Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері



бет1/5
Дата10.04.2023
өлшемі158,5 Kb.
#80895
  1   2   3   4   5

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................................................................................................3-4
1. Әңгіме жанрының жалпы сипаты мен ерекшеліктері......................5-7
1.1.Ғ.Мүсірепов әңгімелерінің лексикалық, көркемдік ерекшелігі.........8-10
2. Ғ. Мүсірепов әңгімелеріндегі аналар бейнесі.... ...........................11-13
2.1. «Ананың анасы» әңгімесін мектепте оқыту.......................................13-15
2.2. Ғ.Мүсіреповтің сөз шеберлігі..........................................................15-19
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................19-20
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..........................................................21

КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Курстық жұмыс тақырыбымыздың өзектілігі жазушымыздың прозалық туындылары мен романдарының жасырын ақпаратына тоқталып, автордың тілдік ерекшеліктеріне мән беріп, әрқайсысын ашып көрсетуінде болмақ.
Ғ. Мүсрепов «шағын əңгіменің шебері» атанған жазушы. Жазушының шығармашылық бастауы – шағын əңгіме. Осы əңгімелерінде қоғам өмірін, заман тынысын шынайы суреттеу арқылы сол дəуірдің адамдарының сан қырлы портретін жасады.
Ғ. Мүсіреповтің прозадағы шығармашылығына оның Максим Горькийдің ана туралы əңгімелерін қазақшаға аударуы соны леп əкелді. Аналар тақырыбына жазған циклдік əңгімелер шоғыры да осы жылдары жалт ете түсті. Ғабит Мүсрепов Горькийдің екі əңгімесін қазақшалады. Олар – «Адамның анасы» жəне «Өлімді жеңген ана» атты əңгімелері. Жазушы əңгімелер ді түпнұсқадағы рухты сақтай отырып, қазақи ұғымға бейімдеп, аса көркем түрде еркін аударды. Өзі тəржімалаған шығармалардың мазмұны Ғабеңе қатты əсер еткені сондай, ол аналар тақырыбына арналған əңгімелер топтамасын жазды. Атап айтқанда, олар – «Ананың анасы», «Ашынған ана», «Ананың арашасы», «Ер ана», «Ақлима» сияқты туындылары. Бұл шығармалардың қай-қайсысының да көркем əдебиеттің басты талаптарына сəйкес жазылған сəтті дүниелер екендігін əдебиеттанушы ғалымдар кезінде атап айтқан болатын. Осы шығармаларда əр қырынан алынып жазылған аналар бейнесі қазақ əдебиетінің үлкен табысы болып саналады.
Осы тұрғыдан келгенде, жазушының әңгімелеріндегі дәстүр көріністерін, оның көркемдік ерекшеліктерін, танымдық қасиеттерін талдау арқылы оқырманға жеткізу. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет