Жүректің өткізгіш жүйесі жүректің ырғақты қызметі мен оның жеке камераларының бұлшық еттерінің жұмысын үйлестіреді. Жүрекшелердің бұлшық еті қарыншалардың бұлшық еттерінен фиброзды сақиналар арқылы бөлінгенмен, олардың арасында күрделі нервтік – бұлшық еттік байланыс болады. Өткізгіш жүйенің құрамына бұлшық ет талшықтарының құрылысы ерекше – оның жасушалары миофибриллдерге кедей де, саркоплазмаға бай, сондықтан ақшылдау. Өткізгіш жүйенің жасушалары түйіндер мен будаларға топтасады :
1.Қойнау – жүрекше түйіні –жүрекше бұлшық етімен байланысқан және олардың ырғақты жиырылуы үшін керек.