Ежелгі Қосөзен елдері



бет1/16
Дата14.09.2023
өлшемі4,43 Mb.
#107929
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Ежелгі Қосөзен елдері

Азияның оңтүстік-батысындағы бір-бірімен қатар жарыса ағатын екі өзен – Ефрат пен Тигр Кавказ тауларының сілемдерінен басталып, Парсы шығанағына құяды. Бұл өзендерді жергілікті тұрғындар Қосөзен деп атады.

Қосөзеннің оңтүстігіндегі тұрғындар тарихта Шумер мен Аккад халықтары деп аталды. Шумерліктердің тілі шығыс семиттік тіл тобына жатады. Кейін осы тілді Аккад тілі ығыстырып, негізгі тілге айналды. Түрлі тілде сөйлеген халықтар өзара бір-бірімен жауласпай, ортақ атаумен өздерін «қарабастылар» деді.

Б.з.д IV мыңжылдықта Қосөзенде қалалар қалыптаcты. Негізінен, бірнеше қала мемлекеттер бір-бірінен дербес өмір сүрді. Ең әйгілі қалалары: Ур, Урук, Ниппур, Киш, Лагаш, Умма, Шуррупак болды.

Қосөзенде өркениетті дамытушылар шумерліктер болды. Олар елдің басшысын «нубанда» деп атады. Қала-мемлекеттерде қоғамдық мекемелер, базарлар, шеберханалар, патша сарайлары, ғибадатханалар және тұрғын үйлер болды.

Дүниедегі ежелгі жазу жүйесі Қосөзенде қалыптасты. Оны дүниеге әкелген шумерліктер болды. Әріптер үшкір таяқшамен жұмсақ балшыққа батыру арқылы жазылатын болды. Балшыққа батыра отырып, сызу арқылы жазылған әріптер балшық кепкен соң кәдімгі сынаның орнындай болып қалатын. Сондықтан бұл жазу жүйесін сына жазу деп атайды.

Қосөзендегі ірі Аккад мемлекетінің гүлденуі Нарамсин тұсында болды. Ол Сирияны басып алып, Жерорта теңізіне дейін жетті. Тигрдің бойын тұтас бағындырды. Египетке жол ашты. Шығыста Элам билеушісімен келісімге отырды. Осылайша елдің төрт құбыласындағы ірі елдерді өзіне бағындырды.

Орталығы Аккад қаласы болған ірі мемлекет б.з.д. ХХIV ғасырда құрылды. Оның негізін қалаған патша Саргон ( Шаррум-кен немесе Шаруккин) болды. Ол елді 55 жыл яғни б.з.д. 2316-2261 жылдары басқарды. Ол Шуммер-Аккад патшалығын құрды. Оның тұсында Қосөзенде қырқысу тоқтады. Саргон біріккен Қосөзен халықтарынан қуатты әскери күш жасақтады. Сол күшпен бастыста «Күміс таулар» деп аталған Сирия жерлеріндегі тауларға дейін жорық жасады. Ол мықты патшалық билік орнатты. Оны тіпті «әлемнің төрт құбыласының билеушісі» деп те атады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет