Диссертацияларыныњ негізгі ѓылыми нєтижелерін жариялауѓа арналѓан басылымдар тізіліміне енгізілген Ќр бѓм бѓсбк 19. 03. 2009 ж


Конституционное и административное право



Pdf көрінісі
бет6/25
Дата31.01.2017
өлшемі8,75 Mb.
#3099
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

37
Конституционное и административное право
24. Шматова Е.С. Муниципализм на Западе и в России: цивилизационные  модальности и со-
циальные организации: дис... канд. филос. наук: спец. 09.00.11 / Е.С. Шматова. – Ростов-на-Дону, 
2005. - 201 с.
25. Шматова Е.С. Смысловые перспективы муниципализма: цивилизационные модальности и 
социальные организации / Е.С. Шматова. – Ростов-на-Дону: Изд-во СКНЦ ВШ, 2006. - 176 с.
26. Шматова Е.С. Цивилизационная матрица и муниципализм / Е.С. Шматова // Социальные ком-
муникации в российском обществе: материалы регион. межвуз. науч.-практ. конф., 27 апр. 2006 г. 
/ Под ред. проф. Ю.Г. Волкова, доц. И.А. Дьячука. – Новочеркасск: УПЦ «Набла» ЮРГТУ (НПИ), 
2006. 
27. Шматова Е.С. Цивилизационные детерминанты муниципализма / Е.С. Шматова // Рубикон: сб. 
науч. работ молодых ученых / ФГОУ ВПО «Юж. Федер. ун-т». – Ростов-на-Дону, 2007. – Вып. 43. 
28.  Ящук  Т.Ф.  Организационные  основы  местной  власти  в  РСФСР  в  период  нэпа.  Историко-
правовое исследование: автореф. дис... докт. юрид. наук: спец. 12.00.01 «Теория и история права и 
государства; история учений о праве и государстве» / Т.Ф. Ящук. – М., 2008. - 39 с.
29. Ящук Т.Ф. Формирование отечественного муниципализма 1920-х годов / Т.Ф. Ящук // Юристъ-
Правоведъ. – 2007. – №2. 
Мақалада  «муниципализм»  санатының  мәні  ашылады.  Қазіргі  кездегі  конституциялық  және 
муниципалдық  құқық  санаттары  жүйесіндегі  оның  орны  көрсетілген.  Осы  күнгі  муниципализм 
жүйесінің элементтері аталып, олардың мәні түсіндіріледі.
В статье раскрывается сущность категории «муниципализм». Показано ее место в системе 
категорий  современного  конституционного  и  муниципального  права.  Выделяются  элементы  си-
стемы современного муниципализма и раскрывается их сущность.
In the article the contest of the category «municipalizm» is given. Its place in the system of categories 
of modern constitution and municipal law is shown. The elements of system of modern municipalizm are 
defined and its contest is analyzed.
● ● ● ● ●
түйін  сөздер:  қазіргі  муниципализм,  муниципалдық  билік,  тұлғаның  муниципалдық  құқығы, 
муниципалдық  құқық,  жергілікті  өзін-өзі  басқару,  муниципалдық  қоғамдастық,  муниципалдық 
құқық санасы, муниципалдық құқықтық ңұсқау жолдары, бостандық, тәуелсіздік, демократия.
ключевые слова: современный муниципализм, муниципальная власть, муниципальные права 
личности, муниципальное право, местное самоуправление, муниципальное сообщество, муници-
пальное  правосознание,  муниципальные  правовые  установки,  свобода,  независимость,  демокра-
тия.
Keywords: modern municipalism, municipal power, municipal human rights, municipal law, local self-
government, municipal communities, municipal sense of justice, municipal legal orientations, freedom, 
independence, democracy.

№ 1 (25) 2012 г. Вестник Института законодательства Республики Казахстан
38
Өміртай Роза,
Абай атындағы ҚазҰПУ Азаматтық құқықтық пәндер
кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты
ҚАзАҚСтАНДАҒы бОСҚыНДАРДыҢ кОНСтИтуЦИялыҚ 
ҚҰҚыҚтыҚ мӘРтЕбЕСІ ЖӘНЕ бОСҚыНДАР мӘРтЕбЕСІН 
бЕРуДІҢ ҚҰҚыҚтыҚ ІС-ҮРДІСІ
Егемендігіміздің  20  жылдық  тарихында 
отандық  құқық  ғылымындағы  жаңалықтардың 
бірі  –  босқын  атты  құқық  субьектісінің  пайда 
болып,  құқықтық  ғылым  тұрғысынан  зерттеле 
бастауы,  адам  құқығының  бір  саласы  ретінде  - 
босқындар құқығының қалыптасуы болып табыла-
ды. Бұлайша айтуымызға себеп, Қазақстанда мем-
лекет  қабылдаған  нормативтік  құқықтық  актілер 
негізінде  босқындармен  байланысты  қоғамдық 
қатынастар  реттеліп,  босқын  мәртебесі  берілуде. 
Осы  жаңа  құқықтық  қатынасты  зерттеу  құқық 
ғылымында өзіндік орны бар өзекті мәселеге айна-
луда. Себебі, ол мемлекеттің қауіпсіздігімен тығыз 
байланысты. Біздің мақсатымыз жеке тұлғалардың 
құқықтық  мәртебесінің  ең  әуелі  конституциялық 
құқықтан  бастау  алатындығын  ескере  отырып, 
босқындар мәртебесін конституциялық құқықтық 
ғылым тұрғысынан зерттеу. 
Отандық  ғалым  Ибраев  Н.С.  құқықтық 
мәртебе  заң  әдебиеттері  мен  зерттеушілердің 
пікірінде мынадай мағынада анықталады дейді: 
«В  юридической  литературе  правовой  статус 
определяется как юридически закрепленное по-
ложение  субъекта  в  обществе,  фиксирующее 
фактический (социальный) статус лица, его ре-
альное положение в обществе.
Большинство исследователей определют пра-
вовой  статус  как  признанную  Конституцией  и 
законодательством совокупность прав и обязан-
ностей субьектов, а также полномочий государ-
ственных органов и должностных лиц, с помо-
щию которых они выполняют свои социальные 
функции.  Именно  право  и  обязанности  состав-
ляют ядро правового статуса. Слово «статус» в 
переводе с латинского означает «положение, со-
стояние кого-либо или чего-либо» [1, с. 84-88].
Қазақстан  Республикасының  Босқындар  ту-
ралы заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес 
босқын  мәртебесі  Уәкілетті  органның  шешімі 
негізінде  беріледі.  Уәкілетті  орган  дегеніміз  – 
босқындар  мәселесі  бойынша  қатынастарды 
реттеу  саласында  басқаруды  жүзеге  асыра-
тын  мемлекеттік  орган  [2].  Уәкілетті  орган 
босқын  мәртебесін  беру  туралы  өтінішхат 
тіркелген  күннен  бастап  үш  ай  ішінде  босқын 
мәртебесін  беру  туралы  шешім  қабылдайды. 
Ал, егер шешім қабылдау үшін қосымша тексе-
ру қажет болған жағдайларда, түпкілікті шешім 
шығару  бір  жылдан  аспайтын  мерзімге  кейінге 
қалдырылады.  Аталмыш  заңда  «пана»  ұғымы 
анықталған. Бұған дейінгі құқықтық құжаттарда 
«баспана» ұғымы қолданылатын еді. Пана – пана 
іздеген  адамға  босқын  мәртебесін  беру  жолы-
мен  Қазақстан  Республикасының  аумағында 
қорғаудың ұсынылуы. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 
13-бабына  сәйкес  әркімнің  құқық  субъектісі 
ретінде  танылуға  құқығы  бар  және  өзінің 
құқықтары  мен  бостандықтарын,  қажетті 
қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін 
барлық тәсілдермен қорғауға хақылы.
Бұл  тұрғыдан  алғанда,  босқын  мәртебесін 
беру  туралы  өтінішхаты  негізінде  пана  іздеуші 
адамға  конституцияға  сәйкес  құқықтың 
субъектісі болуға негіз бар. Ал, пана іздеген адам 
– уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы 
өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім 
қабылдағанға  дейін  Қазақстан  Республикасын-
да пана сұрауға тілек білдірген шетелдік немесе 
азаматтығы жоқ адам.
Қазақстан  Республикасының  Конституция-
сы  мен  ҚР  Босқындар  туралы  заңы  негізінде 
конституциялық құқықтың бір институты ретінде 
-  босқындар  құқығы  қалыптасуда.  Босқындар 
құқығының субъектілерін заңға сәйкес екі топқа 
бөлуге болады: Негізгі субъектілер және арнайы 
субъектілер.
Негізгі субъектілерге: пана іздеген адам мен 

39
Конституционное и административное право
босқынды, ал, арнайы субъектілерге: Босқындар 
мәселесімен айналысатын Уәкілетті органдарды 
жатқызамыз.  Пана  іздеген  адам  өтінішхатымен 
уәкілетті  органға  жүгінген  адам.  Ал,  босқын  - 
уәкілетті  органның  шешімі  негізінде  босқын 
мәртебесіне ие болған адам. 
Пана іздеген адам – қазақстандық босқындар 
құқығында заңдастырылған жаңа категория бо-
лып табылады. Себебі, бұған дейінгі нормативтік 
құқықтық құжаттарда бұл ұғым кездеспейді.
Пана  іздеген  адамға  уәкілетті  орган  оның 
өтінішхатының тіркелгендігін анықтайтын құжат 
береді. Ол құжат пана іздеген адамның куәлігі деп 
аталады.  Осы  куәлікпен  бірге  өтінішхаты  бой-
ынша шешім қабылданғанға дейін ҚР Ішкі істер 
органдарында тіркелу үшін уәкілетті орган пана 
іздеген адамға жолдама береді. Жолдама негізінде 
5 жұмыс күнінің ішінде тіркеуге тұруға тиіс [2].
Пана  іздеген  адамның  құқықтары  мен 
міндеттері  ҚР  Босқындар  туралы  заңының                   
8-бабында анықталған. Пана іздеген адамдардың 
аудармашының  ақысыз  қызметтерін  алуға 
және  босқын  мәртебесін  беру  туралы,  өз 
құқықтары  мен  міндеттері  туралы  ақпарат 
алуға  құқығы  бар  [2].  Мұндай  құқықтардың 
негізі ҚР Конституциясының 13, 20-баптарында 
айшықталған  [3].  Яғни  әркімнің  білікті  заң 
көмегін  алуға,  заңда  көзделген  реттерде  заң 
көмегін  тегін  алуға  құқығы  бар.  Сондай-ақ, 
әркімнің  заң  жүзінде  тыйым  салынбаған  кез 
келген  тәсілмен  еркін  ақпарат  алуға  және  оны 
таратуға құқығы бар.
Пана  іздеген  адамның  Қазақстанның 
консульдық мекемесі арқылы босқын мәртебесін 
беру  туралы  өтінішхат  беруге,  жасаған 
өтінішхатын қайтарып алуға, уәкілетті органның 
босқын  мәртебесін  беру  ден  бас  тартуы  тура-
лы  шешіміне  шағымдануға,  осы  шағымдану 
мерзімін  қоса  алғанда  өтінішхаты  бойынша 
шешім  қабылданғанша  Қазақстан  Республика-
сында  болуға  құқығы  бар.  Пана  іздеген  адамға 
берілген бұл құқықтар да ҚР Конституциясының 
негізінде  беріліп  отыр.  ҚР  Конституциясының 
13-бабына  сәйкес  әркімнің  өз  құқықтары  мен 
бостандықтарының  сот  арқылы  қорғалуына 
құқығы бар. 
ҚР  Заңы  бойынша  пана  іздеген  адам  мен 
босқынның  шыққан  еліне  өз  еркімен  қайтуға 
немесе  үшінші  елге  қоныс  аударуға  құқығы 
бар.  Бұл  көші-қон  құқығының  негізі  ҚР 
Конституциясының 
21-бабында 
былайша 
анықталған: 1. Қазақстан аумағында заңды түрде 
жүрген  әрбір  адам,  заңда  көрсетілгендерден 
басқа  реттерде,  оның  аумағында  еркін  жүріп-
тұруға  және  тұрғылықты  мекенін  өзі  таңдап 
алға  құқығы  бар.  2.  Әркімнің  Республика-
дан  тыс  жерлерге  кетуіне  құқығы  бар  [4].  Осы 
құқығы бойынша сәйкесінше пана іздеген адам 
мен  босқындар  Қазақстан  Республикасының 
аумағында  тұрғылықты  жерін  ауыстырған  кез-
де  уәкілетті  органда  есептен  және  ішкі  істер 
органдарында  тіркеуден  шығуға  және  тиісінше 
жаңа тұрғылықты жеріне келген күннен бастап 
бес  жұмыс  күнінің  ішінде  есепке  тұруға  және 
тіркелуге міндетті.
Пана  іздеген  адам  мен  босқындарға 
Қазақстан  Республикасының  денсаулық  сақтау 
саласындағы заңнамасына сәйкес медициналық 
қызмет  көрсетілуіне,  ҚР  заңнамасына  сәйкес 
еңбек ету бостандығы мен кәсіпкерлік қызметке, 
мүліктік  және  мүліктік  емес  игіліктерін  сот 
арқылы  қорғауға  құқықтар  берілген.  Мұндай 
құқықтардың  негізі  де  ҚР  Конституциясының 
24, 26, 29, 31-баптарында анықталған [4].
Қорыта  келсек,  пана  іздеген  адам  ұғымы 
жаңа,  әрі  оның  ҚР  Босқындар  туралы  заңында 
анықталған құқықтары мен міндеттері ҚР Кон-
ституциясына толығымен сәйкес келеді.
Ал,  пана  іздеген  адам  мен  босқындардың 
міндеттеріне  ҚР  Босқындар  тыралы  заңы  бой-
ынша мыналар жатады: босқын мәртебесін беру 
туралы  шешім  қабылдау  үшін  қажетті  дәйекті 
мәліметтерді  хабарлауға;  денсаулық  сақтау 
саласындағы уәкілетті орган белгілеген мерзімде 
және  тәртіпте  міндетті  медициналық  тексеріп 
қаралудан  өтуге;  Қазақстан  Республикасының 
заңнамасын  толығымен  сақтауға;  Қазақстан 
Республикасының  аумағынан  шығып  кету 
ниеті  туралы  уәкілетті  органға  хабарлауға; 
Қазақстан  Республикасының  Конституциясын-
да,  заңдарында,  халықаралық  шарттарында 
көзделген міндеттерді мойнына алады [2].
Босқын  сөзі  ҚР  Конституциясында  тікелей 
қолданылмайды. Ал, босқын – пана іздеген адамның 
өтінішхаты негізінде босқын мәртебесіне ие болған 
шетелдік  немесе  азаматтығы  жоқ  адам.  Сондай-
ақ,  ҚР  Конституциясындағы  «әркімнің»,  «әркім», 
«әркімге»,    «жұрттың»,  «ешкімді»,  «адамның», 
«әрбір  адам»  деген  сөздері  бар  баптардың 
босқындарға да қатысы бар деуге болады.
Мәселен,  ҚР  Конституциясының  12-бабына 
сәйкес:  «ҚР-да  Конституцияға  сәйкес  адам 
құқықтары мен бостандықтары танылады және 
оларға  кепілдік  беріледі.  Адам  құқықтары  мен 
бостандықтары  әркімге  тумысынан  жазылған, 
олар  абсолютті  деп  танылады,  оларды  ешкім 
айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік 
құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы 
осыған қарай анықталады.» - делінген.
ҚР  Конституциясының  12-баптың  4-тарма-
ғында: «заңдарда және халықаралық шарттарда 
өзгеше көзделмесе шетелдіктер мен азаматтығы 

№ 1 (25) 2012 г. Вестник Института законодательства Республики Казахстан
40
жоқ  адамдар  Республикада  азаматтар  үшін 
белгіленген  құқықтар  мен  бостандықтарды 
пайдаланады,  сондай-ақ  міндеттер  атқарады»  - 
делінген. Егер шетелдік немесе азаматтығы жоқ 
адамға  босқын  мәртебесі  берілетін  болса,  бұл 
баптың босқындарға да қатысты болғаны.
«ҚР  Шетелдіктердің  құқықтық  жағдайы  ту-
ралы»  заңының  2-бабында  өзінің  басқа  елдің 
азаматы екендігіне дәлелі барлар - шетелдіктер, 
дәлелі жоқтар - азаматтығы жоқ адамдар болып 
танылады  делінген.  Ал,  осы  заңның  5-бабында 
Қазақстан  Республикасы  адам  құқықтары 
бұзылуының  құрбандары  болған  шетелдіктерге 
баспана құқығын береді [5], - делінген. Ал, «ҚР 
Босқындар  туралы»  заңында  «баспана»  ұғымы 
қолданылмайды.  Тек  «пана»    деген  ұғым  бар. 
Шетелдіктер босқын деп танылса, оларға баспа-
на емес, пана беріледі деген сөз. 
Сондай-ақ,  ҚР  Конституциясының  13-
бабында:  «Әркімнің  өз  құқықтары  мен 
бостандықтарының  сот  арқылы  қорғалуына 
құқығы бар. Әркімнің білікті заң көмегін алуға 
құқығы  бар.  Заңда  көзделген  реттерде  заң 
көмегі тегін көрсетіледі.» - делінген. Әрі қарай 
ҚР Конституциясының 14-бабында заң мен сот 
алдындағы  жұрттың  теңдігі,  ешкімді  кемсітуге 
болмайтындығы,  15-бапта  әркімнің  өмір  сүру 
құқығы, 16-бапта әркімнің өзінің жеке басының 
бостандығына  құқығы  бар  екендігі,  17-бапта 
адамның қадір қасиетіне қол сұғылмайтындығы, 
ешкімді  азаптауға,  оған  зорлық  зомбылық 
жасауға,  басқадай  қатігездік  немесе  адамдық 
қадір  қасиетін  қорлайтындай  жәбір  көрсетуге 
не  жазалауға  болмайтындығы  анықталған, 
18,  19,  20,  21,  22,  24-,  26-баптарында  белгілі 
конституциялық  құқықтар  берілген  болса,  34, 
35-баптарда  босқындарға  қатысы  бар  мынадай 
міндеттер  анықталған:  1.  Әркім  ҚР  Конститу-
циясын,  заңдарын  сақтауға,  басқа  адамдардың 
құқықтарын,  бостандықтарын,  абыройы  мен 
қадір  қасиетін  құрметтеуге  міндетті.  2.  Әркім 
Республиканың рәміздерін құрметтеуге міндетті. 
3. Заңды түрде танылған салықтарды, алымдарды 
және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің 
борышы, әрі міндеті болып табылады делінген.
Қорыта келсек, ҚР Конституциясының өзінде 
босқындардың  да  конституциялық  құқықтық 
мәртебесін анықтауға негіз болатын баптар бар. 
Сондай-ақ,  ҚР  Конституциясында,  заңдарында, 
халықаралық  шарттарда  ерекше  көзделмесе 
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Респу-
бликада  азаматтар  үшін  белгіленген  құқықтар 
мен  бостандықтарды  пайдаланады,  сондай-ақ, 
міндеттерді атқарады [4].
Ал,  заңгер  Е.Ч.  Бопабаев  азамат  және 
азаматтығы  жоқ  тұлғаларды  «жеке  тұлға» 
ұғымына  сыйғызып  мынадай  түсінік  береді: 
«Адамдар, Қазақстан Республикасының азамат-
тары,  басқа  мемлекеттің  азаматтары,  сондай-ақ 
азаматтығы  жоқ  адамдар  жеке  тұлғалар  болып 
ұғынылады» [6, 8 б.]. 
ҚР  Босқындар  туралы  заңы  негізінде 
босқындардың  панаға,  тиісті  уәкілетті  орган-
дардан  шыққан  елінде  тұратын  туыстары  тура-
лы ақпарат сұратуға, уәкілетті органның босқын 
мәртебесін ұзартуы туралы, одан айыру немесе 
оны  тоқтату  туралы  шешіміне  шағымдануға, 
өзімен алып келген, Қазақстан Республикасының 
аумағында  заңды  түрде  жинаған  мүлкін 
қоныстану үшін өзіне құқық берілген басқа елге 
әкетуге, босқын куәлігі мен жол жүру құжатын 
алуға құқығы бар.
Босқын  мәртебесін  алған  адам  Қазақстан 
Республикасының заңнамасын сақтауға, Қазақстан 
Республикасының  аумағынан  шығып  кету  тура-
лы  ниетін  Уәкілетті  органға  хабарлауға  міндетті. 
Бұл  міндеттермен  қоса  босқындардың  өзге  де 
құқықтары мен бостандықтары болады, сондай-ақ, 
ҚР  Конституциясында,  заңдарында  халықаралық 
шарттарында белгіленген барлық міндеттерді мойы-
нына алатындығы заңда анықталған.
ҚР  Босқындар  туралы  заңының  10-бабында 
пана іздеген адамның өтінішхатты беруі және оны 
тіркеу  тәртібі  анықталған.  Өтінішхатты  беру  іс 
үрдісін мынадай түрлерге топтастыруға болады: 
1.  Пана  іздеген  адам  мемлекет  аумағына 
келісімен  күнтізделік  бес  күннің  ішінде 
өтінішхатпен уәкілетті органға жүгінеді;
2.  Егер  пана  іздеген  адам  Қазақстанға  әлі 
келмеген  болса,  ҚР  Дипломатиялық  өкілдігіне 
немесе  консульдық  мекемесіне  жүгіне  ала-
ды.  Дипломатиялық  өкілдік  немесе  консулдық 
мекемесі  босқын  мәртебесін  беру  туралы 
өтінішхатты дипломатиялық арналармен уәкілетті 
органға қарауға береді;
3. Қазақстанның Мемлекеттік шекарасын кесіп 
өткен кезде көші-қон бақылауы пунктіне, мұндай 
пункт  жоқ  болған  жағдайда  шекара  қызметінің 
бөлімшесіне өтінішхат береді;
4. Қазақстанның Мемлекеттік шекарасы арқылы 
өткізу  пункті  болмаған  кезде  адам  Мемлекеттік 
шекараны  мәжбүрлі  түрде  заңсыз  бұзып  өткен 
жағдайда,  бір  тәулік  ішінде  көші-қон  қызметі 
жөніндегі уәкілетті органға жүгінеді. 
5. Қазақстан аумағына заңсыз келген жағдайда 
ұсталып қалса, босқын мәртебесін беру туралы 
өтінішхат беру ниетін білдірсе, құзіретті органдар 
адам ұсталған кезден бастап бір тәуліктің ішінде 
уәкілетті  органға  хабарлайды.  Уәкілетті  орган 
екі  күн  ішінде  өтінішхат  иесінің  Қазақстанда 
болу  себебін  анықтап,  босқын  мәртебесін  беру 
туралы өтінішін тіркейді. 

41
Конституционное и административное право
Өтінішхат тіркелген кезде пана іздеушіге куәлік 
беріледі. Куәлікке егер ол адамның он сегіз жасқа 
толмаған  отбасы  мүшесі  болса  бірге  тіркеледі. 
Егер он сегіз жасқа толмаған адам өзі өтінішхат 
жолдаса оған да пана іздеуші куәлігі беріледі.
Пана  іздеуші  адамның  өтінішхатын  қарау 
нәтижесінде уәкілетті орган екі түрлі шешімнің 
бірін шығарады: Босқын мәртебесін беру туралы 
шешім  немесе  Босқын  мәртебесін  беруден  бас 
тарту туралы шешім.
Пана іздеген адамға босқын мәртебесін беру-
ден бас тартудың негіздері ҚР Босқындар тура-
лы заңының 12-бабына сәйкес мынадай [2]:
-  қудалау  құрбаны  болуы  мүмкін  деген 
негізделген қауіп болмаса;
-  жалған  мәліметтер  мен  жалған  құжаттар 
ұсынған болса; адамда өзі оның қорғауын пайдала-
на алатын үшінші мемлекеттің азаматтығы болса;
- егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан 
келген  болса;  егер  аталған  адамға  қатысты  өзі 
азаматы болып табылатын елде не келген елінде 
әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-
ақ,  тыйым  салынған  діни  ұйымның  қызметіне 
қатысады, не қатысты деп топшылауға салмақты 
негіздер болса;
-  егер  аталған  адам  жөнінде  бейбітшілікке 
қарсы  қылмысқа,  әскери  қылмысқа  немесе 
адамзатқа  қарсы  қылмысқа  қатысты  шаралар 
қолдану  мақсатында  жасалған  халықаралық 
актілерде 
осы 
әрекеттерге 
белгіленген 
анықтамадағы  осындай  қылмыстарды  жасады 
деп топшылауға салмақты негіз болса;
-  егер  аталған  адамға  қатысты  ол  Қазақстан 
Республикасы  мүшесі  болып  табылатын 
Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) мен халықаралық 
ұйымдардың мақсаты мен принциптеріне қайшы 
келетін  әрекеттердің  жасалуына  кінәлі  деген 
салмақты негіз болса;
-  егер  аталған  адам  БҰҰ  Босқындар  ісі 
жөніндегі  жоғарғы  комиссариаттан  басқа,  БҰҰ 
органдарының  немесе  мекемелерінің  қорғауын 
не көмегін пайдаланып отырса.
Босқын мәртебесі 2 негізде жойылады: 1. ай-
ыру; 2. тоқтату. Босқын мәртебесінен айырудың 
негіздері  ҚР  Босқындар  туралы  заңының                         
13-бабында  анықталған.  Оларды  былайша 
жіктеуге болады: 
-  Босқын  мәртебесін  алу  үшін  жалған 
мәліметтер мен жалған құжаттар берген болса;
- 13-баптың 1 тармағының 2, 3, 4, 5-тармақ-
шаларына сәйкес соттылығы болса: бейбітшілікке 
қарсы  қылмысқа,  әскери  қылмысқа  немесе 
адамзатқа  қарсы  қылмысқа  қатысты  шаралар 
қолдану  мақсатында  жасалған  халықарлық 
актілерде  осы  әрекеттерге  белгіленген  анықта-
мадағы осындай қылмысы үшін сотталған болса; 
мемлекет аумағына келгенге дейін оның шегінен 
тысқары жерлерде жасаған саяси емес сипаттағы 
ауыр қылмысы үшін сотталған болса т.б. 
Босқын  мәртебесінен  айыру  туралы  шешім 
шығарған соң бес күннің ішінде аталған адамға 
оған  шағымдану  құқығы  түсіндіріліп  табыс 
етіледі.
Ал, босқын мәртебесін тоқтатудың негіздері 
ҚР Босқындар туралы заңының 14-бабында бы-
лайша айшықталған:
- ҚР азаматтығын алса немесе өзі азаматы бо-
лып табылатын елдің қорғауын пайдаланса;
- Босқын деп тануға негіз болған мән жайлар 
өзгергендіктен  шыққан  елінің  қорғауын  пайда-
ланудан бас тарта алмайтын болса;
-  өзінің  бұрынғы  елінің  өзі  жоғалтқан 
азаматтығын қайта қабылдаған болса;
- шыққан еліне өз еркімен оралса;
- ҚР аумағынан тысқары жерлерге тұруға кетсе.
Босқын  мәртебесін  беру  туралы  шешім 
қабылданған жағдайда пана іздеген адам куәлігі 
шешім шыққан күннен бастап бес жұмыс күнінің 
ішінде  Босқын  куәлігіне  айырбасталады.  Яғни, 
пана  іздеуші  босқын  мәртебесіне  ие  болады. 
Босқын  мәртебесі  бір  жылға  беріледі.  Босқын 
деп  тануға  негіз  болған  мән  жай  сақталған 
болса,  босқын  мерзім  бітуге  бір  ай  қалғанда 
уәкілетті  органға  өтініш  жасауы  негізінде  тағы 
бір жылға, әрбір кейінгі жылға ұзарттыра алады. 
Ал, оны ұзартудың негізі жоқ деп тапса, босқын 
мәртебесін тоқтатады.
Қорыта келсек, босқындардың конституциялық 
құқықтық мәртебесі дегеніміз – ҚР Конституциясы 
мен  заңдарына,  мемлекет  қосылған  халықаралық 
шарттарға  сәйкес  анықталған  құқықтар  мен 
міндеттерден,  кепілдіктер  мен  бостандықтардан 
тұрады.
Қолданылған әдебиет
1. Ибраев Н.С. Теоретические аспекты защиты прав и свобод человека // Развитие институтов де-
мократии в Республике Казахстан в свете конституционной реформы 2007 года. Материалы между-
народной конфереции. – Алматы, 2008. 
2. Қазақстан Республикасының Босқындар туралы заңы. 2009 жылғы желтоқсанның 4-і. № 216-4 
ҚРЗ // Қазақстан Республикасының Парламентінің Жаршысы. - 2009. - № 23. - 116-қ.

№ 1 (25) 2012 г. Вестник Института законодательства Республики Казахстан

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет