Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


Карфагендегі (б.з.д. V—IIIғғ.) әлеуметтік-экономикалық қатынастар



Pdf көрінісі
бет25/66
Дата07.09.2022
өлшемі1.3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Карфагендегі (б.з.д. V—IIIғғ.) әлеуметтік-экономикалық қатынастар 
Б.з.д. V— IV ғғ. Карфаген Жерорта теңізіндегі ең күрделі делдалдық 
орталығы болған. Ол арқылы Шығыс Жерорта теңізінің түрлі аумақтарынан: 
Финикий, Мысыр, Кіші Азия, бірқатар грек қалаларынан, Сахарадан, 
Пириней түбегінің Жерортатеңіздік және Атланттық жағалауларынан
тауарлар өтетін. Осы тауарлардың көпшілік бөлігі карфагендік саудагерлер 
үшін үлкен пайдамен Жерорта теңізінің басқа аумақтарына қайта сатылатын.
Карфагендік олигархияның сауда қызығушылықтарын қорғау, Жерорта 
теңізінің маңызды сауда жолдарында үстемдік ету Карфагеннің басқа 
мемлекеттермен көптеген келісімдер жүйесімен қамтамасыз етілді. Ол 
Риммен 3 келісім-шарт жүргізіп, өзінің Италия мен Батыс Жерорта теңізі 
айналысындағы 
маңызды 
теңіз 
жолдарында 
экономикалық 
қызығушылықтарын қорғай алды. Карфагендік сауда қарым-қатынастары 
жүйесінде құлдар мен металдар саудасы маңызды орын алған. Құлдарды 
Африканың ливиялық және негритяндық тайпалардан әкелетін, ал металдар 
негізінен Испаниядан әкелінетін. Сауданың делдалдық сипаты ( тауарлар 
үлкен партиялармен теңіз және караван арқылы өтетін) Карфагенде ақша 
айналымының өзгешелігін көрсеткен: IV ғасырға дейін Карфагенде өз 
ақшасын шығармаған, түрлі есептеулерге грек және парсы монеталарын 
немесе қымбат металдарды қолданған.
Карфаген б.з.д. V—III ғғ. Ірі қолөнер орталығы болды: қалада он 
шақты құлдар жұмыс істейтін, түрлі керамика, статуэткалар, қымбат
металдардан 
жасалған 
өнімдер 
заттар 
жасалынатын 
көптеген 
шеберханаларболды .Жалдамалы карфаген әскері қалалық шеберханаларда 
жасалған қарулармен (қылыштар, найзалар, дротиктер, қалқандар, т.б.)
қамтамасыз етілді. Карфагендіктер шебер құрылысшылар болған. Қаланы 


74 
ішінде керемет храмдары, ақсүйектер үйлері салынған мықты қорғаныш 
қабырғалары қоршаған. Жақсы қамтылған бірнеше жүз корабльдерден 
құралған әскери-теңіз флоты ең мықты күш болған. Карфагендіктер тек 
шебер теңізшілер ғана емес, сонымен қатар жақсы корабль жасаушылар 
болған. 
V—IV ғғ. Солтүстік Африкада ауқымды территорияларға ие болуы - 
карфагендіктер 
экономикасына 
аса 
маңызды 
интенсивті 
ауыл 
шаруашылығының 
дамуына 
жақсы 
септігін 
тигізді. 
Дәстүрлі 
диқаншылықпен айналысып жүрген жергілікті тұрғындар өнімнің 1/10 
бөлігін салық ретінде беруге міндеттенді, салық санын жиі көбейтетін. Олар 
карфагендіктер жағдайына тәуелді болды, құл болып саналмаса да , олардың 
бостандығы шектеулі болды. Ауыл шаруашылығы құлиеленушілік 
поместьелерде жоғары дәрежеге жетті. Олардың иелері жүзімдіктерден, 
зәйтүн алаптарынан, бау менен бақшалардан құралған жоғары өнімді
шаруашылықты ұйымдастырды. Карфаген қаласы жақсы ұйымдастырылған 
көптеген құлиеленушілік имениелермен қоршалған. Карфагенннен біраз 
алыстау диқаншылықпен айналысатын туземді тайпалар өмір сүрген. Олар 
да карфагендіктерге ауыр салықтар төлеген.
Карфагендік қоғам б.з.д VI—III ғғ. антикалық типтің дамыған құлдық 
мен ежелгі Шығыс қоғамына тиесілі элементтері бар құлиеленушілік қоғам 
болғанV—IV ғғ. Солтүстік Африкада ауқымды территорияларға ие болуы - 
карфагендіктер 
экономикасына 
аса 
маңызды 
интенсивті 
ауыл 
шаруашылығының 
дамуына 
жақсы 
септігін 
тигізді. 
Дәстүрлі 
диқаншылықпен айналысып жүрген жергілікті тұрғындар өнімнің 1/10 
бөлігін салық ретінде беруге міндеттенді, салық санын жиі көбейтетін. Олар 
карфагендіктер жағдайына тәуелді болды, құл болып саналмаса да , олардың 
бостандығы шектеулі болды. Ауыл шаруашылығы құлиеленушілік 
поместьелерде жоғары дәрежеге жетті. Олардың иелері жүзімдіктерден, 
зәйтүн алаптарынан, бау менен бақшалардан құралған жоғары өнімді
шаруашылықты ұйымдастырды. Карфаген қаласы жақсы ұйымдастырылған 
көптеген құлиеленушілік имениелермен қоршалған. Карфагенннен біраз 
алыстау диқаншылықпен айналысатын туземді тайпалар өмір сүрген. Олар 
да карфагендіктерге ауыр салықтар төлеген.
Карфагендік қоғам б.з.д VI—III ғғ. антикалық типтің дамыған құлдық 
мен ежелгі Шығыс қоғамына тиесілі элементтері бар құлиеленушілік қоғам 
болған. 
Карфагенде кұлдар мен құлиеленушілерден басқа еркін ұсақ өнім 
өндірушілерді бөліп алуға болады . Көп адамды бай қала-Карфагенде (оның 
халқы 200мыңдай) төмеңгі кластағы еркін халықты плебс құраған. Плебстер- 


75 
қолөнер шеберханаларында , портта жұмыс істеушілер, карфагендік 
олигархияға тәуелді адамдар. Құлиеленуші класқа ірі жер иеленушілер, 
құлдық шеберханалар иелері , көтерме саудагерлері, абыздар жатады.
Көптеген ежелгі елдеріне қарағанда , соның ішінде финикиялық қалалардан 
айырмашылығы Карфагенде бюрократиялық аппарат дамымаған.
Карфагеннің экономикалық гүлденуі көптеген құлдар мен тәуелді 
жергілікті тұрғындар ең ауыр экплуатациясы негізінде дамыды. Кластық 
және әлеуметтік қарама-қайшылықтар өте қатты болды. Карфагендік 
құлиеленушілер құлдар қарсылықтарын ылғи да басып жаныштайтын. Б.з.д. 
IV ғ басында тәуелді ливиялық тұрғындар карфагендіктердің Сицилиядағы 
ауыр жеңілісін пайдаланып бас көтерді, тек үлкен күш арқылы осы 
көтерілісті басып тастады. Ондда грек тарихшысы Диодор деректері 
бойынша 200 мыңдай адам қатысты. Б.з.д. 241—238 жж. Карфагенді 
толқытқан жалдамалар мен жергілікті тұрғындар бас көтеруі болды. Тек 
барлық резервтерді мобильдендірудің арқасында карфагендік үкімет осы 
қозғалысты тоқтатты. 
Карфаген ішінде де тыныштық болмады. Қалалық плебс карфагендік 
олигархиямен қамтамасыз етіліп отырса да , қаланың өзінде әлеуметтік 
алауыздықты тудыртып, өз келіспеушілігін жиі көрсететін .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет