Ежелгі дүние тарихын пәнінен оқу жұмыс бағдарламасы


Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 9-10



Pdf көрінісі
бет56/66
Дата07.09.2022
өлшемі1,3 Mb.
#38565
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 9-10 
апта, 4балл 
 
№6 тақырып Б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтағы Орта Азия. 
Мақсаты: Б.з.д. ІІІ-ІІ мыңжылдықтағы Орта Азия тарихындағы ежелгі 
Аравия өркениетімен экономикалық дамуы туралы білімді бекіту және оқу 
дағдыларын қалыптастыру. 
Негізгі сұрақтары:
1. Ежелгі Аравия өркениеті. 
2. Ежелгі Аравияның әлеуметтік – экономикалық жағдайы. 
Тапсырма: Аравия мемлекетінің ежелгі кездегі дамуының ерекшеліктері 
мен мемлекеттік бірлестіктеріне сипаттама жасау, қоғамдық құрылысына 
тоқталу, әлеуметтік экономикалық жағдайы, саяси және мәдени дамуы мен 
ерекшеліктерін ашып көрсете отырып конспект әзірлеу. 
Әдістемелік нұсқау: Бұл тақырып бойынша студент Ежелгі Аравия 
өркениетіне тоқтала отырып толықтай сипаттама беру, Ежелгі Аравияның 
әлеуметтік – экономикалық жағдайын жан-жақты қарастыра отырып сыртқы 
саясаттыда ашып көрсету қажет.Оңтүстік және Солтүстік Аравияның 
ерекшеліктерін талдай отырып студенттер өз пікірлерін ашып жазуы керек. 
Есеп беру түрі: Студент тапсырманы жазбаша тапсырады. 
Тапсырманы орындау мерзімі және студенттің білімін бағалау: 11-12 
апта, 4балл 
 
№7 тақырып Ежелгі Қытай қорғаны. 
Мақсаты: Ежелгі Қытай қорғанының салынуы мен тарихи маңызы туралы 
білімді бекіту. 
Негізгі сұрақтары:
1. Қытай қорғанының салынуы. 
2. Ұлы Қытай қорғанының тарихта алатын орыны. 
Тапсырма: Ұлы қытай қорғаның қытай тарихында алатын орны, салыну 
себебіне, Қытайдағы ең ежелгі қорғаныс түрі ретіндегі ерекшелігі, салынған 
жылдарына тоқтала отырып коолоквиум тапсыру. 
Әдістемелік нұсқау: Тақырып бойынша студент Қытай патшасы Цинь 
Шихуанди өз жерін қорға негізінде салдырған ұлы қытай қорғаның тарихи 
маңызына тоқталу, Қытай қорғанының салынуы Б.з.б. 475 – 221, Ұлы Қытай 
қорғанының тарихта алатын орыны, Мин дәуірінде жүргізілген жұмыстар Екі 
жарым мың жылдан астам тарихы бар Цинь Шихуанди қосқан үлесі 
тақырыптарындағы зерттеулерін талдау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет