Байланысты: Д?ріс 1 Педагогика ?ылымыны? дамуы ж?не педагогикалы?
Дәріс 1 Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық іс-әрекетке даярлық. Мұғалімдердің ғылыми зерттеу жұмысының сипаттамасы. Педагогтің зерттеушілік мәдениеті 1. Педагогика ғылымының дамуы
2.Мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау
3. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетіндегі ғылыми-зерттеу жұмысының рөлі
4 Мұғалімнің зерттеушілік мәдениеті
Тәрбие практикасы өз бастауларын адамзат өркениетінің бірінші қадамдарымен байланыстырады. Тәрбие алғашқы адамдармен бірге пайда болды. Ол замандары бала ешқандай педагогикасыз-ақ тәрбиеленген. Тіпті адамдардың ол жөнінде хабары да болмаған. Тәрбие жөніндегі ғылым геометрия, астрономия, басқада ғылым салаларынан көп кейін қалыптасқан.
Белгілі болғандай, барша ғылым салаларының пайда болуындағы алғы шарт - өмір қажеттігі. Кейін тәрбие идеялары адамдар өмірінде аса маңызды рөл атқара бастады. Себебі әр-түрлі қоғамда өсіп келе жатқан әулетке берген тәрбиесіне орай өмір қажеттігі де жылдам немесе шабан дамитыны белгілі. Осыдан тәрбие тәжірибесін топтастыру және қорытындылау, арнайы оқу-тәрбие мекемелерін ұйымдастырып, жастарды өмірге дайындаудың қажеттігі туындады.
Ежелгі дүниенің Қытай, Индия, Египет, Греция сынды аса дамыған елдерінде сол заманның өзінде тәрбие тәжірибесі бір арнаға келтірілді. Ол кезде табиғат, адам, қоғам жөніндегі барша білімдер философия шеңберінде жинақталатын, алғашқы педагогикалық тұжырымдарда сол ғылыми аумақта дүниеге келді.
Барша дәуірлерде педагогтар балалардың табиғаттан берілген мүмкіндіктерін іске асырып, жаңа сапаларды қалыптастырудың тиімді жолдарын тауып, оларға көмектесумен келеді. Мыңдаған жылдар бойы қажетті білімдер тырнақтап жиналып педагогикалық жүйе негізге келді, тексерілді, қажет болмаған тұстары қолданымнан шығарылды, ақырында өміршең, ең пайдалы педагогикалық идеялар сақталып, бүгінгі күнімізге жетті. Бірте-бірте басты міндеті ғылыми білімдерді топтастыру және жүйеге келтіру болған тәрбие жөніндегі ғылым пайда болды. Ұзаққа созылған даму жолын бастан кешірген бүгінгі заман педагогикасы адам тәрбиесі заңдылықтары жөніндегі ғылымға айналды.
Педагогика мұғалімдерді белгілі жас тобындағы балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері жөніндегі кәсіби білімдермен қаруландырып, әрқилы жағдайлардағы оқу-тәрбие процесін болжастыруға, жобалауға және іске асыруға, оның тиімділігін бағалауға үйретеді. Тәрбие процесін ұдайы жетілдіріп отыру қажет, себебі адамдардың өмір жағдайлары өзгермелі, ақпараттар көлемі ұлғаяды, осыдан мұғалімге қойылатын талаптар жыл сайын күрделеніп барады. Қоғамның мұндай талаптарына педагогтар өсіп келе жатқан әулетті оқыту, тәрбиелеу және оған білім берудің жаңа технологияларын құрастырумен жауап береді.
Мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына даярлау жоғары оқу орны қабырғасынан бастау алуға тиіс. Мәселен, ғалымдардың пікірінше, болашақ маманның жоғары оқу орнында алған білімі, біліктілігі, тәжірибесі болашақта кәсіби шыңдалуына үлкен әсерін тигізеді. Сондықтан, автор жоғары оқу орнында ғылыми-зерттеу жұмысының сапасын арттырудың жолдарын көрсете келе, болашақ педагогтарды педагогикалық іс-әрекетке психологиялық және педагогикалық даярлау кезеңдерін бөліп көрсетеді:
1-кезең (ХІХ ғасырдың соңы мен 1914 ж.) – болашақ педагогтарды психологиялық даярлау жүйесі;
2-кезең (1914-1940 жж.) – тәртіпті реттеу мен өзін-өзі реттеу нейрофизиологиялық механизіміне негізделген интенсивті психологиялық даярлау;
3-кезең (1940-1960 жж.) – психологиялық даярлау теориясын адамның әртүрлі іс-әрекетіне пайдалану;
4-кезең (1970 жж. – ХХІ ғасырдың басы) – психологиялық даярлау теориясын жетілдіру, оны педагогикалық іс-әрекеттер зерттеулерінде пайладану.
Ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмысында болашақ мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің интеграцияланған көрсеткіштерін ұсынады: педагогикалық іс-әрекет қажеттілігі мен сұранысының мазмұны; мамандықтың маңызы туралы білім деңгейі мен мұғалімнің кәсіби рөлі, педагогикалық мәселелерді шешу деңгейі және т. б.
ХХ ғасырдың соңындағы көптеген педагогикалық зерттеулер болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселесіне арналады. М.И. Дьяченко, Л.А Кандыбович, В.А.Пономаренко және т. б. ғалымдар «Даярлау – қандай да бір іс-әрекетті нәтижелі орындаудың алғышарты, іргетасы» деген анықтаманы береді. Сондай-ақ, ғалымдар мұғалімдерді педагогикалық іс-әрекетке даярлаудың құрылымын көрсетеді: мотивациялық, бағыттылық, операциялық, жігерлік, бағалау. Авторлар психологиялық даярлаудың құрылымын, жолдарын тереңірек зерттейді.
Педагогикалық жоғары оқу орны студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен: В.Н. Литовченко, В.Н. Намазов, Н.С. Амелина, П.Ф. Кравчук, Г.М. Храмова, П. Часакбай, Р.Ч. Бектұрганова, С.П. Арсенова, Л.Ф. Авдеева, Г.В. Никитина және т. б. ғалымдар айналысуда.
Ғалым О.А. Абдуллина «Общепедагогическая подготовка учителя в системе высшего педагогического образования» атты ғылыми жұмысында бірінші және соңғы курс студенттерін ғылыми-зерттеу жұмыстарына даярлаудың кезеңді жұмысын ұсынады. Бірінші кезеңде студенттерді кафедраның, жоғары оқу орнының, жеке мұғалімдердің жеке ғылыми-зерттеу жұмыстарының тақырыптарымен, мазмұнымен, мақсаттарымен, бағыттарымен таныстырады. Екінші кезеңде оқу-тәрбие үрдісінде жекеленген пәндер бойынша зерттеу жұмысы ұйымдастырылады, студенттер алғашқы зерттеудің қыры мен сырын меңгереді. Үшінші кезеңде жеке немесе ұжымдық топтық зерттеу жұмыстары жүргізіледі, педагогикалық практика кезеңінде студенттер тікелей ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізеді, сынақтан өткізеді, нәтижесін бағалайды, тұжырымдар жасап, ғылыми болжам ұсынып, ғылыми жоба жарыстарына қатыса алады.
3. Мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысуы оның кәсиби мәдениетінің дамуына жол ашады деп танып, зерттеушілік мәдениетті әрқырынан қарастырған ғалымдар: зерттеу мәдениетін педагогикалық қабілет деп көрсеткен - М.И.Скаткин, зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы керек деген - Л.Горбунова, педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік ретінде - И.Д.Богаева, зерттеушілік іс-әрекет-Н.В.Кухаров, А.И.Кочетов, педагогикалық мәдениеттіліктің бір бөлігі-А.А.Молдажанова, мұғалімнің методологиялық мәдениетінің бір бөлігі - В.А.Сластенин, В.Э.Тамарин, мұғалімнің кәсіби-зерттеу мәдениеті - З.А.Исаева, зерттеу еңбегінің құралы - П.Т.Приходько, кәсіби құзіреттіліктің даму деңгейі - А.К.Маркова, кәсіби мәдениеттілік - В.А.Сластенин, ғылыми қызметкердің еңбек ету мәдениетінің пайда болуы – К.М.Варшавский, зерттеу қабілеттілігі - Е.И.Регирер, оқу процесінде зерттеу нәтижелерін жүзеге асыру - Т.И.Шамова, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетке іргелі дайындығы – А.Е.Абылқасымова, З.А.Исаев, М.С.Молдабеков рухани мәдениеттің бір бөлігі – М.М.Мухамбетова т.б. Түрлі ғалымдар тарапынан сан түрлі бағытта сипатталған мұғалімнің зерттеу жұмыстары біздің ойымызша, шығармашылық әрекет етуді талап ететін шарттарға негізделіп, мұғалімнің шығармашылық қабілетінің дамуына жол ашады. Сондай жағдайда мұғалім тек қана оқу процесін тиісті дәрежеде ұйымдастыруда ғана меңгермей, сонымен қатар ғылымдағы жаңалықтардан қалыс қалмай, ұдайы білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Осыған байланысты А.И.Савенков педагогтің іс- әрекеті оң нәтиже беруі үшін келесі ережелерді сақтағаны дұрыс дейді:
- осы жұмысты жүргізуге әрқашан шығармашылық тұрғысынан келіңіз;
- қатал нұсқулар беруден аулақ болыңыз;
- оқушылардың өз тарапынан шыққан ұсыныстарды қолдаңыз;
- бағалауға асықпаңыз;
- олар өздері жасай алатын немесе жасауға үйрене алатын нәрселерді олар үшін жасамаңыз т.б.