Дєріс тезистері


 Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру және спорт



Pdf көрінісі
бет279/294
Дата07.01.2022
өлшемі2.95 Mb.
#20622
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   294
5.5.5. Мүгедектер арасындағы дене шынықтыру және спорт 
Мүгедектерді  дене  шынықтыру-спорттық  іс-қимылға  тартуға  байыпты 
назар  аудару  қажет.  Бұл  үшін  спорт  клубтары  мен  залдарында  олардың  дене 
шынықтырумен және спортпен шұғылдануына тиісті жағдай жасауды, мүгедек 
спортшыларды  халықаралық  жарыстарға,  соның  ішінде  Паралимпиадалық 
ойындарға даярлауды қамтамасыз ету қажет. 
5.6. Спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау 
Дене  шынықтыру  мен  спортты  одан  әрі  дамыту,  спорт  резервін  даярлау 
және  халықаралық  дәрежедегі  спортшыларды  тәрбиелеу  -  халықаралық  спорт 
ұйымдарының  жылдам  ӛзгермелі  талаптарын,  спортшыларды  даярлаудың 
түрлері  мен  әдістерін  үнемі  жетілдіруді,  жаңадан  келгендерден  бастап 
халықаралық  дәрежедегі  шеберге  дейін  республика  спортшыларын  тәрбиелеу 
жүйесін  одан  әрі  дамытуды  ескере  отырып,  оқу-жаттығу  процесін 
ұйымдастыруға деген деген жаңа кӛзқарастарды талап етеді. 
Спортқа  даярлықты  ұйымдастыруда  оның  қазіргі  заманғы  әдістемесінің 
мүмкіндіктерін іске асырудың бірқатар ережелері мен алғышарттарын: 
спортқа  даярлық  жүйесінің  жоғары  тұрған  (құрама  командалар, 
олимпиадалық даярлық орталықтары, жоғары спорт шеберлігі мектептері) және 
тӛмен  тұрған  (спортта  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернаттар, 
олимпиада  резервін  даярлау  мектептері,  балалар  мен  жасӛспірімдер  спорт 
мектептері  және  олимпиада  резерві  мектептері)  құрылымдық  бӛліктерінде 
олардың  мақсаттары,  міндеттері,  кадрмен,  материалдық-техникалық  және 
ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз  етудегі  ұйымдық-әдістемелік  негіздердің  бір-
бірімен ұштасқан ӛзара байланысын; 
спортшыларды орталықтан даярлауды, олардың жаттығу сабақтарындағы 
тұрақты бәсекелестігін және оны жұмыс қабілетін арттырудың факторының бірі 
ретінде  пайдалануды,  ағзаның  іс-қимыл  резервін  толығымен  жұмылдыру  мен 
бейімделу  процестерін  оңтайландыруды  қамтамасыз  ететін  ұйымдастыру 
жағдайларын жасауды атап кӛрсету қажет. 
Ол үшін: 
елдің  барлық  ӛңірлеріндегі  балалар  мен  жасӛспірімдер  спорт 
мектептерінде  және  олимпиада  резерві  мектептерінде  мектеп  жасындағы 


 
348 
балалардың 8 %-ына дейін сабаққа қамту мақсатымен олардың желісін кеңейту 
жӛніндегі жұмыстарды жалғастыру; 
спорттағы  дарынды  балаларға  арналған  мектеп-интернаттар  мен  елдің 
барлық  ӛңірлерінде  олимпиада  резервін  даярлаудың  толыққанды  ӛңірлік 
орталықтарын дамыту жӛніндегі жұмыстарды жалғастыру; 
олимпиадалық  даярлық,  соның  ішінде  мамандандырылған  орталықтарды 
дамыту; 
спорттық күнтізбеде жоспарланған республикалық іс-шараларды ӛткізуді 
және  елдің  құрама  командалары  мен  үздік  спортшыларының  әлем,  Азия 
чемпионаттарын, Олимпиада және Азия ойындарын қоса алғанда, халықаралық 
жарыстарға, басқа да ресми және халықаралық іріктеу спорттық іс-шараларына 
қатысуын қамтамасыз ету; 
спортшыларды  -  әлем  чемпиондары  және  халықаралық  жарыстар  мен 
чемпионаттардың 
жүлдегерлерін 
және 
олардың 
жаттықтырушыларын 
ынталандыру жүйесін жетілдіру; 
Алматы қаласындағы «Шаңырақ» шағынауданында «Спорттағы дарынды 
балаларға  арналған  республикалық  мектеп-интернат»  мемлекеттік  мекемесін 
құру. 
Қазақстанның  дүниежүзінің  бәсекеге  қабілетті  елу  елінің  қатарына  кіру 
стратегиясына қол жеткізуі республика спортшыларынан халықаралық аренада 
жоғары нәтижелерге жетуді талап етеді. 
Спорт  резервін  даярлау  және  халықаралық  дәрежедегі  спортшыларды 
тәрбиелеудегі  проблемаларды  табысты  шешу  үшін  түпкілікті нәтижеге  - әлем, 
Азия  чемпионаттарында,  Азия  және  Олимпиада  ойындарында  жүлделі 
орындарды иеленуге қабілетті спортшыларды тәрбиелеуге едәуір ықпал ететін 
факторларды қатаң ескеру қажет: 
таңдаған спорт түріне мамандану үшін оның арнайы талаптарына жоғары 
дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесінің қатаң түрде сай болуы
спорт мамандығын таңдау, кӛпжылғы даярлықтың күллі жүйесін әзірлеу, 
жарыс қызметінің тиімді құрылымын анықтау кезінде нақты әрбір спортшының 
жеке бейімділігі мен қабілеттеріне барынша ден қою; 
жаттығу  және  жарыс  жүктемесінің,  демалудың,  тамақтанудың,  жұмыс 
қабілетін  қалпына  келтіру,  ынталандыру  құралдарының  және  іс-қимыл 
мүмкіндіктерін жұмылдырудың қатаң теңгермелі жүйесіне ұмтылу; 
даярлықтың дәстүрден тыс құралдарын кеңейту - спортшы ағзасының іс-
қимыл  мүмкіндіктерін  толық  ашуға  мүмкіндік  беретін  аспаптарды, 
жабдықтарды және әдістемелік тәсілдерді пайдалану
спортшылардың 
жаттығу 
әсерлерінің 
факторларына 
бейімделу 
процестерін  жеделдетуге,  олардың  басты  жарыстарға  тікелей  даярлығының 
тиімділігін  арттыруға  мүмкіндік  беретін  орташа  биіктіктегі  және  биік  таудағы 
жағдайларда спортшыларды даярлаудың тиімді әдістемесін жетілдіру; 
бүкіл спорттық жаттығу жүйесін жарыс қызметінің оңтайлы құрылымына 
қол жеткізуге бағдарлау


 
349 
даярлық  жүйесінің  қарқындылығы,  оған  олимпиадалық  спортты 
дамытудың  жалпы  үрдістері  ретінде,  сонымен  бірге  нақты  спорт  түрлерінің 
даму  ерекшеліктері  ретінде  де  тұрақты  зерделеу  мен  есептеу  негізінде  жедел 
түзетулер  жасау  -  жарыс  ережелерін  және  оларды  ӛткізу  шарттарын  ӛзгерту, 
жаңа мүкәммалдар мен жабдықтарды қолдану; 
халықаралық  спорт  федерациялары  тарататын  әдістемелер  мен 
ақпараттық материалдарды қолдана отырып, елдің құрама командаларында оқу-
жаттығу  процесін  ұйымдастыруда  республикалық  қоғамдық  бірлестіктердің 
рӛлін арттыру. 
 5.7. Дене шынықтыру және спортты насихаттау 
Тұрғындарды  салауатты  ӛмір  салтына,  дене  шынықтырумен  және 
спортпен  шұғылдануға  баулу  халықтың  түрлі  әлеуметтік-демографиялық 
топтарына  арнап  бейімделген  ақпараттық  бағдарламаларды  әзірлеу  арқылы 
жүзеге  асуға  тиіс.  Спорттың  негізгі  түрлерінен,  соның  ішінде бұқаралық 
ақпарат  құралдарына  конкурстық  негізде  берілетін  әлеуметтік  бағдарламалар 
бойынша  гранттарды  беру  практикасын  пайдалану  арқылы,  теледидар 
бағдарламаларын  жасау,  насихаттық  және  ақпараттық  технологиялар  әзірлеу 
керек.  Дене  шынықтыру  және  спортты  насихаттау  атаулы,  нақты  әлеуметтік 
топтар мен жіктерге, әрбір адамға бағытталған, дене шынықтыру мен спорттың 
басымдығын  дәлелдей  кӛрсетуге,  сондай-ақ  жастар  арасында  нашақорлық, 
темекі  шегушілік,  ішімдікті  пайдалану  және  басқа  да  жат  құбылыстардың 
таралуына  қарсы  күреске  бағытталуға  тиіс.  Жастардың  дене  тәрбиесі  жӛнінде 
жұмыс  жүргізу,  олардың  ортасында  қазақстандық  спортшылардың  спорттағы 
жетістіктерін,  бұқаралық  спортты  танымал  ету,  олардың  санасында  «тәні 
саудың - жаны сау» деген қағидатты орнықтыру қажет. 
Бұл  орайда  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  міндеттері:  азаматтардың 
спортқа,  табиғи  дене  бітімін  жетілдіруге  деген  қызығушылығын  арттыру, 
спортпен ӛз бетінше шұғылдануды белсенді түрде таныту, дене шынықтырумен 
және  спортпен  шұғылдану  қажеттігін  кӛпшіліктің  санасына  сіңіру  болып 
табылады. 
Дене шынықтыру мен спортты насихаттау адамның жан-жақты спорттық 
және  дене  тәрбиесі  даярлығының  беделін,  гигиена  және  дене  шынықтыру 
саласындағы  білім  деңгейін  арттыруға  ықпал  етуге,  ғылыми  зерттеулер  мен 
жаңалықтар ашуға негізделуге тиіс. 
Дене  шынықтыру  мен  спортты  дамытудағы  басты  бағыттардың  бірі  - 
олардың  ізгілікті  жағын  күшейту.  Адамдардың  ӛмірі  мен  денсаулығына  қауіп 
тӛндіретін,  қабылданған  жалпы  этикалық  нормалар  мен  талаптарға  сай 
келмейтін,  зорлық  пен  зомбылықты  үйрететін  спорт  түрлері  мен  дене 
жаттығуларын дамытуға қолдау кӛрсетілмеуге тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   294




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет