Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Алматы облысының туристік рекреациялық географиясы»


Алматы облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи территориялардың табиғи-танымдық турларды ұйымдастырудағы қолдану



бет12/21
Дата06.01.2022
өлшемі380,5 Kb.
#13011
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
2. Алматы облысында орналасқан ерекше қорғалатын табиғи территориялардың табиғи-танымдық турларды ұйымдастырудағы қолдану.

Территориялардың игерілуіне қарай, соның ішінде туристік игеруде табиғаттың алғашқы кейпінің кем дегенде бір бөлігінің қорғанысын қамтамасыз ету проблема туғызады. Сонымен қатар бөлек қолдан жасалған объектілерді, олар өз алдына берілген мемлекетте, қоғамда немесе адамзат баласына мәдени тарихи құндылыққа ие болатын жерлерді қорғау және сақтау көзделеді. Осы үшін әлемдегі әр мемлекетте құрлыққа немесе су кеңестігінің бөлігі бір жерлерде адам шаруашылықты қатаң шектеулі, немесе мүлдем тиым салынған. Солардың ішінде мысал ретінде Алматы болысындағы келесі түрлерді ООПТ (16):

-Ғылыми қорық, қорғалатын территория, бұл жерлер тек ғылыми негізде ғана қолданылады, мысалы Алматы қорығы, ол жерде жануар әлемінің ерекше түрлері сақталған;

-Ұлттық парк, ол ерекше табиғи және ландшафты территория өз кезегінде ұлттық немесе халықаралық мәні бар жерлердің сақатлуы үшін құрылады, 300-ден артық ірі ұлттық парктер әлемде таралған. Алматы облысында Іле-Алатау және Алтын-Емел (16 )деген екі табиғи парктер бар.

-Табиғат ескерткіші, табиғи немесе қолдан жасалған мәдени-тарихи көрікті жерлер, ол қолдан жасалған жерлер мен объектілерді сақтау үшін ұйымдастырлады. Оларға Шыңтүрген шыршалары және реликтовая-ясеневая роща.

-Жабайы жануарлар қорығы, жекелеген жануарлардың популяциясын, биологиялық қауымдастық таптарын сақтау үшін адамның жоспарлы бағытталған араласуы қажет болады. Алматы облысында олар 8-Алматылық (кешенді), жоғарғы Көксу зоологиялық, Кукан зоологиялық, Лепсі зоологиялық Тоқты зоологиялық, Балхаш зоологиялық, «Іле дельтасы» зоологиялық, Қараой зоологиялық арнаулы (17).

-Қорғалатын ландшафт, ол табиғи ландшафтың ерекше элементтері мен ғажайып құбылыстарды сақтау үшін ұйымдастырылған. Бұл жердің ландшафтында жол салумен, өндірістік объектілер мен ғимараттар, электро тасымалдаушы линиялар салуға тиым салынған. Қоғамдық қолданысқа туризм және дем алысқа әдеттегі өмір шеңберінде және сол район (аумақ) экономикалық қызметі аясында ұсынылады. Мысалы, табиғи ескеркіш-Шарын каньоны.

Одан басқа, адам қолымен жасалған жасанды жерлер, ерекше немесе жоғалуға жақын жануралар мен өсімдіктер түрік табиғи ландшафта сақтау үшін бөлінеді. Оларға Алматы қаласындағы басты ботаникалық бақты жатқызуға болады. Және де Іле боаникалық бағым мен Алматы зоологиялық паркі мысал болады (17).

Туризм Қазақстанның шаруашылық қызметінің маңызды бөлігі болып қалыптасып жатыр және ол белгілі бір қорғалатын территрияларда жоспарлы және бақылау арқылы жүзеге асырылады. Көптеген әлем елдерінде ұлттық паркте, басқа резервация және объектілерде өзін өзі қаражаттайтын және табиғат қорғанысының құралы ретінде белгілі. Бірақ көбіне аталған территориялар сол елдің бюджетінен, халықаралық ұйымдар көмегі арқылы әсіресе егер олар ұлттық юрисдикция шеңберінде орналасқан жағдайда қарастырылады. Бұл үшін туризмнің реттелуі және жоспарлығы және территорияның немесе объектінің өткізу мүмкнідігінің деңгейін қадағалау көзделеді. (26,27).

Қазақстандағы парктер экожүйесі елеулі ықпалға берілмеген және адам шаруашылығы нәтижесінде өзгеріске ұшырамаған, өсімдік пен жануарлар әлемі алғашқы қалпында сақталып, геоморфология мен қоршаған орта ерекше қызығушылық тудыратын соған қоса өте әдемі ландшафты жерлер құрайды. Осындай практер мемлкеттің жоғарғы органдарының шешімі немесе халықаралық ұйымдардың ақылдасқан шешімі арқылы құрылады, мысалы ЮНЕСКО (19) (Қосымша А).

Жоғарыда аталған ерекше қорғалатын территорияларды қарастырайық.

Табиғи ескерткіштер.

Ясеневая роща. Сртоғай шатқалында орналасқан. Ясень- реликті ағаш. Палеонтологиялық олжаларға қарағанда, бұл ағаш палеоген дәуірінде өскен. Ясень мұздық қатаң дәуірден аман шығып төрттік дәуірге дейін жеткен. Көптеген миллион жылдар өтті. Тау қыраттар, климат, жер кедбеті, жануралар жаңа түрі пайда болып қайта жоғалып жатты, өсімдіктер -барлығы өзгеруіне ұшырады, тек бұл ағаш қана өзгермеді. Бұл территорияда негізінде солдат ясень өседі.

Ботаниктер оны өзен сүйкіш деп атаған, себебі сол тек өзен жағасында ғана өседі. Ясеннің бұл түрі тек осы жерде сақталған, Шарын өзенінің төменінде, каньонда Темірлік өзені боында. 1964 жылдан бастап бұл жер табиғат ескеркіші атағына ие болды. Ағаш кесуге тиым салынған. Бұл жерді көптеген күтушілер қарайылдайды. Аумағы 4855 га, бірақ ағаштың алатын жері тек 800 га. Бұл ағаштан бөлек қара туранта, лох, үлкен жемісті терек кезедседі. Ясень жапырағы ең қою жасылы, сұр жапырақты. Э.К. Бердин ботанигі ясеньді зерттеуші, назар аударарлық тұжырым жасады; гидрологиялықрежим өзгергендіктен, топырақ құрамы өзгері, осының нәтижесінде ясеневая рощаның табиғи қалпына келуі кідіріп қалды. Осы ясеневая роща бойымен көптеген километрге ежелгі қорғандар тізілін жатыр. Олар өте көп, жүздеген ірі тастардан қаланған үлкен емес. Сартоғайдың үлкен қорғандары Жетіөзен ауданының қорғандарынан өзгеше ерекшеленеді. Бәлкім, бұл ерекше тайпаның тұрғындарының өзгешілігі шығар. Қорғандар ірі шеңбермен немесе шаршы болып тастармен қоршалған. (22).

Шынтүрген шыршалары. Алматы облысының оңтүстігінде, Іле Алатауының Бозгүл шатқалында Шынтүрген шыршалары бар. Бұл солтүстік қара қылқан жапырақты тайга мұз дәуірінен сақталып қалған, үлкен ғылыми құндылыққа ие. 1968 жылдан бастап Шынтүрген шыршалары Қазақстанның табиғи ескеркіші болып жарияланды.

Болашағы бар табиғи ескеркіштері және көрікті жерлер.

Ерекше қорғалатын территориялардан басқа да мемлекет көңіл бөлуге тиіс табиғи объектілер көп. А.В. Чигаркин: «. . . Қазақ ССР территориясында ресми түрде 3 табиғи ескеркіш бар. Дегенмен мемлекет қорғанысын күтіп отырған табиғи жерлер өте көп. Қоғамның қызметін міндеті-табиғаттың жаратқан құндылықты анықтау және сақтау.» (22). Қазіргі кезде республикалық мәні бар 25 табиғи ескеркіші бар, бірақ мемлекет қолдауысыз 65 объект бар. Олар ресми ақпартқа болашағы бар табиғи ескеркіш болып танылды.

Алматы облысында алатауы орналасқан:



  1. Шарын каньоны (ландшафты-палеонтология ескеркіші)

  2. Жабартау (палеонтологиялық).

  3. Құрты (палеонтологиялық)

  4. Шыпталы (палеонтологиялық)

  5. Қарағашты роща (ботаникалық)

  6. Жаңғақ рощасы (ботаникалық).

Шарын өзені каньоны. Немесе «Долина Замков». Шарын өзені каньондары Алматы облысының шығысында, Алматыдан 193 км қашықтықта орналасқан. Терең каньон ішімен өзен өтеді. Басында жан жаққа кең тарап, тұнығында Ақтобай шатқалы құрайды. Тоғай орманы, бұл жерде түрлі аң мен өсімдіктер кездседі. Кейін каньонның қатаң жағалауы тарылып, жазықтықты кесіп өтеді де, биік тасты Торайғыр жотасының қоршауынан өтеді. Жотадан өте сала, өзен терең каньоны суын апарады, ол жерде адам тұрмайды және тасты шөл жер. Келесіде каньон қабырғасы жан жаққа таралып, Шарын кең жазықтыққа, Сартоғай шатқалына төгедіканьонның жалпы ұзақтығы 154 км.

Кезінде, 25 миллион жыл бұрын, бұл жерде үлкен көл болған, түбіне ашық су мен ұсақ щебень. Кейін кқл суы тартылып, 200-300 метр болатын туб қалындығында, күшті сулар көптеген үңгір мен саңылаулар кескіңдеді. Шарын өзені каньоны керемет тектоникалық және геологиялық полиогн. Кайнозой таулы породасы сарғышыл ақтас-саз тунбасымен магмалық және тұнбалық породасы Торайғыр жотасында білінеді.

Биіктігі 300 м-ге дейін жетеді, төменгі карбон (300 мың жыл бұрын) дәуіріне сәйкес көптеген қазба фаунаны кездстіруге болады.

Көптеген миллиондаған жылдар бойы су, күннің көзі және жел осы каньонға алуан түрлі бейне берді. Кейде олар үлкен қаланың қираған бөліктері, немесе құбықтарға, не болмаса жануар, колонна, мұнара, андарға ұқсатуға болады. «Долина Замков», «Ущелье ведьм» атты жерлер өзінің ерекшеліктерін белгісі, мысалы жол бір шынтақтыққа дейін таралып кетуі, «Чертово ущельесі» жол тіптен жарға тіреледі. әдемі, көрікті, ежелгі, кескіндеулі- бұл каньон қатаң келбеті мен қатты әсер бероеді. (23). Каньон танында қоян, жылан, келтіргімтерді, түрлі құстарды кездестіруге болады.

Алматы облысының қорықшалары.

Алматы кіші қорығы. Кіші қорық 1953 жылы табиғи ландшафтың, сирек және жоғалып кетуге жақын жануралар түрлерін Іле Алатауы зонасында қорғау үшін ұйымдастырылған. Теңіз деңгейімен 100-3400 метр биіктікте орналасқан. Ауданы 427 мың гектар Кіші қорық территориясында 590-нан астам жоғарғы және төменгі белгілі. Ал, аркар, қар барсы, Тянь-Шань аюы, сияқты жануралар ССР Қызыл Кітабына енген.

Қарағай мемлекеттік кіші қорық. Республикалық мәні бар осы кіші ұорық 1979 жылы құрылды. Ауданы 509 мың га, Алматы облысы, Балхаш районы «Ақкөл», «Көктал» совхоздарының жерінде орналасқан. Кіші қорық территориясы Оңтүстік «Ақкөл» ауылы, Батыстан- Жиделі өзенінің саласы, Солтүстіктен Балхаш көлінің жағалауы, Шығыстан Бақанас-Қараой автожолымен шектеледі. Шөлді жерлер сексеуіл, шенгел және Іле өзенінің жайылым батпақты жерлеріне ұласады, уақытша суқоймалар кездеседі. Жағатайында қабан, елік, ондатра, қырғауыл және басқа аңшылық-өнім аңдары кездеседі. Шөлді жерлерде-жайрап, өтек, Қарабөкті шілдер, саксаульная сойка, түлкі, қарсақ, құлақты кірпі, саршұнақ және қосаяқтардың бірнеше түрлері.

Кіші қорықта аңшылыққа және өсімдік өртеуге тиым салынған, өндірістік мақсатқа ондатр ұстауға болады, және оның дұшпандарына (қасқыр, түлкі, қарсақ, ит) аңшылық Бақанас ондатрыверопромхоздың штаттық аңшыларына рұқсат етілген. (30,35).

Қапшағай мемлекеттік аңшы-қорықшылық шаруашылық.

Бұл шаруашылық 1982 жылы архар, жайран, құлан, қарабок шіл саның сақтау және ұлғайту, және эфедра хвощевой, Іле феруласы, Закавказ каракасын қорғау үшін құрылған. Қапшағай су қоймасының солтүстік жағында орналасқан. Жоңғар Алатауының оңтүстік бөлігін қамтиды. Аумағы 521,6 мың га. өсімдік әлемі шөлдаладай: турата, лох узколистый, шенгел, ақ және қара сексеуіл. Бұл территорияда 40 тан астам жандар және 80 нен астам құсі түрі бар. (10).



Жоғары Көксу мемлекеттік зоологиялық кіші қорық.

Қорық КСРО министрлер одағы қаулысымен №1 16.03.1981ж., аумағы 240 мың га құрылды. Уақыты Совмин КСРО №69 17.02.1986 созылып, «кіші қорық Республикалық мәні бар уақыты шектеусіз болды. Бұл кіші қорық Жоңғар Алатау оңтүстік-батыс жағында екі әкімшілік райондарында Панфилов және Гвардейский орналасқан.



Лепсі мемлекеттік кіші қорық.

Талдықорған облысының исполкомының Халық депутаттар кеңесі шешімімен 150 мың ға жерде құрылды. Кйін 27.07.1982ж. №263 жарғы, территориясы 258 мың га-ға үлкейтіп және 10 жылға ұзартады шекарасы шығыстан Глиновка ауылы Үйгентас (Андреевка) районы бойымен Тастау өзеніне дейін. Оңтүстікке Тасату өзенінен Тентек өзеніне дейін, батыстан Тентек өзенінен Герасимовка ауылына дейін, солтүстігінен Держинск және Глиновка ауылы.



Қоқан мемлекеттік кіші қорық. Талдықорған облисполком №454 шешімі, 30.12.1971ж. аумағы 48600 га 1974ж. 28 маусым облисполком №232 шешімімен аумағы 49100 га-ға дейін ұлғайтты. 27.07.1982ж. №264 облисполком шешімі бойынша кішіқ орық мерзімі бұрыңғы шекарамен 10 жылға ұзартылды. Қоқан кіші қорығы Балхаш көлі жағалауында, Бурлитобинкс районы территориясында орналасқан.

«Реликтовая чайка» мемлекеттік кіші қорығы.

05.09.1978ж. КССР министр кеңсесінің №348 қаулысы бойынша кіші қорық республикалық мәні бар жер болды. Ұзақтығы-тұрақты. Аумағы 3300 га. Алакөл районы жерінде орналасқан, оның ішінде «Үлкен Аралтөбе», «Кішкене Аралтөбе», «Орта», «Бузымянный», «Урочище», «Шұбар түбек» аралдарында орналасқан.



Тоқты мемлекеттік кіші қорығы. 26.01.1981ж. КССР.

Министр кеңесінің №29 қаулы бойынша 10 жылға, аумағы 187 мың га, шекараларына ст.Достықтан оңтүстікке қарай Сары қора шатқалына дейін, мемлекеттік шекара бойымен батысқа қарай Көксуат өзенінің бастауына дейінгі жер. Солтүстік шегі Көксуат өзен бастауынан Қызылтал өзені бастауына дейін, солтүстік-батыс шегі Қызылтал өзеніне Көктума ауылына дейін тура жер. Шығыс шегі Көктулға ауылынан темір жол бойымен достық станциясы дейінгі жер. (10).

Алматы қорығы.

Іле Алатау бөктерінде, Алматы қаласының жанында деңгейінің және Есік өзендерінің бассейндерінде, теңіз деңгейінің 140-4974 м биіктікте, территориясының ауданы 90,0 мың га болатын. Алматы қорығы орналасқан. Бұл қорық 1931 жылы құрылды. өсімдіктер және жануар әлемі алуан түрлі жабайы алма қопалары, өрік, долана ағаштары және де басқа жеміс ағаштары Тянь-Шань шыршалары орманына ұласып, ал Нивальді белдеуде жалаң тастар, мұздықтар және фирновый алаңдармен ұштасады. (18).

Бұл қорық Іле Алатауының солтүстік бөлігінің флора мен фаунасын сақтау және зерттеу мақсатында құрылған. Осы территоияда өсімдіктің 961 түрі, соның іінде сирек кездесетін 26, жануардың 38 түрі, негізгісі морал кабан, сібір тау ешкісі, қасқыр, елік. Сирек кездесетін жануарларға ТяньШань аюы, қар барсы, Түркістан сілеусіні. Құстар саны 200-ге жуық, соның ішінде кекілік, ұлар, қырғауыл, құр, сиректері-бүркіт, көк құс, күшіген.

Мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар.

Қазақстанның ұлттық паркілері қазіргі кезде ғылыми негізде қалыптсауының алғашқы сатысында. Зерттеу жұмыстарының шектеулігі арнайы қарытландыру мен мамандырылған кадрлардың жетіспеушілгінен. Соған қарамастан, Іле Алатау ұлттық паркі 1993 жылы ҚР Ғылым Академиясының ғылыми мекемелерін өз күшімен тарту нәтижесінде жұмысын бастады. (19). Жаңа құрылған ұлттық парктің ғылыми бағдарламасы ұлттық парктің табиғаттың инвентаризацияға болғаны мінсіз. (29).

Ұлттық парк территориясында бірнеше кішігірм шатқал бар, бөлек сирек зоологиялық жерлер, минералды көздер, кескіндеме тастар, мұздықтар, көлдер мен құлама сулардан тұрады. Олар 1981 жылы одақтас оргадармен бекітілген табиғат ескеркіш ретінде танылған. Барлығы 22. солардың ішінде 1-уі ғана мемлекеттік мәңгі ие, 01.1986ж. 14 ақпан КазССР Мнистр қаулысымен №69 болып бекітілген, ол Шынтүрген шыршалары. Қалғандары жергілікті құны бар табиғат ескеркішке жатады.

«Алтын Емел» ұлттық паркі. Үлкен және кіші Қалқан мен бірге Әнші бархан Каз ССр Мнистрлер кеңесінің 1966ж. 12 қантардан бекітілген, Алматы қорығына бағытанытн 17 мың гектар жерді алады, Іле Алатау тауларының бөктерінде Алматыға жақын орналасқан. Бұл территорияның басты қорықтан алыс орналсады. әнші Барханның сақтығын қамтамасыз етуін қиындатты. Кейін он бес жылдан соң оны Алматы қорығынан бөлек шығарады. Қорық мәртебесін сақтап қалдырып, Қапшағай аңшылық шаруашылығына өткізілді, ал Шолақ, Матай, мыңбұлақ таулар территриясында орналасты. Ол өте көрікті көірінске ие.

Бархан, яғни құм тау ұзындығы 1,5 км және биіктігі 120м. Бархан Қалқандардың қырынан құралған өзгеше бір коридор тәріздес аралықта орналасқан. Бұл құмтау желдің нәтижесінде Іленің бойындағы құмды ұшырып осы жерде үю барысында пайда болған.

Құрғақ ауа райында құм бархан басынан себелеп түсіп, өзен пайда болады. Күші ұлғая беріп ысқырығына тең болады. Ұқсас жағдайлар жер шарының әрбір бөлігінде кездеседі. Арабия шқлінде, Гавайи аралында, Америкада, Қытай, ТМД елдерінде (Қара, Балтық, Ақ теңіз, жағалауында, Ока, Днепр, байкал жағасында) (30).

Ұзақ уақыт б ойы құм әуені құпия болды. 1962 жылы Арабаджи лениграф физигі әнші барханға біршама бақылау жүргізіп, құм әуенін ұнтаспаға түсіріп, температураны өлшеп, желдің күшімен бағытын бағдарлап, құм фракциясын аннықтады.

Көптеген туристер Әнші барханға барғанды ұнатады, және оның 3 тыңының біріне шығып Іленің және Іле Алатау қыратының әдемі көрінісін тамашалайды. Егер бархан әуендетпесе, шыдамсыз саяхатшылар ән айтуға «мәжбүрлетеді» ол үшін оңтүстік беткейінен тез сырғып жүгіріп өту керек, сол мезетте аяқ астынан құм төгіліп, барханның түбінен гүбірлеу естіледі. Кейде бархан дәлелдей де бастайды, жер сілкінуге өте ұқсас.

Осы аңшылық шаруашылық директоры қорықшы санын ұлғайтты. Қазақстан тәуелсіздігін жария ете салысымен, бұл жер аумағын ұлттық табиғи паркке айналдырды. Сонда не өзгеріс болды? Ұлттық парк арнайы белгілерімен шекарасы белгілендеген, тек бір жерде ғана, осның өзі аңшылық шаруашылық жайлы жазылған. (19). Ол бұл жерде практің тіптен бар екендігіне күмән келтіреді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет