Ежемесячный научно-педагогический журнал министерства образования и науки рк



жүктеу 1.89 Mb.
Pdf просмотр
бет8/12
Дата24.03.2017
өлшемі1.89 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

46

www.kazektep.kz

Әрбір  қатысушыға  арнайы  файл папкасында электронды ғылыми-

музыкалық материал, аталмыш  ғылыми-әдістемелік конференция бағ-

дарламалары мен жоспарлары үлестірілді. 

Суретте  осы аталмыш базалық алаңның ұйымдастырушылары:  

халықаралық ұстаздар  Одағының төс белгісі иегері Құсманова Жанар 

Казкенқызы, ортада Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің 

педагогика факультеті музыкалық білім кафедрасының педагогика 

ғылымдарының кандидаты, доцент,  Базалық алаңының жетекші тәлімгері 

Сұлтанова Нұргүл Камилқызы, республикалық «Ең үздік музыка  мұға-     

лімі – 2007» сайысының жүлдегері, халықаралық «Білім көшбасшысы» 

алтын  медалінің  иегері Абдухамитов Айдар Абдіхатұлы.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім 



айтпаса, ел болғаның қайсы» дегендей, әрбір ұстаздың мақсаты – ерік-

Алматы қаласының құрметті азаматы Бейсем-

беков Айтмұхамбет Тұрсынбекұлы, Татар  

мәдениеті орталығының төрағасы, Татарстан 

Республикасының композиторлар  одағының 

мүшесі, әнші-композитор Ахунжанов  Габдулхак  

Габдуллович, Қазақстан Республикасының  

еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, білім 

беру ісінің үздігі, Ә.Қашаубаев атындағы 

филармонияның бас дирижеры, Қазақстан 

композиторлар одағының мүшесі, сазгер 

Сейтқазы  Оразғали  Жүнісбекұлы келіп  қаты-

сып, мектеп жасындағы балаларға  арналған  

әндер мен шығармаларын,   ноталық  жазбалары  

бар  өз  кітаптарын тарту етті. 

Сондай-ақ ғылыми-әдістемелік кон-

ференцияға арнайы  №4 жалпы  орта білім  

беретін мектептің музыка мұғалімі  Искаков 

Мэлс Сейтбекұлы «Семей  өңіріндегі  сазгер, 

майталмандар», «Жасұлан» ұлдар лицейінің  

мұғалімі Маныбаева  Гүлнара  Тілеубайқызы 

«Семей өңіріндегі сазгерлердің  әскери-па-

триоттық  тақырыптағы шығармаларының  

маңызы», №1 жалпы орта білім беретін  

мектептің музыка мұғалімі Кусманова Юлия  

Патриотқызы «Композитор Габдулхак Габ-

дулұлы Ахунжанов», №17 жалпы  орта  білім  

беретін  мектептің музыка мұғалімі Абдухамитов  

Айдар  Абдіхатұлы «Шығыстың шынары, 

көңілдің шырағы  әнші-композитор Тұр-

сынғазы Рахимов» тақырыбында ғылыми-

әдістемелік жұмыстарымен  бөлісіп, тұсау-

кесерлерін   паш  етті.

Конференцияны қорытындылау, қатысу-

шыларға сертификат тапсыру сәті қалалық  

білім  бөлімінің  бас маманы, қалалық  музыка  

мұғалімдері бірлестігінің әдіскері Тұрсынбекова 

Майнұр Есенбекқызына ұсынылды. «Семей  

өңірінің әнші-композиторларын насихаттау» 

тақырыбында музыка  мұғалімдеріне  арналған 

ғылыми-әдістемелік конференция музыка 

мұғалімі Ж.Қ. Құсманова жетекшілік ететін 

«Ғұмырдария» ән студиясының ән-шашуымен  

аяқталды. 



47

www.kazektep.kz

жігері мықты, адамгершілік деңгейі жоғары, сапалы білім беру арқылы 

Қазақстанның болашағына сай келетін ұрпақты тәрбиелеу. Яғни, бүгінгі 

өмір талабына  сәйкес білім берудің  жаңа мазмұнын, оқытудың  басым   

бағыттарын нысанаға ала отырып, барынша дамыған, алдыңғы қатарлы 30 

мемлекеттің қатарына қосылуы және әлемдік білім беру кеңістігіне енуді 

жүзеге асыру қажет. Өркениетті ел қатарына қосылудың кілті – білімде 

болса, білімнің көзі – мектепте екенін ұмытпайық. 

Резюме

В данной статье рассматриваются вопросы о программе базовой площадки, результатах 

и достижениях проводимых работ и целесообразности городских методических конференций для 

преподователей общеобразовательных школ.

Summary

In this article are examined questions about the program of base area, results and achievements 

of the work and expediency of urban systematic conferences for the the prepodovateley of the general 

education schools.

емлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір 

мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауы тәуелсіз 

ӨНДІРІСТІК  ОҚУДЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУ  ЖӘНЕ  БАСҚАРУ

Мұрат ДОСАЕВ,

№21 колледж директорының оқу-өндіріс ісі 

жөніндегі орынбасары

еліміздің болашақ бағыт-бағдарын айқындап қана қоймай, 2050 жылға 

дейінгі даму жоспары мен оны іске асырудың алғышарттарын белгілеп 

берді. Стартегиялық маңызды құжат қағидаттарымен құнды, өзектілігімен 

өміршең. Елбасының «ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді 

және денсаулығы мықты азаматтар»  деп айтуында үлкен мән-мағына жа-

тыр. 


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жыл-

дарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Техникалық және кәсіптік 



білім жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын және экономи-

ка мен әлеуметтік саланы дамытудың перспективаларын қанағаттандыруда 

маңызды рөл атқаратынын, қоғамның және экономиканың индустриялық-

инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім 

жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне бірігу» міндеттелген.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында  білім беруді дамытуда 

және білім сапасында жоғары жетістіктерге жету мақсатында басшылықтың 

іскерлігі, жұмыс әдістері, оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыра білу, 

педагогикалық ұжымның міндеттерді шешуге жауапкершілігін арттыру мен 

кадрларды дұрыс таңдау белгілі бір нәтиже бере алады. 

Оқу орнының басшылық құрамы ұйымдастыру жұмыстарында мына 

мәселелерді  негізге алып отыруы керек: 



– студенттердің оқу үлгерімі мен тәрбие сапасының жоғары болуы;

– әдістемелік ұсыныстар мен өндірістен қол үзбей ұдайы біліктіліктерді 

жоғарылату; 

– оқу-материалдық базаны заманауи жабдықтармен дамыту; 

– педагог кадрларды дұрыс таңдау және қызметтік міндеттерін бөлу;

– ішкі бақылау жұмыстарын жоспарлы ұйымдастыру.   

Колледждердегі өндірістік (практикалық) оқытудың ерекшелігі – 

оның түрлі әдістерде қолданылуы: оқу шеберханаларында оқыту, жаттығу 

М


48

www.kazektep.kz

полигондарында оқыту, өндірістік бригадалардың құрамында тәжірибелі 

мамандардың қарамағында үйрену. 

Заман талабына сай және өндірістің сұранысына қажет білікті ма-

мандарды даярлау колледждердегі өндірістік оқытуды дұрыс ұйымдас-

тырылуымен тікелей байланысты.  Өндірістік оқытудың үрдісі теориялық 

оқумен қатар колледж басшыларының үнемі назарында болады.  Оқу 

орнының материалдық-техникалық базасын жаңарту, жаңа техника 

түрлерін алу, жабдықтарды ауыстыру мәселелері белгілі бір кезеңдерде 

ғана басшылықтан көңіл бөлінсе, оқу-тәрбие жұмыстары күнделікті 

басшылықтың қадағалауында болады. Өндірістік оқытуды ұйымдастыруда 

мынадай талаптардың орындалуы тиіс:

– сабақтың оқу-материалдық базасын дайындау;

– талданып  дайындалған сабақ жоспары;

– сабақтың уақытын тиімді пайдалану, әдіснамалық деңгейінің жоғары 

болуы;

– нормативтік талаптарға сай әр студентті жұмыс орнымен және 

қажетті материалдармен қамтамасыз ету;

– студенттердің кәсіптік дағдыларын өндірістік оқытуды тиімді ұйым-

дастырудың негізінде қалыптастыру;

– техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтай отырып, жұмыс    

жоспарын орындау.

Өндірістік оқытуда теориялық оқыту сияқты пәнаралық байланыс, 

сабақтың дамытушылық мақсаты, сабақтың тәрбиелік мақсаты және 

сабақтың әдісі маңызды болып табылады. Өндірістік оқытуды басқару    

жоспарлы ұйымдастыруды, бақылауды, реттеуді және педагогикалық тал-

дау жасауды қажет етеді. 

Жаңа типті маманның бет-бейнесін қалыптастыру үрдісі – күрделі, көп 

жағынан қарама-қайшылығы мол мәселе. Теория мен практика жүзінде 

мамандарды экономикалық, техникалық және дүниетанымдық тұрғыдан 

тәрбиелеу заман талабы. Қазіргі заманғы мамандар өз мамандығы бойын-

ша терең   білімге ие болумен қатар  мәдениеттілік деңгейінің жоғары бо-

луы қажет. Мұнда, сөз жоқ, мамандарға айналадағы болмысты тезірек бар-

лап, болжауда, нарықтың қатал талаптарынан икемді де тиімді жолдармен 

шығуға және табыс табуға септігі тиеді. Қазіргі жағдайда мамандар дайын-

дау және тәрбиелеу ісі ғылым мен техниканың, мәдениет пен басқарудың, 

еңбек пен бос уақыттың дамуына байланысты әрбір адамның ұдайы жетіле 

беруге және жан-жақты білім алуға талпынуымен тығыз байланысты.

Өндірістік оқытудағы ерекше маңызды жайт: өндірістегі жаңа иннова-

циялық тәжірибелерді қолданып, оларды оқу үрдісіне пайдалану. Білікті 

мамандарды дайындау кезеңдерінде теория мен практиканың байланысын 

ұштастыратын бағыт – өндірістік оқыту үрдісі. Бұл кезеңдер студенттердің 

технологиялық үрдістерді қолдана отырып өндірістік жұмыстарды орын-

дауға мүмкіндіктер береді.

Мамандардың өндірістегі еңбегі оның кәсіпқой шеберлігінің басты 

көрсеткіші болып табылатындықтан,  өндірістік (практикалық) оқытудағы 

тапсырмаларда белгілі бір бағыттылық сақталуы қажет. Олар:



– қолмен  жасалатын  жұмыстардың орнына  механикалық және элек-

трлік құралдарды пайдалану; 

– еңбек өнімділігін арттыратын  түрлі жобаларды қарастыру;

– жұмыс түрлеріне арналған арнайы құралдарды қолдану;

– ғылыми жаңашыл жобаларды тиімді енгізу және т.б. 

Маманның жоғары кәсіптік дәрежеге ие болуы үшін түрлі техникалық 

білімдерді терең меңгеруі тиіс. Сондықтан студентті колледжге түскен 

алғашқы күндерінен бастап түрлі техникалық үйірмелерге қатыстырып, 

таңдаған мамандығына құштарлығын арттырып, техникалық ойлау қабі-

летін дамыту қажет.

Өндірістік оқытуды терең меңгеру үшін өндірістік оқыту шебері мен 

басшылықтың (аға шебер, директордың оқу-өндіріс ісі жөніндегі орынба-



49

www.kazektep.kz

сары, әдістемелік кабинет жетекшісі) қызметтік міндеттерін нақты бөліп 

алуы қажет. 

Студенттің оқу-өндірістік жұмыстарды сапалы орындауы үшін 

 

көптеген сұрақтарды қамтитын ұйымдастырушылық-педагогикалық іс-



шаралардың бағыттары мыналардан тұрады:

– өндірістік оқытудың материалдық-техникалық  базасын  ұдайы дамыту; 

– оқу-өндірістік жұмыстарды педагогикалық тұрғыдан таңдау; 

– студенттерді қажетті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету; 

– өндірістік оқыту шеберлерінің біліктіліктерін жоғарылату шараларын  

жүйелі ұйымдастыру және т.б. 

Студенттерге білім берудегі әр бағыт белгілі бір лауазымдағы басшы-

лардың (директор, директордың оқу-өндіріс ісі жөніндегі орынбасары, аға 

шебер) қадағалауында болуы тиіс.   

Осы мақаланы жазудағы мақсат – өндіріске қажет жұмысшы маман-

дарды (құрылысшылар, газэлектрмен дәнекерлеушілер, тігіншілер, авто-

слесарлар, тракторист-машинистер және т.б.) даярлауда өндірістік оқытуды 

ұйымдастыру мен басқарудың колледждерде (әсіресе, бұрынғы лицейлер-

де) ерекше орын алатынын  жеткізу еді.

Әдебиет

1. Қазақстан   Респуликасының   Президенті   Н.Назарбаевтың   «Қазақстан   жолы –  

 

2050: бір  мақсат, бір мүдде, бір болашақ»  Қазақстан халқына Жолдауы.



2. Қазақстан   Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011–2020 жылдарға арнал- 

 

ған мемлекеттік бағдарламасы.



3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы.

4. Макиенко Н.И. Педагогический процесс в  училищах профессионально-техничес- 

 

кого образования. – 1977.



Түркістан қаласы.

азақстан – 2030” бағдарламасында «Біздің балаларымыз білімі жоғары 



жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайрат-

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ МЕН 

БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Орынкүл ЖӘЛИ,

№14 «Талас» колледжінің нарықтық 

экономика пәні оқытушысы

керлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері бола-

ды», «Келешектің иесі – жастар» делінген. Сондықтан заман талабына 

сай қоғамды көркейтетін, дамытатын жастарды тәрбиелеу ең маңызды 

мәселе екені даусыз. Ендеше экономикалық өрлеудің жоғары қарқынына 

жету қабілеттілігіне ұмтылумен шектеліп қоймай, басты назарын  бәсекеге 

қабілетті, «интеллектуалдық әлеуетке» аударып отыр.

Жастарға заман талабына сай білім беріп, олардың экономикалық 

мәдениетін көтеру – уақыт талабынан туындап отырған мәселе.

Экономикалық білім берудің басты мақсаты – студенттердің бойын-

да экономикалық ойлау қабілетін қалыптастыру, қоғамдағы эконо-

микалық құбылыстар мен үрдістердің мәнін түсіндіру, қоршаған 

орта өзгерістеріне бейімделе білуі мен қоғамда өз орнын таба білуге 

үйрету. Экономикалық мәдениетпен, қоғамның экономикалық заңды-

лықтарымен таныстыру, оларды жеке тұлғаның дамуы, қалыптасуы 

негізінде материалдық құндылықтарды өндіру мақсатында еңбек ете 

білуге үйрету және  өз Отанының патриот азаматын тәрбиелеу.  Эконо-

микалық  білім  ұқыптылыққа, танымдық белсенділігі мен өзіндік 

қабілеттерінің қалыптасуына, ынталандыру идеяларымен жақын таны-

суына қолайлы ықпалын тигізеді.



“Қ

50

www.kazektep.kz

Экономикалық  білім  басқа  білім түрлері сияқты белгілі  бір бі-

лім жүйесін игеру экономикалық септеуде іскерлік пен дағдыны 

қалыптастыруда, өндірістегі іс-әрекет экономикасын талдауда меңгеріледі.

Экономикалық тәрбие адам бойында тәртіптілік, ұжымшылдық, 

ұқыптылық, іскерлік, үнемділікке, құштарлыққа, еңбектегі шығарма-

шылық, қанағаттылыққа, т.б. қасиеттерді дамытуға бағытталған. Жастарға 

экономикалық қызмет, қоғамымыздың экономикалық заңдары туралы 

дұрыс түсінік береді.

Экономикалық санаға нарықтық экономиканың негізгі заңдары тура-

лы білімдер енеді. 

Экономикалық тәрбие мен білімнің өзіне тән әдістері мыналар.

1. Жаттықтыру. Әртүрлі іс-әрекеттерін істей білуге машықтандыру, 

жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру,  уақыт   және  өндіру  нормаларын 

анықтау, материалдарды, электр қуатын, суды, газды үнемдеп пайдалану, т.б.

2. Тәжірибелік жұмыстар мен эксперимент. Бұл әдістерді өндірістік 

бригадасында, оқу-өндірістік кооперативте, үйелмендік шығармашылық 

қожалықтарында, шағын құс, мал фермаларында қолдануға болады. 

Білім алушыларды өнімді бағалай білуге, бизнес, ақша мен пайда сияқты 

ұғымдарды өмірде қолдана білуге дағдыландыру.

3. Экономикаға байланысты есептер шығару. Яғни, еңбекақыны, уақыт 

және өндіру нормаларын есептей білу, рентабельдік, пайда, салық, өзіндік 

құн, басқа да ұғымдар жайлы есептер шығаруға үйрету.

4. Ғылыми-техникалық экономикалық әдебиеттермен жұмыс.

5. Сандық материалды талдау әдісі. Саяхат  кезінде жинаған мәлімет-

тердің негізінде кестелер, диаграммалар жасау, қандай болса да эконо-

микалық шаруалардың тиімділігін анықтау.

6. Экономикалық сөздіктер жасау. Нарықтың экономикалық термин-

дерін қазақ тіліне аудару. Сөздіктерді пайдалана білу мен қорын молайту.

Қазіргі кезде болып жатқан жаңа  әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық 

саяси өзгерістер жағдайында еліміздің әрбір азаматы, әсіресе, жас түлектер 

өмірдің дамуынан қалыспай, өзінің отандық парызын еш уақытта естен 

шығармауы керек. Әрине, бұл өте жауапты жұмыс. Сондықтан нарықтық 

экономикаға байланысты тәрбие мен білім беру ісін басқару, оны 

жетілдірудің жолдарын іздестіру, оларды ұтымды қолдану – педагогикалық 

ұжымның төл ісі.

Әдебиет

1. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасы.

2.  Хеджаниязова Ж.Т. Нарықтық экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2007.

3. Жолдасова Г. Экономика негіздері. – Астана: Фолиант, 2008.



Жамбыл облысы

Талас ауданы

Ақкөл ауылы.

лбасының "Қазақстан–2050: мәңгілік ел" үндеуінде Қазақстан аза-

маттары құқығын біліп қана қоймай, стратегиялық мәдени, еңбек 

ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – БАСТЫ МӘСЕЛЕ

Күлшат СЕБЕПОВА,

Т.Жүргенов атындағы өнер академиясының 

мектеп-колледжі мұғалімі

ету құқықтарын орындауда басты қоғам қағидасы екені баса айтылған. 

Сондықтан мәдениет майданы саласында еліміздің айтылмай, жазыл-

май қалған мәдени таңбаларын қамту, еңбек ету – бүгінгі таңдағы кезек 

күттірмейтін мәселеге айналып отыр.

Біріккен Ұлттар ұйымы тұжырымдамасында ұлттық мәдениетке, 

этностық мәдениетке көңіл бөлу керектігі айтылған.

Е


51

www.kazektep.kz

Бала дүниеге келгенде іңгәләп жылап келуі "шарт" екенін батыс, шығыс 

философтарының ескерткеніндей, әр бала өз құқығын, әсіресе, еңбек ету 

құқығын жатқа білуі керек. 

Құқықтық әділеті жоқ елдер еңбек ете алмайды, кері кетеді. Қазақстан 

Республикасы заңы үстем болған құқықтық заңы бар қоғамға айналды. 

Біздің  елімізде демократия жоғарғы санатқа ие. Еліміздің жастары 

басқа елдерге қарағанда парламент өкілеттілігін, өз құқығын (оқу, сөйлеу, 

еңбек) жақсы біледі. Сонымен бірге өз құқығын қорғауды және оны да-

мытуды басты міндеті санайды. Сондықтан біздің колледж түлектері 

де халыққа қызмет ету қоғамымыздың басты міндеті екенін түсініп, 

құқықтық мәдениетке аса зор көңіл бөлуде. Сол себепті мәдени бағдарлама 

саясатындағы мәдени тұжырым негізгі қаруымыз болып отыр.

Өйткені, жастарымыз батыс мәдениетіне еліктеп, өз ұлттық құнды-

лықтарын жоғалтып алуы әбден мүмкін. Өз ұлтының мәдениетін мо- 

 

 

 



 

йындау – әрбір азаматтың басты мақсаты. Сондықтан біз өз ұлтының 

салт-дәстүріне үңіле қарап, басқа ұлттармен теңесуге атсалысу керектігін 

ескеруге тиіспіз. Осы мақсатта төмендегідей төрт басты мәселені 

басшылыққа алу қажет. Елбасының көрсеткені де осы мәселе.

1.  Қоғамдағы жеке қарым-қатынаста жастарымыздың білімді, саясат-

шыл болуы.



2.  Отбасы  тәрбиесі – негізгі мәселе (ата-ана баласын жас кезінен дұрыс 

тәрбие беріп, теріс жолға түсуге жол бермеу).



3.  Мәдени  жағынан сауатты болу. Мәдениетімізді  таза  өз  құнды-

лығымен дәріптеу.



4.  Еңбек ету құқығына лайықты болу.

Елбасы 2015 жылды Ассамблея жылы деп жариялап отырғандықтан, 

қазіргі мектеп оқушыларын, студенттерін осы айтылған мәселелерге 

лайықты етіп тәрбиелеуге ұстаздар қауымы атсалысуы және ол басты 

мақсатымыз деп түсінуі керек. 

Ең бастысы, студенттер мен оқушылар күнделікті өмірде өздерінің 

құқықтары мен міндеттерін дәйекті түрде орындап отырса, құқықтық 

мәдениетіміз  көтеріледі. Әсіресе, өнер  балалары жастайынан  ЮНЕСКО-

ға, оның мақсатына жүгінсе, оны түсініп, әрқайсысы алдарына мақсат 

қойса,  жасаған  істеріне  ойлана  қарайтын  болады. Батыс мәдениетінің ке-

рек  емес  жеріне  қызықпай, өз  ұлтына  менсінбей  қарамай, өз Отанының 

сенімін ақтауға, үлкенді сыйлауға, ұстаздарын құрметтеуге тәрбиеленсе, кол-

ледж  игілігіне  үлес қосса, мектеп, колледж намысын қорғап, беделін өсірсе, 

дәстүрді жалғастырса ұлттық құндылығымыз өз қалпында сақталады.

Еліміз тұғыры Ата заң болғандықтан, әлеуметтік тапсырмада діңгегі-

міз – демократия болмақ. Ендеше жастарымыз өз құқығын терең ұғынып, 

экономикалық  дағдарыс  пен  қылмыстың  көбеюіне қарсы  тұруда,  оны  

жоюға көмектесуге қажетті  құқық  міндеттерін бақылауды алға тарта-

ды. Мәселен, жастар өздерінің демократиялық үрдістеріне келтіретін 

кедергілерді жоюға көмектесу арқылы Қазақстан Республикасының 

азаматтық құқығының қайнар көздерімен Ел конституциясының мен-

шіктің түрлі нысандарына көрсеткен 6-баптағы ҚР азаматтық кодексіндегі 

азаматтық құқығына ерекше ие бола алады. Ол үшін жер, су, байлықты 

көзінің қарашығындай  қорғауды, олар мемлекет қарауында екенін, жеке-

меншік пен мемлекеттік билік бірдей қорғалатынын және бәрі заңмен 

белгіленгендігін оқып білу қажеттілігін ұғынуы керек. Біздің мектеп-

интернат колледжіміздегі ішкі ереже, өзін ұстау, қоғам мүлкін таза 

сақтау көзделген. Осыған орай, біз балаларды колледждегі, интернаттағы 

қоғам мүлкіне, жанашырлық  көзқарас танытуға, өзінен кейінгі мектеп 

оқушыларына үлгі боларлықтай із қалдырып кетуге баулуға ұмтыламыз. 

Соның арқасында олар азамат болып тәрбиеленіп, құқықтың норма 

жиынтығына, өмірдің күнделіктегі заңдылықтарына көз жүгіртіп отыра-



52

www.kazektep.kz

ліміздің   өндіріс  ошағы   болған   Қарағанды  өзінің  80  жылдық ме-

рейтойын тойлауда. Осыған орай, Жамбыл атындағы №7 мектеп-



БІЛІМНІҢ БҰТАҚ ЖАЙҒАН БӘЙТЕРЕГІ

Ошақбай СУХАНБЕРЛИН,

ардагер ұстаз

Тағзым

ССР оқу-ағарту ісінің үздігі Нұрахмет Қайырбайұлы 

Қайырбаевқа арналған оқушылармен, жас мұғалім-

дермен және Нұрахмет Қайырбайұлының көзін 

көрген қазіргі тірі әріптестерімен, ізбасарларымен 

кездесу – еске алу кеші болып өтті. Кештің негізгі 

мақсаты – бақытын еңбектен тауып, маңайына 

шуағын төгіп, адамгершіліктің, адамдықтың  дәнін 

еккен  абзал  ағамыздың  ғибратты  ғұмырының 

өнегелі сәттерін  еске  ала  отырып,  қазіргі  ұр-

паққа ой салу,  күні бүгінге дейін өзектілігін 

жоймаған ғылыми-әдістемелік еңбектерімен та-

ныстыру, ұрпақтар сабақтастығын  байланыстыру, 

қоғамымыздағы алатын орнын көрсету. 

Кездесу кешке артында өшірілмес із қалдырған 

ардақты ағамыз, ұлағатты ұстазымыз туралы осында отырған ұрпаққа ай-

тар тәлімі мол ойларымен бөлісетін, Нұрахмет Қайырбайұлының елі 

үшін, болашақ ұрпақтың қамы үшін қилы кезеңдерде атқарған қызметінің  

куәгерлері болған ардагер ұстаздар:  Иман Әбдіреимов, Майра Жұмашева, 

Шәрбан Жекебаева, Бақыт Бексейітова, Уәзилә Хамитова, Назгүл 

Жұмақасова, Қорлан Смағұлова және осы мақала авторы шақырылды.

Алаштың белгілі ақыны Сәбит Бексейіттің «Көз жұмды қазағымның 



жайсаң  ері,   Ағам  деп,  Ұстазым   деп   айтар  елі, Жадымыздан   өшпес   деп  білемін 

мен,  Білімнің  бұтақ  жайған бәйтерегі!»  дегеніндей, шынында да Нұрекең 

интернатында жыл бойына арналған іс-шаралар аясында көмірлі 

шаһардың өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосқан айтулы ардагер тұлғалар 

туралы тәлімдік-тәрбиелік мәні бар мәдени шаралар да өтіп жатыр. Сон-

дай шаралардың бірі – өз тағдырын осы қаламен сабақтастырып, білім са-

ласында ізгі жол салған қаламыздың құрметті азаматы, КСРО және Қазақ 

ды және өз-өзіне есеп беру ғұрпын қалыптастырады. Дегенмен, әлеуметтік 

ортада әрбір азамат немесе азаматшаның дара тұлға болып қалыптасуы 

тікелей өзіне байланысты. Алайда, колледж педагогтері жастардың ұлттық 

құндылықтар іргесін осы өзі оқып жүрген киелі өнер ордасынан алып 

шығуын көздейді.

Ұлы Абай айтқан "Адам бол" идеясы – бұл қазақ елінде ұдайы да-

мып келе жатқан идея. Абайға дейінгі өмір сүрген әл-Фарабидің көрсетіп 

кеткені де осы. 

Мектеп-интернат колледжінің оқушылары мен студенттері құқықтық 

мәдениетіміздің басты элементтері  болып  саналатын заңдардың, ереже-

лердің жарғыларын орындауға атсалысып отырса, бұл – біздің жетістігіміз.

Сонымен қатар олар білім алуға, өзінің ар-намысын құрметтеп, өз 

ойын ашық білдіруге өзін тәрбиелей білуі керек. Заңда айшықталғандай, 

мектеп-интернат колледж қабырғасында оқып жүрген жастарымыз 

барлық сабақтардан білім аясын кеңейтуге, аянбай еңбек етуге, барлық 

мүмкіншіліктерін жасауға толық құқығы бар.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет