Диплом жұмысы мазмұНЫ



бет1/14
Дата06.01.2022
өлшемі219 Kb.
#15168
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Бастауыш сыныптарда батырлар жырын оқытудың тәрбиелік мәні






ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ……………………………………………………………....3-5

Негізгі бөлім

І тарау. Батырлар жыры – тәрбие көзі ………………………..…6

    1. Батырлар жырының тәрбиелік мәні …………………….7-23

    2. Батырлар жырының идеялық нысанасын халықтық тәрбиемен ұштастыру ………………………………….…24-33

ІІ тарау. Бастауыш мектепте батырлар жырын оқытудың тәжірибе көзі ……………………………………………………...34-38

2.1. Бастауыш сыныптарда батырлар жырын оқыту мәселелері ………………………………………………………………………39-49

2.2. Ана тілі пәнінен батырлар жыры тақырыбы бойынша сабақ үлгілері …………………………………………………….50-63

Қорытынды ………………………………………………………64-66

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …………………………….…..67

Кіріспе

Қазір еліміздегі білім беру саласының алдында оқыту және тәрбие жұмысын әлі де жетілдіру, жандандыра түсу міндеті тұр. Анығында, бұл талап қай уақытта болмасын, күн тәртібінен түскен емес. Ал аталмыш мәселені шешуде педагогика ғылымының алдына қойып отырған мақсатының бірі - өскелең ұрпаққа халықтық педагогика негізінде білім беру және тәрбиелеу. Сол арқылы жаңа білімді игертіп, рухани азық беріп, ұлт болашағы ойландыратын азамат тәрбиелеу.

Қазақ халқының ұлттық-мәдени қайта өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды, объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен – ауыз әдебиетімен, оның жекелеген түрлерімен тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады.

Аталған мақсаттардың жүзеге асуы еліміздің оқу-ағарту жүйесінің үлесінде екендігі белгілі. Білім негізі бастауыш мектепте қаланады. Ал бастауыш білімі баспалдағындағы балалардың білімді, білікті азамат болуында ауыз әдебиетінің бай саласы – батырлар жырының алатын орны ерекше.

Батырлар жыры – баланың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектептің маңызды құралы. Бір өзінде тәрбиенің алуан түрі бар батырлар жыры өскелең ұрпақ бойына дене шынықтыру, ақыл-ой, эстетикалық, отансүйгіштік, еңбексүйгіштік тәрбиелерін дарытады.

Оқу мен тәрбие – егіз. Бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын табиғаты танылып тұрған үрдіс. Оның негізі бастауыш мектепте қаланады. Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы, қуатты жүрегі. Ал бастауыш мектептегі оқу-тәрбие жұмысының құрамды бөлігі – балаларға эпостық жырлар туралы толыққанды мағлұмат беру.

Жас ұрпақтың сегіз қырлы, бір сырлы азамат болып өсуіне бірден-бір атсалысатыны мектеп екені белгілі. Жас баланың санасы жазылмаған таза таспадай. Олай болса, “Білім негізі - бастауышта” дегендей, төменгі мектеп жасын үлгілі, тәрбиелі, өз тілін, әдебиетін, ұлтының дәстүрін жетік меңгерген талапты, ертеңгі күні ұлт болашағын ойлайтын азамат етіп тәрбиелеу – білім саласы қызметкерлерінің міндеті. Білім саласының қазіргі жаңа құрылымы мен оқытудың жаңа мазмұны мұғалімдер қауымына жас ұрпаққа білім беру ісінде жаңаша іскерлік пен жаңа технологияны ендіру міндеттерін шешуді талап етуде. Аталған міндеттердің орындалуы бастауыш сынып оқушысының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруда маңызды роль атқарады.

Бастауыш мектеп жүйесіндегі оқу пәндерінің ішінде балаларды халықтық педагогика негізінде тәрбиелейтін Ана тілі сабағындағы “Батырлар жыры” тақырыбының жас ұрпақ тәрбиесіндегі орнын, тәрбиенің түрлі саласында атқаратын қызметін, олардың ерекшелігі мен мәнін анықтау мақсатында диплом жұмысының тақырыбы “Бастауыш сыныптарда батырлар жырын оқытудың тәрбиелік мәні” деп аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет