«Псюхе» - жан; «логос» - ілім.
Психология – жан туралы ілім.
Психология – жеке адамның немесе топтың психикасы мен психикалық іс-әрекетінің даму заңдылықтарын (ерекшеліктерін, механизмдерін) зерттейтін ғылым саласы.
Объектісі – адамның, топтың, жануардың психикасы
Пәні – адам, топ, жануар психикасының дамуы, заңдылықтары, ерекшеліктері, механизмдері
Қазіргі қоғамда психологияның өзектілігі жоғары. Психологияны білу адамның да қоғамның да өмірінде маңызды роль атқарады.
Психологиялық білімдер өмірді жарқынырақ, жеңілдірек етеді;
Адам өзін табысты және бақытты сезінеді;
Адамға өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектеседі;
Өзін және басқаларды жақсырақ тануға, өзіне сенімдірек болуға ықпалын тигізеді;
Коммуникативті дағдыларды меңгеруге көмектеседі;
Жұмыстағы және жеке мәселелерді шешуге көмектеседі.
Коммуникация дағдылары. Адамдармен қарым-қатынас жасай алу кез-келген сала маманы үшін маңызды қасиет. Адамдарды жағсырақ түсінуге мүмкіндік аласыз. Ал, жақсы қарым-қатынас кез-келген жерде қажет: үйде, жұмыста, бала тәрбиесінде, жаңа адамдармен танысу үшін.
Сын тұрғысынан ойлау. Адамдар мен жағдайға объективті көзқараспен қарау қалыптасады, «біреудің айтқанымен жүре бермейтін» боласыз. Бір мезеттік эмоцияларыңызды басқарып үйренесіз.
Адамдардың мінез-құлқын түсіну.Біз көп жағдайда логикаға келмейтін әрекеттер жасап жатамыз. Психологияны зерттей отырып, санамыздың түбіне үңілетін боламыз.
Шешім шығару.Психологияны оқу арқылы эмоцияларыңызды басқарып, «ия» мен «жоқты» бағамдап, сабырлылықпен шешім шығаруды үйренуге болады.