Диуани лұғат ит-түрк



Дата22.12.2022
өлшемі0,55 Mb.
#59027

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университет .

Тақырыбы: “Диуани лұғат ит-түрк” –түркі тілдес халықтарға ортақ мұра.

Орындаған: Ильясова Э. Қ

Қабылдаған:Алтынбеков Қ. С

Топ: – 1701-21

Жоспар:

1 .Кіріспе

2 .Негізгі бөлім

2.1Диуани лұғат ит –түркі сөздігі

3. Сөздіктің алғы сөзінен үзінді

4. Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы

5. Көне дәуірдегі түркі дүниенің картасы

6. Қорытынды

7. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе:

  • «Түрік тілдерінің сөздігі» мәңгі өшпес мұра. Бұл кітап – түрік тілдерінде өмір сүрген түрік тайпалары сөздерінің жиынтығы. Ғұлама өз еңбегінде түрік тілдес тайпалардың тілін ғана зерттеп койған жоқ , олардың тарихы , этнографиясы , ауыз әдебиеті жайлы көптеген мағлұматтар қалдырды.

Диуани лұғат ит-түркі сөздігі:

  • Диуани лұғат-ат-түрк — Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдары Бағдат қаласында жазған түркіше-арабша сөздік. Ол түркі тілдері бойынша ең ауқымды және ең маңызды ежелгі тіл жәдігері. Оның қолжазба нұсқасы 638 беттен тұрады, онда 9000-нан астам түркі сөзінің араб тіліндегі егжей-тегжейлі түсіндірме-аудармалары қамтылған. Түркілердің тарихы, жағырапиялық таралуытайпалары, диалектілері және дәстүрлеріне бойынша қосымша мәліметтер берілген.
  • Классикалық араб лексикографиясының қағидалары бойынша дайындалған бұл сөздік Қашғарлы Махмұттың түркі тілі туралы білімінің ауқымдылығын ғана емес, араб филологиясы ғылымы бойынша дайындығының да көлемді екендігін айғақтайды.[1]

Сөздіктің қазір бізге келіп жеткен жалғыз ғана жазба нұсқасы 1266 Дамаск (Шам) қаласында жаңадан көшіріліп жазылып, оны тек 1915 жылы ғана Әли Емірі ефенді Ыстамбұл қаласында кездейсоқ тауып алады. (Одан бұрынғы ғасырларда Антеплі Айни және Кәтіп Челеби сияқты ғалымдар сондай кітаптың бар екендігі туралы айтқан болатын.) Әли Емірінің көшірмесі 1917 жылы Талат пашаның (1874-1921) қолдауымен және Кіліслі Рифат білгенің (1873-1953) бақылауымен басылып шығып, бүкіл дүние жүзінің түркологтарының назарын өзіне аударды. 1928 жылы түрколог Карл Брокельманн сөздіктің егжей-тегжейлі түсініктемелермен жабдықталған алман тіліндегі аудармасын жариялады. Бесім Аталайдың қазіргі түрік тіліне аудармасын 1940 жылы Түрік тілі қоғамы басып шығарды. Соңғы жылдары шыққан Данковтың аудармасында соңғы ғылыми деректердің негізінде жасалған жаңа өзгерістер орын алған.

Сөздіктің алғы сөзінен үзінді:

  • Мен Тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында (жұлдызында) жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды «Түрік» деп атадыжәне оларды мемлекетке еге қылды; заманымыздың хақандарын түріктерден шығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолдарына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен оларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады. Түріктердің оқтарынан сақтану үшін, олардың жолын берік тұту әрбір ақыл иесіне лайықты уа парыз іске айналды. Өз дертін айту уа түріктерге жақын болу, жағу үшін оларға түрік тілінде сөйлесуден пайдалы жол қалмады. Кім өз дұшпандарынан ажырап, түріктерге сағынып, мұңайып келсе, оларды түріктер қанатының астына алып, қауіптен құтқарады; олармен бірге басқалар да қамқорлық, пана табады.[2]

Сөздіктің түркі халықтары үшін маңызы:

  • Түркі тілін неге үйрену керектігін ол былай түсіндіреді:
  • "Бір бұхаралық ғалым мен Нисапурлық басқа бір ғалымның тәңір әзіз көрген Пайғамбарымыздан дәлел келтіріп айтқан төмендегі сөздерін анық естіген едім: Пайғамбарымыз қиямет белгілері, ақырзаман бітінәләрі және оғыз түріктерінің жорыққа шыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» — деген екен."Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығын ақыл ажыратар

Қорытынды:

  •  Қорыта айтқанда біз бүгінгі күнге М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат- түрік» атты еңбегі арқылы бізге жеткен табиғат, аңшылық, ерлік-батырлық жайындағы өлең-жырларға, сондай-ақ жоқтау, мақтау сияқты тұрмыс салт өлендеріне, мақал- мәтелдерге талдау жасадық. Сол арқылы біз ежелгі түркі дәуірінен жеткен көркем сөз үлгілері мен қазақ ақын-жыраулары поэзиясы араларындағы мазмұндық, тілдік-стильдік, модельдік бірлікті ашып көрсеттік. Көне жазба жәдігерлітеріндегі мақалдар мен қазақ ақын-жыраулары поэзиясындағы дидактикалық-философиялық, шешендік толғау өлеңдердің тілдік- стильдік, модельдік бірлігін айқындай түстік. Сөйтіп, қазіргітүркі тілдес халықтардың бәріне ортақ саналатын Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли Ибн Сина жәнеӘбу Райхан әл-Бируни сияқты ақыл- ой кемеңгерлері жазып қалдырған ұлағатты сөздер, даналық ойлар, хикметтер, өлең-жырлар бертін келе қазақ ақын-жырауларының
  • поэзиясында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапқандығы өз мүмкіндігімізше дәлелдеп шықты

Әдебиеттер:

  • 1.Келімбетов Н. «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі» А; – 1996 ж.
  • 2.Қыраубаева А. «Ежелгі дәуір әдебиеті» Астана; – 2001 ж. «Елорда»
  • 3.Келімбетов Н. Қанафин Ә. «Түркі халықтары әдебиеті» А; 1996 ж.
  • 4.Келімбетов «Қазақ әдебиеті бастаулары» А; «Ана тілі» ,– 1998 ж.
  • 5.Айдаров Ғ. «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» А; – 1986 ж.
  • 6.Бердібаев Р. «Кәусар бұлақ» А; – 1989 ж

Тыңдағандарыңызға рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет