Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері



Дата02.12.2023
өлшемі64,73 Kb.
#132334



Факультеті «_Жоғарғы экономика және бизнес мектебі_»
Мамандығы «_Экономика_»

СӨЖ
Тақырыбы: “Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшіліктері”.
Орындаған: Дана Оразова Ерболатқызы
Тексерген: Сарсенова Асель Бериковна

Алматы, 2020 ж
Эссе
Әлеуметтанулық зерттеу - ол әлеуметтік ақпарттарды жинап, өңдеп, талдаудың айрықша тәсілдеріне сүйеніп жүргізілетін зерттеу түрі. Әлеуметтік зерттеулерді жүргізіп, қоғамдық пікірді білу үшін қолданылатын әдістер көп, оның ішіне бір-біріне ұқсас сандық және сапалық әдістер де кіреді. Сандық әдіс- статистикалық, дәл сандық дерек қажет болған кезде жүргізілетін зерттеу. Сапалық- ең бірінші ақпарат таратушыдан деректерді жинап, талдау арқылы жүргізілетін әдіс. Ал әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктері қандай?
“Әлеуметтік процестерді табиғаттағы процестер секілді математикалық дәлдікпен есептеуге, модельдеуге және болжамдауға болады ”-деп, армандаған, социологияның атасы Огюст Конт, ғасырлар өтсін, өз арманын бүгінгі арманын толық орындап отыр. Сандық әдіс нарықтық жағдайда және нарықтық зерттеулер жүргізуде кеңінен қолданылады. Ол нарықтағы тауар жайлы ақпарат жинауға мүмкіндік береді. Оның артықшылығына, біз: зерттеу объектісін кең ауқымды түрде қамту, сапалық әдістердің қолданылуы дәстүрлі түрде жүзеге асуын және сұрауға қатысушылардың құпиялығының сақтау мүмкіндіктерін жатқыза аламыз. Сандық зерттеу әдісінің айқын мысалы: сауалнама толтыру болып табылады. Мен сауалнама толтырып, сандық зерттеу әдісіне қатысып көргенмін, сауалнама ұйымдастырушының мақсаты дүкендегі белгілі бір тауарларды алатын адамдардың орташа жасын анықтаған болатын. Бұл сауалнаманы олар әлеуметтік желілерге жүктеді және адамдардың құпиялығын сақтап, көптеген факторлерді зерттей отыра, олар мақсатына жете білді. Менің ойымша сандық зерттеу әдісінің ақпаратты зерттеуі тура дәлдікпен жүзеге асады, сондықтанда бұл әдіс қоғам үшін өте пайдалы.
“Қоғам- математикалық аппараттың көмегімен талдау үшін тым күрделі шындық”-деп, М.Вебер айтып кеткендей, қоғамның бүкіл проблемасын есеп түрінде, формула арқылы шешу мүмкін есем, сондықтан осы сәтте бізге көмекке сапалық әдіс келеді. Сапалық әдіс қазіргі кезде ақпарат жинаудың әртүрлі түрлерінде: тереңдетілген сұхбат алу және фокус-топ әдістері жатады. Бұл әдістер адамдың мінезінің сапалық көрсеткіштерін анықтау үшін қолданылады. Сапалық зерттеулердің жеміс беретін кезі ол зерттеушілердің сирек кездесетін пікір-ойларды жинақтап алуы. Сапалық зерттеулердің адамдардың өмірінде, психологиясында ойнайтын рөлі ерекше деп білемін. Біз оқуда, жұмыста сауалнамаларды толтырамыз, психологиялық тесттерді өтеміз, бұл әдістер арқылы,біз шынайы жауап бере- өмірімізге, оқуда немесе басқа жағдайларда бізге не жетпейтінін біліп, сол арқылы ары-қарай өзімізбен жұмыстар жүргіземіз. Сапалық сияқты әдістердің болуы өмірімізді жеңілдететіні анық.
“Социология- бұл қоғам туралы ғылым”- деп айтылатындай, қоғамда әлеуметтанулық зерттеулердің артықшылықтарымен қатар кемшіліктері де байқалып жатады. Әр әдістің өз кемшілігі бар болғанмен, сандық әдіс пен сапалық әдістердің кемшіліктері ұқсас келеді. Кемшіліктеріне адамдармен жұмыс жасау қиыншылығын айтса болады, бұл әдістер социум ортасында қолданылғандықтан, тікелей адамдарға байланысты, олардың өзін ұстауына және сұхбатты қалап не қаламайтындықтарына. Тағы да бұл жұмыстарды ұйымдастыру үшін, көп қаржы және уақыт керек. Бүкіл ақпаратты жинаған соң оны өңдеу өте қиын болып табылады және бұл іспен нағыз мамандардың айналысуы қажет.
Ойымды қорытындылай кетсем, әлеуметтанулық зерттеулердің қоғам үшін және адам үшін пайдасы көп болып табылады. Олардың ішіндегі сандық және сапалық әдістер бір-біріне ұқсас та, бір-бірінен бөлек те, екеуінің де қоғамда өз міндеттері мен орындары бар. Кей жағдайларда сапалық әдіс сандықты артықшылығымен басып озса, басқа жағдайларда сандық әдіс артықшылығымен көзге түседі. Екеуі ылғи баланста және байланыста екенін байқадым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет