Электрондық цифрлық Қолтаңба және сертификат



бет1/3
Дата16.03.2023
өлшемі0,71 Mb.
#74929
  1   2   3

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ЦИФРЛЫҚ ҚОЛТАҢБА
ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТ
Цифрлық технологияларды қолдану аясын кеңейту қазіргі дү-ниежүзінде жаңа құралдардың пайда болуына жол ашты. eGov.kz порталында қандай да бір қызметті алғың келді делік, сен ол қыз-метті алуға құқылы екеніңді дәлелдеуің керек.

«Аутентификация», «идентификация», «авторизация» деген не? Есіңе түсір.


Жаңа инфрақұрылымдардағы негізгі терминдердің бірі – «электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ)» термині.

ЭЦҚ-ны сәйкестендіру мен құжаттарды растау құралы ретінде қолдану өмірімізде қалыпты жағдайға айналды.




Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электрондық құжаттың дұрыстығын, кімге тиесілі екендігін әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
Электрондық цифрлық қолтаңба – осы электрондық құжатты қолдан жасаудан қорғауға арналған электрондық құжаттың деректемесі.
ЭЦҚ ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын (АКҚҚ) пайдалана отырып, ақпаратты түрлендіру нәтижесінде қалыптастырылады. Одан бөлек:



  • құжаттардың бүтіндігін тексеруді;







  • құжатты жіберген тұлғаны анықтауды қамтамасыз етеді. Жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға арналған ЭЦҚ бар, олардың әрқайсысы түрлі міндеттерді орындайды.

Жеке тұлғалардың ЭЦҚ-ны қолдануын қарастырайық:





  • Интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді алу. ЭЦҚ-ны иелену eGov.kz мемлекеттік қызмет көрсету порталының сервистерін толық көлемде қолдануға мүмкіндік береді;







  • ЭЦҚ қолдану үйде жұмыс істейтін әрі интернет желісі арқылы тапсырыс алатын жеке тұлғалар үшін құжаттарды ресми ресімдеуге мүмкіндік береді;







  • Қазақстан Республикасының онлайн-қабылдау бөлмесіне хабарласуға болады;







  • тұрғын үй, балабақша кезегін қадағалау;




  • медициналық сақтандыру, т.б. туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ дәстүрлі қолтаңба мен мөрді алмастырады әрі сол арқылы көптеген операцияларды орындау мүмкіндігін береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет