Дәріс 11. Мотивация басқару функциясы ретінде



бет1/4
Дата28.06.2022
өлшемі1,72 Mb.
#37373
  1   2   3   4

Дәріс 11. Мотивация басқару функциясы ретінде

  • Мотивация түсінігі және оның тиімді басқару үшін маңызы
  • Мотивацияның бастапқы концепциялары
  • Мотивацияның мазмұнды теориялары
  • Мотивацияның процессуалдық теориялары
  • Мотивация және өтемақы

1. Мотивация түсінігі және оның тиімді басқару үшін маңызы

МОТИВАЦИЯ — ол жеке мақсаттарыңа және ұйым мақсаттарына жету үшін өзіңді және басқаларды ынталандыру процесі

Бастапқы концепциялар:

  • Қамшы мен сәбіз саясаты
  • Басқаруда психология әдістерін қолдану әрекеттері

Филадельфия қаласында тоқыма фабрикасында 1923-1924 жж. Э. Мэйо эксперименті
Жұмыс күші тұрақтамауы иіру учаскесінде –250%, ал бас0а учаскелерде – 5- 6%.
Тынығуға иірушілерге екі 10-минуттан үзіліс орнатты. Нәтижесі бірден білінді және әсерлі болды: жұмыс күші тұрақтамауы күрт төмендеп, моральдық жағдайы жақсарып, өнімділігі қатты өседі.
Қорытынды: басшылардың қызметкердің психологиясына назар аударғаны өте маңызды.
Әлеуметтік өзара әрекеттесу және топтық мінез-құлық жеке адамның еңбегінің өнімділігіне елеулі әсер етеді. Менеджменттің жаңа бағыты пайда болды – адами қатынастар концепциясы.

3. Заманауи мотивация теориялары

  • МОТИВАЦИЯНЫҢ МАЗМҰНДЫ ТЕОРИЯЛАРЫ адамдарды басқаша емес, осылай әрекет етуге мәжбүрлейтін ішкі мотивтерді (қажеттіліктер деп аталатын) анықтауға негізделеді. Не?
  • Бұл теориялардың авторлары: Абрахам Маслоу, Дэвид МакКлелланд, Фредерик Герцберг және басқалар.

  • МОТИВАЦИЯНЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТЕОРИЯЛАРЫ адамдардың қабылдауы мен танымын ескеріп өздерін қалай ұстайды дегенге негізделеді. Қалай?
  • Негізгі процессуалдық теориялар: күту теориясы, әділеттік теориясы және Портер-Лоулердің мотивациялау моделі.


Адам бір нәрсеге физиологиялық немесе психологиялық жеткіліксізді сезінгенде ҚАЖЕТТІЛІК туады.
БАСТАПҚЫ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР өзінің табиғаты бойынша физиологиялық, көбінесе туа біткен, болады: тағамға, суға, демге, ұйықтауға қажеттіліктер және т.б.
ЕКІНШІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕР өзінің табиғаты бойынша психологиялық: табысқа, құрметке, бауыр басуға, билікке және біреуге біреуге немесе бір нәрсеге тиесілі болу қажеттіліктер.
Бастапқы қажеттіліктер генетикалық, ал екіншілер тәжірибемен сезінеді.
Адамдардың екінші қажеттіліктері бастапқыларына қарағанда көбірек ерекшелінеді.
Адам қажеттілікті сезінгенде, ол адамда бір нәрсеге ұмтылуды оятады.
Бір нәрсеге ұмтылу – белгілі бағыттағы жеткілісіздікті сезіну, ол қажеттіліктің мінез-құлықтық көрінісі және ол мақсатқа жетуді көздейді.
Мақсаттар бұл мағынада – бұл бір нәрсені қажеттілікті қанағаттандыру құралы ретінде сезіну.
Адам мақсатына жеткенде, оның қажеттілігі қанағаттанады, жартылай қанағаттанады немесе қанағаттанбайды.
Күрделі пәнге қажеттілік - мысалы, Сопромат. Шын мәнінде, ол сонша күрделі емес көрінеді, студент ынтасы төмендейді де салқын қарай бастайды немесе басқа пәнді іздестіре бастайды.
Адамдар өз мінез-құлқын қайталауға тырысады, егер қажеттілігі қанағаттанса; жеткілікті қанағаттанбаса бұрынғы мінез-құлқын қайталаудан таяды. Осы факт НӘТИЖЕ ЗАҢЫ ретінде белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет