ДӘРІС 3. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БОЛЖАУ.
Жоспарлаудың мәні, әдістемелік негіздері және көрсеткіштері.
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірісітік бағдарлама, кәсіпорының әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау әдістемесін әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады.
Жоспарлау әдістемесіне жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері жатады. Жоспарлау әдістемесін дамытудың негізгі бағыттары:
жоспарларды дамыған ғылми-техникалық және есептік – экономикалық негіздеуді ұлғайту;
қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
өндірісті техника-экономикалық негіздеу;
баланстық есептеулер жүргізу;
өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің жүйесін жақсарту;
материал сиымдылғы, қор сиымдылығын азайту;
еңбек өнімділігін арттыру;
жоғары сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
жоспарлардың ыңғайлылығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |