Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет64/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   180
Жүрек топографиясы.

Жүрек кеуде аралығында асимметриялы орналасқан.Оның көп бөлігі ортаңғы сызықтан солға қарай жатады, оң жағында тек қуыс веналар мен оң жүрекше қалады. Жүректің ұзын білігі жоғарыдан төмен,оңнан солға, арттан алға қарай қиғаш орналасқан.Бүкіл дене білігімен 40 С бұрыш түзеді.Жүрек өзініңқабыменбірге алдыңғы бетінің көп бөлігінде өкпеқаппен жабылып тұрады.



Жүрек шекараларының кеуде қабырғасына проекциялануы

Жүрек ұшының соғуы сол жақ бұғана сызығынан 1 см ішке қарай 3-ші сол жақ


қабырға аралығында естіледі.

Жүрек проекциясының жоғарғы шекарасы3-ші қабырға шеміршегінің жоғарғы


деңгейінде өтеді.

Оң жақ шекарасы- төстің оң жиегінен 2-3см оңға қарай 3-ші қабырғадан 5-ші қабырғаға дейін өтеді.

Төменгі шекарасы-көлденең 5-ші оң жақ қабырға шеміршегінен жүрек ұшына дейін
өтеді.

Қарыншадан шығатын тесіктер (қолқа мен өкпе сабауы) 3-ші сол жақ қабырға шеміршегі деңгейінде жатады.Өкпе сабауы осы шеміршектің төс жағындағы ұшында орналасқан. Қолқа-төстің артқы жағында сәл оңға қарай жатады. Екі жүрекше-қарынша тесігі төстің бойымен 3-ші сол жақ қабырға аралықтан 5-ші оң жақ қабырғааралыққа қарай жүретін түзу сызық бойында жатады.

Жүрекке аускультация жасағанда (жүрек тондарын фонендоскоп арқылы тыңдау)

жүрек қақпақшаларының тондары мына жерлерде естіледі :

1.Митралды қақпақша тондары -жүрек ұшында.

2.Үш жармалы қақпақша тондары-төстің оң жағында 5-ші қабырға шеміршегі тұсында.

3.Қолқа қақпақшаларының тондары-төс жиегінде оң жақтағы 2-ші қабырға аралықта.

4.Өкпе сабауы қақпақшаларының тондары - төс жиегінде сол жақтағы 2- ші қабырға аралықта

естіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет