Дидактикалық ойындар мен тапсырмалар


Сөйлемдерді тауып,көшіріп жаз



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата24.11.2022
өлшемі0,88 Mb.
#52389
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
4. Сөйлемдерді тауып,көшіріп жаз. 



Алма,алмұрт,өрік.Жанар аулада кітап оқып 
отыр.Ара,гүл,жапырақ,ұшты.Орманда құстардың 
сайрағаны естіледі.Аю қыста апанына 
ұйықтайды.Ауыл,көше,дала,қала. 
5. Тиісті сөздер қойып жаз. 
(Кімдер?) мектепте оқиды. (Қандай?) бала анасының тілін 
алады. Анар өшіргішпен (не істеді?). 
6. Берілген мақалдардың ішінен қарама-қарсы 
мағыналы сөздерді тап.
Бетегеден биік, жусаннан аласа.
Үлкенге- құрмет, кішіге – ізет.
Көз қорқақ, қол батыр.
Дос жылатып айтар, дұшпан күлдіріп айтар
Жақсымен дос болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен дос болсаң, қаларсың ұятқа.
Ағаш кессең, ұзын кес, қысқартуың оңай,
Темір кессең, қысқа кес, ұзартуың оңай. 
7. Шығармашылық тапсырма 
1. Құмырсқа сөзіндегі әріптерді пайдаланып басқа 
сөздер құрау. 
2. С әрпінен басталатын сөздерді ғана пайдаланып 
әңгіме құрастыру 
3. Қорқақ сөзіне мәндес сөздерді жазу. 
8. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды 
қойып,сөйлем құрастыру. 
Арша ағаш..... бір түріне жатады. Ол тау.... жерде өседі. 
Бой.. аласа болады. Оның өзіне тән хош иіс.. бар.Арша.... 
отынға пайдаланады.Емдік қасиеті де бар. 



9. Мәтіндегі заттың атын білдіретін сөздердің астын 
сыз. 
Біз сабақ туралы сөйлестік. Отан үшін отқа түс күймейсің. 
Жұма сайын үйге қайтамыз. Түске дейін жүзге жуық хат 
жібердік. Бұдан әрі оның сөзін ести алмадым. Мен 
әкеммен бірге кешке шейін жұмыс істедім.
10. Сөз құрамына талда: білімді, құрылысшы,адамдар. 
11. Көптік жалғауын жалға: гүл,кеме,нағашы. 
 
12. Мәтіннен сын есімдерді тауып жаз. 
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар - қызыл
қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл 
түстерді жеке арнайы жағдайда ғана көруге болады. Күн 
сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде жарықтың жеті 
түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет