Экономика



бет10/11
Дата25.10.2022
өлшемі63,32 Kb.
#45283
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ҰСЫНЫС


бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.
Халықаралық экономика бойынша терминологиялық сөздігі / Жетпісбаева Б.А., Есенгельдин Б.С., Хусаинова Ж.С., Жартай Ж.М. – Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2016. – 181 б.
  1. ҰСЫНЫС ЗАҢЫ


басқа жағдайлар тұрақты болғанда, өнімнің бағасы өскенде, өнімге деген ұсыныс көлемі де артады.
Мэнкью Грегори Н., Тейлор Марк П. Экономикс, 4-халықаралық басылым. Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018 жыл – 848 бет.
  1. НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК


өзара байланысты экономикалық үдерістердің теңдестірілуі (мысалы, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі) және үйлестірілуі, экономикалық агенттер мен жалпы нарықтарды орын алып отырған жағдайды өзгертуге итермелейтін себептердің жоқтығы; сұраным мен ұсынымның экономикалық заңға баламалы ара салмағы; тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге сұраным көлемі мен құрылымынын және олардың ұсыным көлемі мен құрылымының ара салмағы.
Теорияда жеке тепе-теңдік, жалпы тепе-тендік қарастырылады. Нарық орнықты тепе-теңдікте латын баға тепе-тең баға деп аталады. Егер бағаны орнықты жағдайдан қозғауға тырысушы күштер тепе-тең бағадан қайсібір ауытқушылық жасаса, тұрақсыз тепе-теңдік пайда болуы мүмкін.
Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. 

СҰРАНЫС БАҒАСЫ


тұтынушылардың берілген игіліктер көлемін сатып алу үшін төлеуге дайын немесе төлей алатын максимальды бағасы. Тұтынушылар бұл жерде игілікті сатып алуға өздерінің мүмкіндіктерін толық көрсете алуы керек. Яғни нарықта қолындағы қаражатын толық жұмсай алу кезі.

  1. СҰРАНЫС КӨЛЕМІ


тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін игіліктердің максимальды саны. Нарық жағдайында тұтынушылар игіліктердің берілген жиының тұтынады деген болжам жасалады.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет