаларды орындағанда баланың байланысып сөйлесуіне баса назар аудару қажет;оқылған шығарманың мазмұнын өз түсінігі бойынша ауызша баяндай білуге төселдіру керек.
Байланысып сөйлеуді дамытуда сөздік жұмыс, сөйлем әңгіме құрастыру жұмысы жүргізіледі. Байланысып сөйлеу мәдениеті арнайы жоспарлаған сабақтарда сабақтан тыс ойын сәттерінде, шығармаларды сахналауға ертеңгіліктерді өткізуде дамытылады.Тәрбиеші атқан ертеңгісі зейін қоя тыңдап, мазмұнын ауызша қайталап айтуда, әңгімелеп беруде, грамматикалық тұлғада дұрыс байланысып сөйлеуге үйретіледі.
Тіл дамыту сабақтаң қызықты, әсерлі тірде ұйымдастырылуы баланың белсенді сөйлеуін қамтамасыз етеді,яғни балаға сөйлеу қажеттігін тудырады.
Тәрбиеші-педагогтар,ата-аналар баланың кез-келген уақытта берген жауыбының толық,дауысының анық, ашық, мәнерлі болуын талап етуі керек.Күнделікті іс-әрекет сабақ, ойын, серуен, бос уақытта баланы ауызша сөйлеу білуге,сұраққа толық жауып беруге, сөйлемді дұрыс қарап айтуға өз ойын жүйелі жеткізуге, шығармашылығын әңгіме құрауға үйрету үшін жүргізілетін жұмыстар. Байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға негіз болады. Мысалы: берілген суреттер бойынша әңгіме құрастыру, отбасында, жолдастарымен қарым-қатынасында, қоршаған ортадағы адамды тыңдай білу,оларға дұрыс жауап беруде диалогтық сөйлеуге үйретіледі.Оқыған шығармаларды әңгімелеуде,оны өмірде көргендерімен салыстыруда монологтық сөйлеуге үйренеді.
Байланыстырып сөйлеудің екі типі диалог пен монолог.Баланың оларды үйренудегі ерекшеліктері. Диалог- екі не одан да көп адамның әңгімесі; Әңгіменің мақсаты,әдетте бір нәрсе жайында сұрап,оқыған жауап беруге,белгілі бір әрекетке түрткі болуға шақыру.
Монолог-бір адамның байланыстыра сөйлеген сөзі.Монологтың мақсаты-белгілі бір факт жөнінде баяндау.
Диалог стилі жағынан негізінен ауызекі сөйлеу тіліне тән.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістері.
Әңгімелесу әдісі диалог түрде сөйлеуге үйрету мақсатын көздейді. Әңгімелесу баланың зейінін түгелдей қажетті объектіге аударып,оны өз ойын, көреген түйгенін жүйемен, рет-ретімен айтып беруге дағдыландырады. Әңгімелесу сабағы программа мазмұнын меңгерткге, баланың алған білімінің тиянақты, саналы болуына диалог түрінде сөйлеуге жаттықтырып,сұраққа толық сөйлем құрап жауап беруге негіз қалайды. Әңгімелесу сабақтарының тақырыбы,программа мазмұнына сәйкес белгіленеді.