Әдебиет туралы жалпы түсінік әдебиет – араб сөзі, ол «үлгілі сөз»



бет134/162
Дата08.02.2023
өлшемі462,66 Kb.
#66249
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162
Шерхан Мұртаза
(1932 жылы 28 қыркүйекте туған)
Туған жері: қазіргі Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ топырағы.
Қызметі: драматург, жазушы, журналист, қоғам қайраткері.
Әкесі Мұртаза 1937 жылы сталиндік репрессияның құрбаны болып кетті.
1941 жылы Талапты мектебінде оқып жүріп, еңбекке де араласты. Балалық шағы соғыстың қиямет, қиын-қыстау кезеңіне тұспа-тұс келді.
1950 жылы Жамбылда интернат үйінде жүріп, Жамбыл ат. қазақ орта мектебін бітірген соң, әуелі Мәскеу полиграфия институтыңда, үшінші курстан бастап Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетінде оқып, журналистика факультетін 1955 жылы бітіріп шығады. Сол жылдары ол башқұрт жазушысы Мұстай Кәрімнің бір повесін, Л.Лагиннің «Хоттабыч қарт» романын қазақшаға аударды.
Орысшадан қазақ тіліне аударған Ш.Айтматовтың повесть, романдары:
«Қош, Гүлсары»
«Ботагөз»
«Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет»
«Боранды бекет»
«Жан пида».


«41-жылғы келіншек» әңгімесінде Хадишаның өмір бойы күткен Мақсұт есімді жары майданға кеткеннен оралмады. Хадиша күні-түні Мақсұтты күтумен болды.

Жазушының маңызды шығармасы – бес кітаптық «Қызыл жебе» роман-эпопеясы. Бұл көлемді туынды қазақтың біртуар ұлы Тұрар Рысқұлов тағдыры арқылы қазақ халқының басынан кешкен қилы-қилы кезеңдерін қамтиды.


Ш.Мұртазаның 70 жылдық мерейтойы қарсаңында 6-томдық шығармалар жинағы басылып шықты.


Пьесалары:


«Сталинге хат»
«Бесеудің хаты» (пролог, эпилог және 2 бөлімнен тұрады)
«Жетім бұрыш» т.б


«Жүз жылдық жара» әңгімесі
Кейіпкерлері:
Кенжегүл кемпір – дәрі шөптерді жинайтын Мыңбұлақ халқының дәрігері.
Жуанқұл – колхоз бастығы.
Дадабай – Жуанқұлдың аудандағы досы.
Қабасақал – Дадабайдың досы.
Ақсақ Ахмет – темірші. Майданға кеткен алпыс азаматтан елге оралған екі-үш ақсақ-тоқсақтың бірі.
Баян, Кәмәсия, Сәрсенкүл – ауыл әйелдері.


Қысқаша мазмұны: 1943 ж. қазақ ауылында өткен оқиға баяндалады.
Жуанқұл, Дадабай, Қабасақал – үшеуі мас болып келіп, Мыңбұлақтағы Бахтияр бағында өсіп тұрған ауыл тұрғындары қасиетті санайтын көпжылдық Байшынар ағашын кеспек болып, аралайды, балталайды, соңында Қабасақал балта шабылған жерге май төгіп өртейді. Бірақ Кенжегүл кемпірдің аттан салуымен, ақсақ Ахметтің бастауымен ауыл адамдары ол үшеуін қуып жіберіп, Байшынарды аман алып қалады.
Оқиғаның соңында көп жылдар өткеннен кейін, Жуанқұлдың сол Байшынардың жанын өтіп бара жатқанда, аты үркіп, өзі омақаса құлап, омыртқасы опырылып, жұлынын қысып қалғаны, сөйтіп орнынан тұра алмай, төсек тартып жатып қалғаны, сол күннен бастап, Байшынарға қарап жатып, кешірім сұрап жататыны айтылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет