«емдік дене тәрбиесі. Массаж» ПӘнінен дәрістік материалдар модуль Емдік дене тәрбиесі


Қан қысымы жоғарылау немесе гипертония ауруы



Pdf көрінісі
бет85/94
Дата29.01.2022
өлшемі0,86 Mb.
#24534
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94
Қан қысымы жоғарылау немесе гипертония ауруы. 

Бұл  аурудың  негізгі  қан  тамырларының  таралуы,  қан  қысымының  жоғарлауы.  Мұндай 

жағдайда  адамның  басы  ауырып  құлақ  шулайды,  жүрек  қағысы  жиілеп,  тамыр  қатты  соғады,  ұйқы 

бұзылып,  әлсіздік  мінезде  морттық  сияқты  белгілер  пайда  болады.  Гипертония  ауруы  үш  кезеңге 

бөлініп  әр  кезең  екі  фазадан  тұрады.  Сол  кезеңіне  айланыста  белгілері  де    не  үдеп,  не  бәсеңдеп 

отырады.  Бұл  созылмалы  ауру  сондықтан  гипертония  ауруының  асқынған  түрінде,  (екінші,  үшінші 

кезеңдерде)  өмірге  өте  қажетті  көз,  жүрек,  бүйрек,  ми  сияқты  мүшелерде  өзгерістер,  байқалып, 

олардың қызметіне кедергі келтіреді.  

Ауруды  осындай  асқынуға  жеткізбей,  дер  кезінде  массаж  қолдану  пайдалы.  Ондағы  негізігі 

мақсат науқас адамды тыныштандырып, көңілін аулау және қан қысымымен төмендету. 

Ол  үшін  сырқат  адамды  орындыққа  отырғызып,  маңдайын  қолмен  тіреу  керек.    Осындай 

қалпында  арқа  иық  үстіндегі  бұлшық  еттер  мейлінше  босаңсиды.  Массаж  жасаушы  науқастың    арт 

жағында тұрып, арқасын, екі жауырынның ортасын омыртқаның бойымен жеңіл, үстіртін бірнеше рет 

қайталаған  соң  ортаңғы  және  сұқ  саусақпен  желкеден  бастап  иық  буынына  қарай  батыра  сылап 

жұмсартады.  

Иық үстін белгілі тәсілдермен массаждан болғаннан кейін, бастың шашы бар, тұсына көшеді, 

ол  үшін  үш  саусақпен,  желкеден  төбеге  қарай  сипайды,  ысқылайды.  Құлақтың  тұсынан  және 

маңдайдан бастап төбеге дейін, массаж жасап шығады. Екі немесе үш саусақпен маңдайдың ортасынан 

шашқа  дейін,  одан  самайға  дейін  тұтас  алақанмен  сипайды,жұмсартады.  Сол  сияқты  гипертония 

ауруында беттің маңдай , көздің айналасына, да массаж жасалады.  Көздің үстінен және астын барлық 

саусақ,  ұштарымен  сипайды.  Әсіресе,  көздің  астын  өте  үлкен  нәзіктікпен  сипап    өтеді.  Маңдайға 

бастың терісіне сипаудың, ысқылаудың тырма, тарақ секілді тәсілдерін, қолданады. Басты желке және 

маңдай  тұсынан  және  екі  құлақтың  жоғарғы  тұсынан  екі  алақанымен,  қапсыра  ұстап,  аздап қысады. 

Тек  мұндай  кезде  аурудың  хал-жәйін  сұрап  қою  керек.  Егер  басы  айналып    жүрегі  соғып  ,лоқсып, 

құсқысы келген жағдайда, массажды дереу тоқтату керек.    

Массаж  мойынға,  иықтың  үстіне  және  қос  жауырын  арасына  сипау  тәсілін  қолданумен 

аяқталады.  Сол  сияқты  қан  қысымын  төмендетуге  құрсаққа  массаж  жасау  өте  тиімді.  Күнара 

жасалынған массаж 10-15 минутқа созылады. Емдеу курсы 10 күнге белгіленеді.  Арасында  екі жұма 

демалып, үш рет қайталанып алса, массаж өте шипалы болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет