Ф-ОБ-012/006Б
Ф-ӘД-001/026Б
Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ӨНЕР ФАКУЛЬТЕТІ
ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ КАФЕДРАСЫ
«Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәндерді оқыту әдістемесі» пәнінен
ЛЕКЦИЯ ТЕЗИСТЕРІ
5B010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығына арналған
Түркістан
№ 1. Лекция сабағының тақырыбы: Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны.
Сабақтың мақсаты: Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәнді оқыту әдістемесі пәні дене тәрбиесі ЖОО салалық ғылыми оқу пәні болып табылып, студенттерге дене тәрбиесі саласындағы кәсіби қызметтің деңгейін оқып үйренудегі болашақ мамандардың терең теориялық және әдістемелік дайындығын қалыптастырады. сонымен бірге оларға жаңа мәліметтер ұғымдарды меңгеруге әртүрлі шектес ғылыми пәндердің дене тәрбиесінің мақсаттарын іске асырудағы рөлін бағалауда дұрыс бағыт беріп, олардың жеке педагогикалық шығармашылығының негізін құрайды.
Жоспары: 1. Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі пәніне кіріспе
2. Дене шынықтыру теориясының объектілерімен оның оқу және ғылыми
пән ретіндегі құрылымы
3. Негізгі түсініктерді анықтау: дене мәдениеті, спорт, дене мәдениетінің
құндылықтары, дене жетілдірілуі, денені тәрбиелеу, дене дамуы, денеге
білім беру, қозғалыс белсенділігі, қозғалыс біліктілігі, қозғалыс дағдысы,
дене тәрбиесінің кәсіби бағыттылы
Лекция мәтіні: Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша пәнді оқыту әдістемесі пәні дене тәрбиесі жоғары оқу орындарындағы салалық ғылыми және оқу пәні болып табылып, дене тәрбиесі саласындағы кәсіптік қызметтің деңгейін анықтайды. Оны оқып, үйренудегі терең ілімдік және әдістемелік дайындық болашақ дене тәрбиесі және спорт саласы мамандарының идеялық қалыптасуына жағдай туғызады. Сонымен бірге студенттерге жаңа мәліметтерді, ұғымдарды меңгеруге, әр түрлі жай-күй, жағдай, ережелерді сын көзбен қабылдауға,әр түрлі шектес ғылыми пәндердің дене тәрбиесінің мақсаттарын іске асырудағы рөлін бағалауда дұрыс бағыт беріп, олардың жеке педагогикалық шығармашылығының негізін құрайды.
Білімнің әрбір саласы белгілі бір ғылыми және оқу пәні ретінде өзіндік, және тек өзіне ғана тән саланы оқытатын, яғни зерттелетін зерттеу дүниесі мен адам болып табылады. Зерттеп оқу барысында жинақталған мәліметтер белгілі бір жүйеде қалыптасады және ерекше оқу пәнін, яғни оқыту пәнін құрайды. Дене тәрбиесі туралы ғылымда зерттелген зерттеу дүниесіне оқытылатын педагогикалық қозғаушы күштер, яғни дене шынықтыру жаттығуларының жүйесі, оқыту әдістері және т.б., ал іс-әрекет пен білім иесі адам, оның дене шынықтыру жаттығуларын орындауға әсері жатады. Тұжырымдап айтқанда, педагогикалық зерттеуде оқытылатын зерттеу дүниесі және іс-әрекет пен білім иесі- адам бір-бірінсіз өмір сүре алмайды.
Дене тәрбиесінің ілімі пәнінің оқытылуы педагогиалық жүйе ретінде дене шынықтыру мәдениетінің жалпы заңдылықтарын орнату болып табылады. Жалпы заңдылықтар дегеніміз тұрғын халықтардың кез-келген жастағы: балалар мен ересектер, дене шынықтыру жаттығуларымен енді шұғылданушылар мен жаңа бастағандар, сонымен бірге дәрежелі спортшыларға тең дәрежеде тән мәселелер.
Дене тәрбиесінің әдістемесі пәнінің оқытылуы дене тәрбиесінің дербес жеке заңдылықтарын орнаты және педагогикалық салада жалпы дене дайындығы және кәсіптік дене шынықтыру, спорттық дайындығы әдістемелері арқылы белгілі бір бағыты бар заңдылықтарды іске асыру болып саналады. Бұл әдістемелердің әрқайсысының ішінде жеке әдістемелер бар. Олардың ерекшеліктері шұғылданушылардың құрамының әр түрлілігіне, яғни олардың жасына, жынысына, кәсіптік ерекшелігіне және спорттық мамандануына (мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесінің әдістемесі, әйелдер дене тәрбиесінің әдістемесі т.б.) қарай тура келеді. Жеке спорт түрлері спорттық педагогикалық әдістемесі, яғни ( гимнастиканы, жеңіл атлетиканы оқыту әдістемесі және т.б.) өз алдына жекелеген ғылыми және оқу пәндерін құрайды.
Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі бір-бірінсіз пән ретінде сақталып тура және дами алмайды. Дене тәрбиесінің ілімі барынша осы заманғы ғылыми ережелердің (талаптардың) дене тәрбиесінің мазмұнын көрсететін қозғалғыш жүйесі болып саналады. Дене тәрбиесінің ілімі дене тәрбиесі жүйесін жетілдірудің негізін қалап, жекелеген заңдылықтарды қорытады және оны нақтылы әдістемелерге құнды байлық ретінде пайдаланады. Әдістемелер өз кезегінде ілім жүзінде қорытуға қор жасайды, заңдылықтарды педагогикалық ұсыныстар жүйесі ретінде іске асырып, жалпы ілімдік ережелерді мұғалім мен оқушының арасындағы нақты қарым-қатынасқа айналдырады. Дене тәрбиесінің әдістемесі арқылы жалпы қоғамдық байлық, игілік (жалпы ілімдік жағдай) жеке игілікке (денсаулықты нығайту, біліктілікті игеру т.б.) айналады. Сонымен, әрбір әдістеме жалпы заңдылықтарды, нақтылы ұсыныстарды талқылау үшін ғана пайдаланылмайды, педагогикалық салаға нақтылы жастағы шұғылданушылар мен жекелеген заңдылықтарды орнатады. Осылардың барлығы бұл екі оқу пәндеріне де дене тәрбиесінің ілімі және әдістемесі деген бір атаумен ғылыми пән ретінде пайдаланылуына мүмкіндік туғызады. Сипат ерекшелігіне қарай ол кез келген педагогикалық пәндер сияқты өзінің ережелерін, орнын, әлеуметтік, психологиялық және биологиялық қозғалушы күштерге негіздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |