Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар



бет1/16
Дата12.05.2023
өлшемі86,79 Kb.
#91925
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

  1. Қазақтардың 1858 жылғы Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі. Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар.

Оңтүстік қазақтарының Қоқан хандығына қарсы көтерілісі (1821) – Қоқан билеушілерінің басқыншылық саясаты мен езгісіне қарсы көтеріліс. Әлім (1801-1804 жылдары билік етті) және Омар (1809-1822 жылдары билік етті) хандардың тұсында қоқандықтардың басқыншылық саясаты күшейе түсті. Ұлы жүз жерінің батыс бөлігіне (Ұзынағашқа дейін), Талас алабына, Орта жүздің Ташкент пен Арыс өзені аралығындағы, Түркістан маңындағы жерлерге және Сыр бойындағы (Қазалыға дейін) Кіші жүз қазақтарына Қоқан билеушілері үстемдік жүргізді. Олар Қазақстанның оңтүстігіндегі Сайрам, Шымкент, Түркістан, Әулиеата қалаларын жаулап алып, қазақтарды сауда және қолөнер орталықтарынан айырды. Халықтан алатын алым-салық мөлшерін ұлғайтты. Ауыр салық пен қисапсыз көп міндетті жұмыстардан бас тартқан қазақ ауылдары шапқыншылыққа ұшырап, мал-мүлкі тоналды. Бұл саяси және әлеуметтік езгіге шыдамаған Сайрам, Шымкент және Түркістан қалаларының маңындағы қазақ рулары 1821 жылы Қоқан билеушілеріне қарсы көтеріліске шықты. Аз уақытта көтерілісшілер саны 12 мыңға жетті. Олар Шымкент пен Сайрамды алып, Қоқан ханының бекініс-қамалдарын қоршады. Бірақ көтерілісшілердің қару-жарақтары жеткіліксіз, әскери қуаты әлсіз еді, көтерілістің айқын мақсаты, жан-жақты ойластырылған жоспары болмады. Оның үстіне көтерілістің ырықтан шығып кетуінен қорыққан қазақ билеушілері Қоқан ханымен келісіп, көтеріліс басшысы Тентек төре Қоқанға мойын ұсынды. Көтеріліс қаталдықпен басылып, мыңдаған қазақ өлтірілді, тірі қалғандары құлға айналдырылды.

  1. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі

Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды.
Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды.
Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің құрамына кіруге тілек білдірді.
1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет жасады.Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едәуір қарсылық көрсетті. Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталған қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Ресей империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Ресей империясының отарына айналды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет