Дәріс сабақтарының мазмұны І дәріс. Қазақ тілі орфографиясының даму тарихы. (1 сағат)


ХІІ дәріс. Пунктуацияның қалыптасуы, ережелері. Нүкте. Сұрау белгісі



Pdf көрінісі
бет22/27
Дата06.01.2022
өлшемі185,64 Kb.
#16033
түріСабақ
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
ХІІ дәріс. Пунктуацияның қалыптасуы, ережелері. Нүкте. Сұрау белгісі. 

Леп   белгісі.     Көп   нүкте.     Үтір.   Нүктелі   үтір.   Сызықша.   Тырнақша. 

Жақша. Қос нүкте.   (1 сағат)

1.Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілері. 

2.Тыныс белгілерінің қабаттаса қолданылуы.

3.   Нүкте,   көп   нүкте,   үтір,   нүктелі   үтір,сызықша,тырнақша,   жақша,   қос 

нүктенің қолданылуы. 

4.Сұрау белгісі, леп белгісінің қойылу орындары.



Тірек сөздер:  Пунктуация, нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі, көп нүкте,үтір, 

сызықша, тырнақша, жақша, қос нүкте, нүктелі үтір.

          Нүкте.   Нүкте хабарлы сөйлемдерден және екпінсіз айтылған бұйрық, 

тілек мәнді сөйлемдерден кейін қойылады..

                 Нүкте әрі қарай кең түрде баяндау болатынын ескертетін сөйлемнен 

кейін қойылады.

          Қыстырма сөйлемді алу үшін ашылған жақшаның алдындағы сөйлем 

аяқталып,   оған   тиісті   тыныс   белгілерінің   бірі   қойылған   болса,   қыстырма 

сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады. Мысалы:

Ендеше,   егер   рұқсат   етсе,   сонда   түсейік.   Бүгін   ас   ішетін   жеріміз   де   жоқ. 

Жататын   қуысы   болса   болады.   (Итбайдың   бұлай   деуіне   себеп   -   қызын 

көрейін дегендік еді.) (С.Мұқанов).

         Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін нүкте 

қойылады. Мысалы:  

       П е т р. Бұл немене?

      Амангелді.   Біле   алмадым...   Сақал   мен   мұртқа   бір   кезек   келген   сияқты 

(Ғ.Мүсірепов).

                  Кейіпкердің   атынан   кейін   ремарка   (автордың   түсіндірме   сөздері)

келсе, ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған жақшадан 

кейін қойылады:

Амангелді (атып тұрып). Кешігіп қалыпсыз, мырза (Ғ.Мүсірепов).

С ә у л е (аз уақыт үнсіз). Перизат, сен байқайсың ба? (Ә.Әбішев).

Пьесадағы кейіпкердің сөзінің ішінде келген ремаркаға байланысты тыныс 

белгісі былайша қойылады:

а) Ремарка екі сөйлемнің арасында тұрып, өзінен кейін айтылған сөйлемге (не 

сөйлемдерге)   байланысты   болса,   кейіпкер   сөзінің   ремаркаға   дейінгі 

сөйлемінен кейін (яғни ашылатын жақшаның алдынан) сол сөйлемге тиісті 

тыныс белгісі қойылады. Ремарка жақшаға алынады да, бас әріптен басталып 

жазылады,жабылған   жақшаның   ішінен   нүкте   қойылады,   жақшаның 

сыртынан   ешқандай   тыныс   белгісі   қойылмайды,   кейіпкер   сөзінің   екінші 

бөлігі бас әріптен басталып жазылады:

П е т р. Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді. (Амангелдіге.)

Сен бара тұр, мерген, бір айналып соғарсың. (Ғ.Мүсірепов).

Т е м і р. Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бәрін де 

естідім. (Ә.Әбішев).

Әдебиеттер:

1. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тілінің пунктуациясы. Алматы 1991.




2. Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі. А,. 1983.

3. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер. А., 1992.

4.Р.Сыздық..Қазақ тілінің анықтағышы. Алматы, 2000.

Сұрақтар:

1. Тыныс белгілерінің атқаратын қызметі туралы не білесіз?

2.Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерінің ерекшеліктерін атаңыз.

3. Қандай тыныс белгілері қабаттаса қолданылады?

4. Сұрау  белгісі мен леп белгісі қандай жағдайда қосарланады?

5. Көп нүктенің қойылу орны туралы не білесіз?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет