Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде Дидактика туралы жалпы түсінік



бет1/3
Дата27.09.2023
өлшемі18,62 Kb.
#110575
  1   2   3

Дидактика педагогикалық ғылымдар жүйесінде

  1. Дидактика туралы жалпы түсінік.

  2. Дидактиканың оъекті, пәні, қызметтері және міндеттері. Дидактиканың категориялары.

  3. Дидактиканың негізгі мәселелері.

  4. Дербес әдістемелерді дидактикадан бөліп алу және оның олардың дамуына ықпалы.

  5. Үздіксіз білім беру жағдайындағы дидактиканың артуы.

Оқу барысындағы тəрбиелік ықпал мұғалім мен оқушы, оқушылардың өзара қатынасына жəне ұжымдағы психологиялық жағдайға байланысты. Педагогикалық процесс қатысушыларының арасындағы қарым-қатынас, тілдесу стильдері əрқилы болуы мүмкін: əміршіл-əкімшіл, демократиялық, либералдық. Бұл орайда қазіргі заман педагогикасының ұстанымы-мұғалімнің оқушыға деген ізгілікті (гуманистік), сыйластық қатынас жасауы, шəкірттерге белгілі шамада дербес, өз бетінше жұмыс алып бару мүмкіндігін беру жəне оларды оқу процесін ұйымдастыруға тартып, сенім білдіруі. Осылардың бəрі біріге оқушыға білім беру процесінің тең құқықты субъекті болатынын танытып, оның белсенділігін көтеруге жəрдемін тигізеді. Оқу адамды барлық уақытта тəрбиелейтіні белгілі, алайда ол тəрбие кейде қисынсыз бағытқа да бұрылып кетуі ықтимал, сондықтан оқудың тəрбиелік қызметін іске асыруда оқу процесін ұйымдастыруға, оның мазмұнын іріктеу мен əдіс, формаларын таңдауға байланысты тəрбие міндеттерін дұрыс түсініп алған жөн. Білім беру жəне тəрбиелеу қызметтерімен бір қатар оқу процесі балаға дамыту ықпалын да жасайды. Оқып, білім игере отырып, оқушы жан-жақты дамуы тиіс, яғни тұлғаның сөйлеу тілі, ой толғауы, сезімдік жəне қозғалыс ептіліктері көңіл-күй-еріктік, қажетсіну қабілетқасиеттері ілгерілі даму өзгерістеріне келеді. “Даму басы - оқу”(Л.С.Выготский)- бұл аса маңызды психологиялық заңдылық. Сабақ барысында мұғалім қаруы болған білім мазмұны, ол қолданған оқу формалары мен əдістері, сондай-ақ оқушылардың белсенді, саналы да əрқилы іс-əрекеттері – бəрі де даму өзегі. Дұрыс ұйымдастырылған оқу əрқашан дамыту қызметін атқаратыны сөзсіз, дегенмен оның нəтижелі іске асуы арнайы бағытбағдардың болуына тəуелді. Педагогика теориясы мен тəжірибесінде дамыту мақсатына орай ерекше оқу технологиялары нақтыланған: - ақыл-ой əрекеттерін кезеңмен дамыту бағыты (И.Я.Талызина); - теориялық материалдар көлемін арттыра беру (Л.В.Занков); - жоғары қарқын жəне қиыншылық деңгейінде оқыту (Л.В.Занков); - оқушылардың өз оқу əрекеттерін сезінуін қамтамасыз ету (Л.В.Занков); - проблемді оқыту (А.М.Матюшкин, М.И.Махмутов); - оқудың дамытушы əдістер жүйесін қолдану (И.Я. Лернер, М.Н.Скаткин); - оқудағы мазмұндық қорытындылау тұжырымы (В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин); - оқушылардың танымдық іс-əрекеттерінің белсенділігін көтеру əдістерін қолдану (Г.И.Щукин); - төңіректері қоғам, адам, өнермен қатынастардан болатын толғаныс, көңіл-күй, сезімталдық дамыту жолдары пайдалану арқылы оқу тиімділігін арттыру бағыты (Д.Кабалевский, И.Волков). Бүгінгі таңда оқудың дамытушылық қызметін жүзеге келтіретін талай технологияларын мұғалімдер табысты қолданып жүр (11- дəрісбаянда). Білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту қызметтерімен қатар педагогика ғылымында оқудың ынталандыру жəне ұйымдасу қызметтері де өз алдына қарастырылуда. Оқу процесін шəкірттерді алдағы оқутанымдық жұмыстарға еріксіз тартатындай, келер сабаққа ынтық болып күтетіндей дəрежеде құрастыру, оқушыны жаңаны білуге ынталандыратындай етіп ұйымдастыру қажет. Оқу процесінің жоғары да аталған барша қызметтері бір-бірінен оқшауланған құбылыстар емес, олардың бəрі өзара шартты байланыста əрі сабақ бөліктері мен кезеңдерінің бəрінде бірдей орындалып барады.
Оқудың əдіснама-дидактикалық жүйелері Оқу мəнін түсіндірудің бірнеше əдіснама-дидактикалық жолдары бар. Олардың ішінде аса кең танымал болғандары: 1) Гербарттық тəрбиелік оқу бағыты; 2) Дж.Дьюидің оқушы белсенділігіне негізделген оқу бағыты; 3) қазіргі заман демократияшыл дидактика бағыты. Тəрбиелік оқу бағыты. Негізін салған неміс философы жəне педагогы И.Гербарт. Ол Я.А.Коменскийдің дəстүрлі сынып-сабақтық жүйесін сындарлы түсінім тезіне сала отырып, оның кемшіліктерін көрсетті, онымен бірге этика мен психологияның соңғы жетістіктерін арқау еткен жаңа дидактикалық жүйе түзіп, ұсынды. Гербарттың пікірінше, оқу-тəрбиенің ең жоғары мақсаты – адамгершілікті, моральды, күшті мінезге ие болған тұлға қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет