Әлеуметтік дискурстағы тілдік процестер динамикасының КӨрінісі: коронавирус пандемиясы



бет1/4
Дата04.06.2022
өлшемі23,03 Kb.
#36354
  1   2   3   4
Байланысты:
6 Рақымбекова ӘЛЕУМЕТТІК ДИСКУРСТАҒЫ ТІЛДІК ПРОЦЕСТЕР ДИНАМИКАСЫНЫҢ КӨРІНІСІ


ӘЛЕУМЕТТІК ДИСКУРСТАҒЫ ТІЛДІК ПРОЦЕСТЕР ДИНАМИКАСЫНЫҢ КӨРІНІСІ: КОРОНАВИРУС ПАНДЕМИЯСЫ

Рақымбекова Әйгерім Маратқызы


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы қ.
aigerim.rkh.98@gmail.com


Түйіндеме: COVID-19 пандемиясы және шектеу шараларының енгізілуі қоғамдық өмірді оның барлық көріністері бойынша трансформациялауға әкелді, сондай-ақ тіл өнімділігіне, тіл процестерінің жеделдетілген барысына серпін берді. Мақалада coronavirus, corona, coronavirus, corona түбірі бар күрделі сөздер... лексемаларының семантикасы, сөзжасамдық өнімділігі, қазақ тілін құрылымындағы белсенділігі, шығу тегі тұрғысынан талданады.
Мақала «коронавирус» лексика-семантикалық өрісіндегі сөздердің туындылары мен семантикасын зерттеуге арналған. Бұл мақалада коронавирустық дәуірдің құбылыстарын сипаттауға қатысты неологизмдер, сондай-ақ 2020 жылы семантикалық өзгеріске ұшыраған жиі қолданылатын лексемалардың мысалдары талданады.
Түйін сөздер: неология, неологизм, коронавирус дәуірінің тілі, семантика, сөзжасам, аффиксоид, аналитикалық сын есім

Тіліміздегі жаңа тіркестер лексикамызда бұрыннан бар сөздердің жəне жаңадан енген сөздердің бір-бірімен тіркесі нəтижесінде жасалынады. Жаңа сөз тіркесі жаңа сөз секілді белгілі бір заттың, құбылыстың, жаңалықтың келуіне байланысты пайда болады. Міне, сол көрініс əсіресе лексикада, одан кейін көбіне публицистикада алғаш көрініп, нəтижесінде жалпы халықтық дəрежеге ие болса керек. Сонда лексикадағы пайда болған сөздер сөйлемде өзіне мағыналас сөздермен тіркес құрауының негізінде жаңа сөз тіркесі пайда болады. Əрине жаңа сөз тіркесі бір дегеннен пайда бола алмайды. Оның бірнеше себептері болса керек.


Біріншіден: Қоғамдағы жаңалыққа сай тілде жаңа сөз пайда болады
Екіншіден: Оның тіркесе алатын сөздері болады.
Үшіншіден: Жаңа сөз тіркестері сөйлем арқылы қарым-қатынасқа енеді:
Төртіншіден: Сөз тіркесіне енген сөздер сөз тіркесінің бағыныңқы, басыңқы сыңарында жұмсалады. [1]
Бүкіл адамзатты дүр сілкіндірген коронавирус құбылысы барлық тілдерде көрінісін тапты. 2020 жылы өмірімізге пандемиямен бірге жаңа сөз қолданыстарының белең алғандығын көреміз. Негізінен дәл осы латын графикасымен жазылған нұсқасы ресми бұқаралық ақпараттық құралдарында, интернет-сайттарда және өзге де дереккөздерде қолданылып жүр. Локдаун, қашықтықтан оқыту, қашықтықтан жұмыс істеу және т.б. сөз бен сөз тіркестері бірден жиі қолданысқа ие болды. Әлбетте, коронавирус әкелген неологизмдерге әлемдік тілдердің лексикографиясы назар аударды. Британдық лексикографтар «lockdown» (локдаун) сөзін, ал неміс лексикографтары CoronaPandemie [2] сөзін «Жыл сөзі» деп таныды.
2020 жылы қазіргі қазақ тілінде лексикалық белсенділіктің үдеуі байқалды. Күнделікті өмір салтының өзгеруі, бұрын болмаған құбылыстар мен заттарды атауға жаңа денотаттардың пайда болуы әсер етті. Неологизмдердің қатары толығып қана қоймай, жалпы қолданыстағы қарапайым сөздердің жаңа семантикаға ие болып, өзгеріске ұшырағандығын көреміз. Яғни, белгілі бір сөздің негізгі қолданылып жүрген мағынасынан бөлек ауыспалы мағынасы, не болмаса, тіптен, жаңа семантиканың мәні негізгі мағынаның орнына жұмсалатынын айтсақ болады. Мысал ретінде «жеңіл форма» сөз тіркесінде, «форма» сөзі белгілі бір нысанның пішіні жайында емес, аурудың өту деңгейін анықтап тұр. Мысалы, Қазақстанда коронавирусты жеңіл формада өткеретін науқастар саны артып келеді.(Nege Media, 22.06.2020)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет