Дәріс тақырыбы: Тұлғаның және топтардың қарым-қатынасы Жоспары



бет1/5
Дата28.04.2023
өлшемі116,9 Kb.
#88290
  1   2   3   4   5

Дәріс тақырыбы:
Тұлғаның және топтардың
қарым-қатынасы
Жоспары:
1. Қарым-қатынастың психологиялық сипаты, түрлері мен қызметі.
2. Іскерлік қарым-қатынас мәдениеті.
3.Социометрия әдісі арқылы қарым-қатынасты зерттеу.

Негізгі әдебиеттер:
1.Немов Р.С. Психология 1к. М-2000 гл-1
2.Столяренко Л.Д. Общая психология
М-2001 гл-1
3.Рогов Е.И. Общая психология М -2001
4.Алдамұратов Ә.Ж. Жалпы психология
А-1998
5. Н. Берікұлы Жантану Ақтөбе-2006.
Қосымша әдебиеттер:
1. Климов Е.А. Общая психология М-2001
2.Жарықбаев Қ.Б. Жантану негіздері А-2001.
  • Қарым-қатынастың психологиялық сипаты, түрлері мен қызметі.

  • Қарым-қатынас әдіснамалық, теориялық және эмпирикалық деңгейде соңғы жылдары зерттеле бастады. Қарым-қатынас, адамдардың бір - бірімен байланысы, оның барысында психикалық байланыс пайда болады, ол ақпарат алмасу, өзара әсер ету, өзара көңіл білдіру, өзара түсінісу түрінде аңғарылады. Соңғы жылдары ғылымда «қатынас» ұғымымен қатар «коммуникация» деген ұғым қолданылады.

Қарым-қатынас дегенiмiз қарапайым да күрделi проблема. Күнделiктi тұрмысымызда осы қатынассыз жасауымыз мүмкiн емес.
Адам арасындағы қатынастардың түрi келесiдей:
жеке жəне қызметтiк, дара жəне топтық, тең құқықты жəне тəуелдi, қарама-қарсылықты жəне дау-дамайлы. Жеке қатынастар екi адам арасындағы сүйiспеншiлiк пен жеккөрушiлiктен, сыйластық пен араздықтан, сенiм мен
күдiктенуден тұрады.
Мұндай сипаттағы қатынастардың пайда болуы əр жеке адамның қоғамдағы орыны мен мiндетiне тəуелдi емес. Егер ара қатынастар əрбiр адамның меншiктi қажеттерi сипатында қаралса, олар жеке қатынастар атанып, ал ара қатынас тұтастай жүйелiкке сүйенiп, екi, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретiнде қабылданса, топтық қатынастар деп аталады. Тең құқықты қатынастар- қатынас мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерi теңгерiлген жерде, ал тəуелдi қатынастар құқықтары мен мiндеттерi бiрдей болмаған жағдайларда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өз-ара терең сыйластық жайлаған ортада үйлесiмдi қатынастар нышан бередi. Топ iшiнде кейбiр тұлғалардың ұнамды ниеттерi екiншi бiреулердiң келеңсiз ниеттерiмен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой тiктейдi. Адамдардың бiр-бiрiне деген өшпендiлiгi болған жерде дау – дамайлы, жанжалды қатынастар өрбидi.
Адам аралық қатынастардан туындайтын ең қиын да қолайсыз құбылыс - бұл остракизм, қоғамнан аласталу, яғни кейбiр адамдардың көпшiлiк арасында сыйымсыздығынан ұжымдық қатынастан шеткерiлеп қалуы. Мұндай адамдар көпшiлiктiң жеккөрушiлiгiне тап болып, назардан тыс қалады, еленбейдi. Осыдан өз қатарларынан оң қатынас таба алмай, ақырында адамгершiлiк қасиеттерiнен айырылып, қауымдық өмiр тiршiлiгiнен айрылғандар да кездеседi.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет