Дәріс 1: Ас қорыту, оның маңызы, түрлері. Ауыз қуысындағы астың қорытылуы. Дәрістің жоспары



бет1/11
Дата15.06.2022
өлшемі1,6 Mb.
#36881
түріҚұрамы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Дәріс 1: Ас қорыту, оның маңызы, түрлері. Ауыз қуысындағы астың қорытылуы.

Дәрістің жоспары:

  • Ас қорыту, оның маңызы, түрлері.
  • Ас қорыту жүйесінің қызметі.
  • Ас қорыту жолы қызметтерін зерттеу әдістері.
  • Ауыз қуысындағы астың қорытылуы.
  • Сілекейдің құрамы және оның маңызы.
  • Сілекейдің шығуы және оның реттелуі.
  • 7. Қарындағы ас қорыту.

    8. Қарын сөлінің бөліну кезеңдері.

Ас қорыту, оның маңызы

Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі. Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.

Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар – мономерлерге айналып, олар қан мен лифаға сіңіп, организмде пайдаланылады.

Ас қорыту түрлері

  • Аутолитикалық – тағам құрамындағыферменттер (ана сүті).
  • Симбиоттық – бактериялар түзетін ферменттер – гидролиз микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен жүреді (тоқ ішекте).
  • Өзіндік
  • а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту – ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді.

    б) мембраналық (контакттық) ас қорыту – ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді.

    в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).

Ас қорыту жолының қызметі

  • Ас қорыту.
  • Сөл шығару (секреция) – ас қорыту сөлдерін бөлі. Ферменттердің 3 тобын ажыратады: 1) протеазалар, белоктарды ыдыратады; 2) липазалар, майларды глицеридтер мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 3) карбогидразалар, көмірмуларды полисахарид, ди- және моносахаридтерге дейін қорытады.
  • Қимыл (моторлық).
  • Сіңіру.
  • Сыртқа шығару.
  • 2. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегей қабатында гастроинтестиналдық гормондардың түзілуі.энтреин жүйесінің гормондары қанға сіңіп: 1) ас қортыу сөлдерінің бөлінуін реттейді. 2) ассимиляцияға, организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді. 3) түрлі ағзалардағы қан айналысын реттейді, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет