Дәріс 1 Тақырып: Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық іс-әрекетке даярлық Мақсат



бет1/22
Дата25.05.2023
өлшемі91,51 Kb.
#97597
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
4. darister, mugalimnin zertteu madenieti (1)


Дәріс 1
Тақырып: Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық іс-әрекетке даярлық
Мақсат: : Педагогика ғылымының даму кезендерімен танысу
Жоспар:
1 Педагогика ғылымының дамуы
2 Мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау


1 Педагогика ғылымының дамуы
Өткенде де, қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос, мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.
Қазіргі кезеңде ғылым мен практикаға үшінші ғылыми тұжырым өз тиімділігімен танылып отыр: педагогика- өзіндік нысаны мен зерт-теу пəніне ие салыстырмалы дербес білім саласы («Педагогика» оқулықтарының ең соңғы басылымдары: Б.Т.Лихачев, И.П.Подласый, В.А.Сластенин жəне т.б.). Педагогика нысаны. Педагогика ғылымының нысандық ерекшелігі жөнінде батыл ой ұсынған ғалым жəне практик А.С.Макаренко болды. Оның пікірі: көпшілік педагогика нысаны бала деп біледі, алайда бұл дұрыс емес.
Ғылыми педагогика зерттеулерінің объектісі– бұл «педагогикалық дерек (құбылыс)». Дегенмен, бала, адам да зерттеуші назарынан тыс қалмайды. Керісінше, адам жөніндегі ғылымдардың бірі болғандықтан, педагогика аталған объекттердің тұлғалық дамуы мен қалыптасуына мақсатты бағдарланған саналы іс-əрекеттер аймағын зерттейді. Осыдан, педагогика өз нысаны ретінде тек өкілі (индивид) не оның психикасын қарастырмай (бұлар психология объекті), оның дамуына байланысты педагогикалық-тəрбие құбылыстар жүйесін зерттеуге алады.
Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Д.Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді.
Білім, білімдену процесі тек педагогиканың ғана меншікті зерттеу аймағы емес, оның зерттеуімен философия, əлеуметтану, жантану, экономика жəне де басқа ғылымдар шұғылданады. педагогиканың пəні – арнайы əлеуметтік мекемелерде (институттарда): отбасы, білім беру жəне мəдени-тəрбие орындарында –мақсат бағдарлы ұйымдастырылған шынайы біртұтас педагогикалық процесс ретінде көрінетін жүйеленген білім саласы. Бұл тұрғыдан педагогика əрбір адамның бүкіл өмір бойы дамуының кепілі жəне құралы болған педагогикалық процестің мəні мен мазмұнын, заңдары мен заңдылықтарын жəне оның бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ өркендеу жолын зерттеуші ғылым жүйесін аңдатады.


2 Мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау
Мұғалім үшін үнемі өзін-өзі тәрбиелеуге дайын болу, шығармашылық, қабілет, іздеу іс-әрекетін жүзеге асыру, жаңа білім алу, перспективаларды көру және өндірісті, білім мен ғылымды дамыту стратегиясын жоспарлау сияқты жеке қасиеттер барған сайын маңызды бола түсуде. Педагогты даярлау процесінде тиімді ғылыми-зерттеу және кәсіби қызметке қабілетті жоғары кәсіби шығармашылық тұлғаны даярлауды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу қызметі ерекше рөл атқарады. Осыған байланысты мұғалімдерінің ғылыми-зерттеу қызметін зерттеу, болашақ мұғалімдердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындығын қалыптастыру құралдарын, тетіктерін, технологияларын дамыту мәселелері өзекті болып отыр, бұл болашақ мамандарды кәсіби-педагогикалық даярлаудың мәнін ғылыми қайта қарастыруды қажет етеді.
Жоғары кәсіптік білімнің мемлекеттік білім беру стандартының талаптары:
‒ кәсіби іс-әрекетер бойынша қызметтік міндеттерді орындауға дайын болуы;
- кәсіби іс-әрекетерге қатысты мәселелерді шеше білу (белгілі алгоритмдерді, тәсілдерді, әдістерді қолдана отырып стандартты жағдайларда);
- мамандық бойынша типтік емес мәселелерді шеше білу.
Болашақ мұғалімдерді төменгі курстардан бастап университеттің әртүрлі бөлімдерінің ғылыми жұмыс жоспары аясында әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарына тарту керек. Сонымен қатар, мұндай қатысу техникалық тапсырмаларды орындауда, ғылыми жобалардың тәжірибелік-эксперименттік жұмыстарын жүзеге асыруда да, студенттерді әртүрлі ғылыми шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тартуда да көрініс табуы мүмкін. Көрсетілген мәселені шешудің стратегиялық тәсілі университетте студенттерді — болашақ кәсіптік білім беру мұғалімдерін төменгі курстардан бастап зерттеу жұмыстарына тарту бағдарламасын әзірлеуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет