Дипломдық ЖҰмыс 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»


«Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен бірлескен жұмысты ұйымдастыру бағытындағы ізденістер»



бет9/44
Дата07.01.2022
өлшемі45,31 Mb.
#18300
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44
«Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен бірлескен жұмысты ұйымдастыру бағытындағы ізденістер» атты екінші бөлімінде отбасы мен мектепке дейінгі ұйымның ынтымақтастығын арттыруға бағытталған ата-аналар мен тәрбиешілерге арналған әдістемелік нұсқаулар ұсынылады, тәжірибелік педагогикалық жұмыстың нәтижелері көрсетіледі.

Қорытындыда зерттеу нәтижелері беріліп, ұсыныстар айтылады.

I Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың теориялық негіздері

1.1 Мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың педагогикалық негіздері

Республикамыздың президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030», «Қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл – ауқатының артуы» атты халыққа жолдауында «Біз бүгінгі кезеңнің міндеттерін – біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында орасан зор жауапкершілік жүгін саралайтын әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелері алдындағы жауапкершілігін күнделікті есте ұстауға тиіспіз», - деп қазіргі отбасының әлеуметтік, мәдени, қоғамдық қызметі белсенділігінің маңызын жоғары бағалап, Республикамыздағы отбасылардың алдында қомақты міндеттер жүктейді.

Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік стандартында: ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды топтардың педагогикалық процесіне тарту мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен отбасының өзара іс-әрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін ұсынады. Сондықтан баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланысы қажет. Балабақша және отбасы ажырамас тәрбиелік орта болғандықтан, тәрбиелік қызметі зор. Мектепке дейінгі қызметкерлердің басты мақсаты - жеке тұлғаны қоғамдық өмірге қалыптастырып, баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасы, балабақшамен тығыз байланысты.

Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасады. Ата-аналардың педагогикалық және психологиялық сауаттылығын мектепке дейінгі ұйымдармен өзара тығыз іс-әрекет негізінде арттырудың маңызы зор. Отбасындағы тәрбие мақсатына субъективтік рең беретін нәрсе ол әрбір ата-ананың өз баласын қандай етіп өсіргісі келетіндігі жөнінде түсінігінің болуы. Мұнда баланың жеке ерекшеліктері және бейім қабілеттері назарға алынады.

Көбінесе, ата-аналар жалпы өз өмірлері, алған білімдері барысындағы кездескен кедергілер мен жіберген кемшіліктерін есепке ала отырып, балаларын басқаша тәрбиелеуге күш салады. Тәрбие мақсатында сондай-ақ сол отбасының ұстанатын этикалық, діни, мәдени дәстүрлері де есепке алынады.
Отбасы мүшелерінің сондай-ақ отбасы мен балабақшаның арасындағы, тәрбиелеу ұғымындағы кереғар пікірлер баланың жалпы дамуы мен жүйке психикасының дамуына кері әсерін тигізбей қоймайды.

Жекелеген нақты отбасыларындағы тәрбие мақсатын анықтауда ата-аналар балалардың жеке және жас ерекшеліктері туралы, олардың даму тенденциялары кезеңіндегі ерекшелігі туралы біліктік түсініктердің болмауы салдарынан қателіктерге ұрынып, тығырыққа тіреледі. Сондықтан ата-аналар кәсіби маманданған педагогтармен жиі ақылдасып, бала тәрбиесінде көмек алып отыруы қажет. Егер де тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бір-біріне қарама-қайшы келсе, онда бала психикалық қысымға тап болады.

Мектепке дейінгі ұйымның отбасымен бірлескен жұмысын ұйымдастыру төмендегідей мақсатты көздейді:


  • ата-аналармен бірлесе отырып баланың тұлғасын дамыту;

  • бірыңғай білім беру кеңістігін қалыптастыру;

  • балардың өмірін қорғау және денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау;

  • баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасымен бірге эмоционалды жағдай туғызу;

  • психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету.

  • отбасының тәрбиесін, әдептерін, дәстүрлерді сақтауын ескере отырып, балаларды әлеуметтік ортаға қарым-қатынас мәдениетімен таныстыруға ықпал жасау.

Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бала тәрбиелеуде осындай міндеттерді іске асырушылар- балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада іске асырылған тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана мақсатымыз нәтижелі болмақ.

Отбасы тәрбиесіндегі кездесетін сәтсіздіктер ата - аналардың педагогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата - аналарға көмектесу тәрбиешілердің міндеті.

Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» - деген қазақ халқының мақалы осы жерде орынды болар. Тек қана балабақша мен ата-аналардың тәрбие мәселелерін жұмылдыра, бірлесе шешуі және оқу-тәрбие процесіне отбасыларды белсенді қатыстыру барысында ғана, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеудегі қойылған мақсаттары мен міндеттеріне жетеді.

Соңғы жылдары отбасылық тәрбиені одан әрі жетілдіруде ата-аналардың жауапкершілігін күшейтудің қажет екендігіне үкімет аса мән беріп отыр. Мұнда бала тәрбиесі ата-аналар алдында тұрған әрі күрделі, әрі жауапты іс екендігі ескеріліп отыр. Өйткені алғашқы тәрбие мектебі, отбасылық кезеңдегі баланың өмірі мен іс-әрекеті оның санасында өшпейтін із қалдырады. Отбасы бала үшін еш уақытта ұмытылмайтын орта болып қалады. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бір-бірін қадірлеуімен, әсіресе баланың қартайған әке –шешелеріне ерекше құрмет көрсетуімен сипатталады. Осыны ойға азық, тілге тірек ете отырып, көпті көрген атақты жырау:

«Меккені іздеп нетесің,

Меккеге қашан жетесің?

Әзір мекке алдында,

Пейіліңмен сыйласаң

Атаң менен анаңды» - деп ата-ананы шынайы сыйлаудың өзі Меккеге барғанмен бірдей екенін түсіндіріп, яғни ата-ананы құрметтеу керектігін меңзейді.

Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді. Бұл қарым-қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарым-қатынас» деген түсініктермен анықталады. Мектепке дейінгі мекеме педагогтары мен ата-аналардың өзара сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға болады:


- педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
- іс-әрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
- балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
- қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
- әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет