Дәрістер №5. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына салыстырмалы талдау Мақсат



бет1/2
Дата11.12.2023
өлшемі24,68 Kb.
#137080
  1   2


Дәрістер №5. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына салыстырмалы талдау
Мақсат. Аталмыш тақырыптағы біліми өнімді меңгеру.
Жоспар. Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына салыстырмалы талдау



Қазақстан Республикасы Оқу ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 5 тамызда № 29031 болып тіркелді

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 1 қарашада № 17669 болып тіркелді

11. Қазақ тілінде оқытылатын
оқушылар үшін «Әліппе», «Ана тілі» пәндері бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері «Әліппе» оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері «Ана тілі» оқулығымен 2-жартыжылдықта; орыс тілінде оқытылатын оқушылар үшін «Букварь», «Обучение грамоте» пәндері бойынша әліппеге дейінгі және әліппе кезеңдерінің міндеттері «Букварь» оқулығымен 1-жартыжылдықта, әліппеден кейінгі кезең міндеттері «Обучение грамоте» оқулығымен 2-жартыжылдықта жүзеге асырылады.



1) "Сауат ашу", "Қазақ тілі" қазақ тілінде оқытатын сыныптарда, "Русский язык" орыс тілінде оқытатын сыныптарда, оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда "Қазақ тілі", оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда "Русский язык", "Әдебиеттік оқу", "Шетел тілі";

«Математика және информатика» білім беру саласының мазмұны «Математика», «Цифрлық сауаттылық» оқу пәндерінде іске асырылады.

"Математика және информатика" білім беру саласының мазмұны "Математика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәндерінде іске асырылады

«Технология және өнер» білім беру саласының мазмұны «Музыка», «Көркем еңбек», «Еңбекке бауылу» және «Бейнелеу өнері» оқу пәндері арқылы беріледі»;

"Технология және өнер" білім беру саласының мазмұны "Музыка", "Көркем еңбек" және оқу пәндері арқылы беріледі




2-параграф. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып білім мазмұнына қойылатын талаптар 27. Бастауыш білім берудің үлгілік оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған. 28. Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қатынасының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен іскерліктерінің дамуын қамтамасыз етеді. 29. Орта білімнің іргелілігін сақтау және орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын мемлекеттік талаптарды орындау мақсатында инварианттық компонент жалпы сағат көлемінен бастауыш білім деңгейінде 90%-дан төмен болмайтын көлемде белгіленеді. 30. "Тіл және әдебиет" білім беру саласына енетін оқу пәндері:"Қазақ тілі"(қазақ тілінде оқытатын сыныптарда), "Орыс тілі" (орыс тілінде оқытатын сыныптарда), "Әдебиеттік оқу", "Қазақ тілі" (оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда), "Орыс тілі" (оқыту орыс тілінде емес сыныптарда), "Шетел тілі". 31. Қазақстан аумағында жинақы тұратын этностардың тілінде оқытатын білім беру ұйымдарында "Тіл және әдебиет" білім беру саласына осы этностың "Ана тілі" қосымша енеді. "Ана тілі" ("Ұйғыр тілі", "Өзбек тілі, "Тәжік тілі") оқу пәні үлгілік оқу жоспарының инвариантты компонентіне енеді. 32. "Математика" білім беру саласына"Математика" оқу пәніенеді. 33. "Жаратылыстану" білім беру саласына"Дүниетану" оқу пәніенеді. 34. "Адам және қоғам" білім беру саласына "Өзін-өзі тану" оқу пәні енеді. 35. "Өнер" білім беру саласына: "Музыка", "Бейнелеу өнері" оқу пәндері енеді. 36. "Технология" білім беру саласына "Еңбекке баулу" оқу пәні енеді. 37. "Дене шынықтыру" білім беру саласына "Дене шынықтыру" оқу пәні енеді. 38. "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсын міндетті меңгеру қамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын "Дүниетану" оқу пәнінің шеңберінде 10 сағат көлемінде бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады. 39. "Жолда жүру ережелері" оқу курсының мазмұнын6 сағат көлемінде сынып сағаттары есебінен және сабақтан тыс уақытта сынып жетекшілерінің жылдық жұмыс жоспарында тақырыптары мен мерзімі көрсетіле отырып іске асырылады.

Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 27 сағаттан аспайды

Бастауыш мектептегі білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі 29 сағаттан аспайды.

Сыныпты екі топқа бөлу жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
2) шетел тілі бойынша;
3) цифрлық сауаттылық бойынша (1 сыныптан басқа) бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру ұйымдарында сыныптардағы білім алушылар саны 24 және одан артық болған жағдайда, оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша сыныпты екі топқа бөлуге болады.
Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда барлық оқу пәндері бойынша сыныпты топтарға бөлу бір сыныпта 15 білім алушыға дейінгі толымдылықпен жүргізіледі.

Сыныпты екі топқа бөлу қалалық жалпы білім беретін ұйымдарда сыныптарда білім алушыларсаны 24 және одан артық, ауылдық жерлерде білім алушылар саны 20 және одан артық болғанда:
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда қазақ тілі бойынша;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда орыс тілі бойынша;
3) шетел тілі бойынша;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларбойынша;
5) өзін-өзі тану бойынша жүзеге асыруға болады

Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау 2-сыныптан бастап формативті және жиынтық бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Бастауыш білім беру деңгейінде бағалау 1-сыныптың екінші жартыжылдығынан бастап формативті және жиынтық бағалауды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

5-тарау. Оқу мерзіміне қойылатын талаптар

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 35 оқу аптасын, 2-4-сыныптарда 36 оқу аптасын құрайды.
Күнтізбелік жылдағы каникулдың ұзақтығы кемінде 115 күнді құрайды, оның ішінде оқу жылында кемінде - 25 күн.

Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныпта – 33 оқу аптасын, 2-4-сыныптарда 34 оқу аптасын құрайды.
Оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы кемінде 30 күнді құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет