Дәріс тезистері № апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі №1 дәріс Химиялық технологияның жалпы сұрақтары. Химиялық технологияның түсініктері, принциптері, негізгі заңдылықтары



бет1/11
Дата20.10.2023
өлшемі77,95 Kb.
#119927
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11





ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ



№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Химиялық технологияның жалпы сұрақтары. Химиялық технологияның түсініктері, принциптері, негізгі заңдылықтары
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Химиялық технологияның жалпы сұрақтары.
2. Химиялық технология түсінігі, ғылымның мазмұны.
3. Химиялық өндірістің технологиялық және техноэкономикалық көрсеткіштері.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Химиялық технология - жаратылыстық, өнім өндірудің әдістері мен процестері туралы ғылым (қолданыс және өндіріс заттары), мақсатты түрде технологиялық химиялық ауысулардың қатысуымен техникалық, экономикалық және әлеуметтік түрде жүзеге асады.
Химиялық технология ғылым ретінде: оқу пәні – химиялық өндіріс; оқу мақсаты – адамға қажетті өнімдерді өндіру әдістерін мақсатты түрде құру; зерттеу тәсілдері – экспериментальды модельдеу - және жүйелі анализ.
Химиялық технологияны әртүрлі белгілеріне байланысты бөледі – қолданылатын технологиялық процестердің сипатына байланысты, шикізаттың түзілу мен сипатына байланысты, өнімнің сипаты мен қолданылу қасиетәне байланысты.
Химиялық технологияны шаруашылық өмірдегі тарихына байланысты келесі түрге жіктейді:
А. Бейорганикалық химиялық технология
1) негізгі бейорганикалық синтез – қышқылдардың, негіздердің, тұздардың және минералды өнімдердің өндірісі;
2) жұқа бейорганикалық синтез – бейорганикалық препараттардың, реактивтердің сирек элементтердің, электроника материалдардың, дәрілік заттардың және т.б. заттардың өндірісі;
3) ядролық – хисмиялық технология;
4) металлургия - қара және түсті металдардың өндірісі;
5) силикатты өндіріс - тұтқыр материалдардың, керамиғкалық заттардың, шынының өндірісі.
Б. Органикалық химиялық технология
1) мұнай мен газды өңдеу – газ тәрізді сұйық және қатты табиғи көмірсутектердің (жағармай шикізаты) біріншілік өңделуі (біріншілік бөлу, тазарту);
2) мұнайхимиялық синтез – газ тәрізді сұйық және қатты көмірсутектерді, сонымен қатар көміртек және сутек оксидтерін өңдеу негізінде органикалық өнімдер мен жартылай өнімдердің өндірісі;
3) негізгі органикалық синтез – көмірсутекті шикізаттарға негізген органикалық өнімдердің өндірісі;
4) биотехнология – биологиялық процестердің негізінде жем – ашытқыларының, аминоқышқылдарының, ферменттердің, антибиотиктердің және т.б. заттардың өндірісі;
5) нәзік органикалық синтез – органикалық препараттардың, реактивтердің, дәрілік заттардың, өсімдікті қорғайтын заттардың және т.б. өндірісі;
6) жоғары молекулалық технология – жоғары молекулалыө қосылыстарды алу (ситетикалық каучук, пластмасса, химиялық талшықтар, қабат түзуші заттар);
7) өсімдіктік және жануар шикізатын өңдеу технологиясы.
Химиялық өндіріс - қажетті заттарды химиялық ауысулар жолымен шикізатты машиналарды және аппараттарда өңдеу кезіндегі процестер мен операциялардың жиынтығы.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша сұрақтар
1.«Технологиялық процесс» және «Өндірістің технологиялық схемасы» ұғымына анықтама беру. Технологиялық процестер мен схемалардың типтері.
2. Химиялық технологияның маңызды ғылыми принциптерін атаңыз.
3. Қарама-қарсы принципінің негізін ашу және технологиялық процестің үздіксіз принципі.
4. Химиялық және басқа да өнеркәсіп салаларының қалдықтарын және шикізатты комплексті қолдануға мысалдар келтіру.

1

№ 2
дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет