Генеалогиялық талдау келесі мақсаттармен жүргізіледі: 1- белгінің тұқым қуалау сипатын анықтау (тұқым қуалайтын не тұқым қуаламайтын) 2- белгінің тұқым қуалау типін анықтау (А-Д, А-Р, Х-Д, Х-Р, У, М); 3 - жанұяда ауру баланың туылу мүмкіндігін есептеу
Аутосомды-доминантты тұқым қуалау типі – белгі екі жыныста бірдей дәрежеде көрінеді, ұрпақ сайын жарыққа шығады (полидактилия, брахидактилия, ахондроплазия, Марфан синдромы және т.б.)