Ежелгі дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихнамасы Жоспар


Герадоттың еңбегінің тақырыптары мен мазмұндары. Страбонның Географиясындағы сақ (скиф) тайпалары сипаттамасының негізгі мәселелері



бет2/8
Дата07.01.2022
өлшемі45,25 Kb.
#17792
1   2   3   4   5   6   7   8
2. Герадоттың еңбегінің тақырыптары мен мазмұндары. Страбонның Географиясындағы сақ (скиф) тайпалары сипаттамасының негізгі мәселелері.
Герадоттың еңбегінің тақырыптары мен мазмұндары
Галикарнастық Геродот (біздің дәуірімізге дейінгі 485-425 жылдар шамасы) — грек тарихшысы. Кіші Азияның оңтүстік-батысында, негізін дориялықтар қалаған Галикарнас қаласында туған. Жас кезінде Галикарнастың зұлым билеушісі Лигдамийге қарсы көтеріліске қатысқан. 450 жылдан кейін Афины қаласына кеткен. Онда Софоклмен достасқан, Периклдің айнала төңірегіндегілермен аралас-құралас жүріп, пікір алысып тұрған, ал афиналықтарға арналған мадақтау өлеңдері үшін 10 талант мөлшерінде сыйлық алған. 444 жылы Италияның оңтүстігіндегі Фурия қаласының негізін қалауға белсене қатысып, Фуриялық деген қосымша атқа ие болған. Шші Азияны, Грекияны, Парсы патшалығын Вавилон мен Сузаға дейін аралап, саяхат жасаған. Мысырда, Сирия жағалауындағы Финикия қалаларында, Африкадағы Кирена қаласында, Сицилия аралында, сондай-ақ Оңтүстік Италиядағы Кротон және Метапонт қалаларында болған, Қара теңіздің жағалауымен жүріп отырып, Борисфен-Ольвияны көрген, Днепр мен Буг өзендерінің бойындағы, жайылма жазықтағы скиф-эллин қаласына барған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет