ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия және химиялық технология факультеті
Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы мен технология кафедрасы
Дәрілік түрлерді өндіру технологиясы
«6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы»
мамандық аты
Алматы, 2024
Пән бойынша лабораториялық және семинарлық жұмыстарды құрастырушы:
Бурашева Гаухар Шахмақызы- химия ғылымдарының докторы, профессор; Умбетова Алмагүл Кендебайқызы – химия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы;
Кипчакбаева Алия Қуанышқызы -Ph.D.6 аға оқытушы.
Оқу әдістемелік кешен кредиттік жүйеге сәйкес «6В07201–Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығына арналып, білім беру бағдарламасы негізінде жасалған.
Бурашева Г.Ш., Умбетова А.К., Кипчакбаева А.К.
Дәрілік түрлерді өндіру технологиясы
пәні бойынша жүргізілетін лабораториялық жұмыстар.
Осы материалда келтірілген лабораториялық жұмыстар ҚР Фармакопеясына негізделген. Инфузия, қайнатынды, ұнтақтар, тұндырынды, қою және құрғақ экстракт, жақпа май, суппозиторий алу жолдары қарастырылған, қысқаша теориялық ақпарат, өзін-өзі дайындауға арналған бақылау сұрақтары берілген. Бұл лабораториялық жұмыстар « 6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша 3-ші курс студенттеріне арналған.
Химия және химиялық технология факультетінің әдістемелік бюросының ұсынуы бойынша шығарылып отыр.
Кіріспе
Зертханалық практикум "Фармацевтикалық өндіріс технологиясы" мамандығының бакалаврлары үшін дайын дәрілік формалар технологиясы бойынша зертханалық жұмыстарды орындау кезінде өзіндік жұмысты ұйымдастыруға және басқаруға арналған.
Зертханалық жұмыстарды орындау барысында студенттер дайын дәрілік формалардың технологиясымен танысады. Әрбір зертханалық жұмыстың алдында тиісті дәрілік форманың қысқаша сипаттамасы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |