3-дәріс (2-слайд)
-Сәлеметсіздерме, құрметті тыңдаушылар! Бүгінгі Сіздермен (КЛИК) «Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары және «Көшпелі өзбектер» мемлекетін» тақырыбын қарастырамыз.
(3-слайд)
Жоспарымызға келсек:
(КЛИК) Бірінші тақырып - Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары.
КЛИК) Екінші тақырып - «Көшпелі өзбектер» мемлекеті.
СТОП
(4-слайд)
Әуелі «Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары» атты тақырыбымызға тоқталайық.
XIV ғасырдың 40-жылдарының ортасында Шағатай ұлысы Батыс және Шығыс болып екі мемлекетке бөлінді. Батыс бөлігінде, яғни Мауараннахрда билік әмірлер қолында болды. Әмір Темір (КЛИК)1336-1405 жылдары өмір сүрген, барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы еді.
Ол Орта Азияда (КЛИК) 1370-1405 жылдары билік құрды. Бірақ Шыңғысханның тікелей ұрпағы болмағандықтан, өзінің лауазымы «хан» емес, «әмір» еді.Әмір Темір мемлекетінің территориясы: Мауераннахр.
СТОП
(5-слайд)
Әмір Темірдің билікке ұмтылысы оны 1360-1370 жылдардағы тақ таластары шайқалтқанымен, әлі де құдіретті Алтын Ордамен бетпе-бет келтірді. Бірақ онымен соғыспас бұрын Әмір Темір өзінің солтүстігі мен шығысындағы ең жақын көршілері Ақ Орда мен Моғолстанды нысанаға алды.
СТОП
(6-слайд)
(КЛИК)1371-1390жылдар аралығында Моғолстонға он рет шабуыл жасады. (КЛИК) 1374-1376 жылдарда үш рет Ақ Ордаға аттандырды. Әмір Темір Моғолстанға, Ақ Ордаға, Алтын Ордаға, және басқа аумақтарға жорықтары шапқыншылық сипатта өтті.
Әмір Темір Алтын Ордаға үш рет жойқын жорық жасады. (КЛИК) 1391жылы 200мың әскермен Құндызша деген жерде Тоқтамыспен шайқасты. (КЛИК) Соңғы шешуші жорығы 1395 жылы Әмір Темір мен Тоқтамыс арасында Солтүстік Кавказ жеріндегі Терек өзенінің аңғарында болып, нәтижесінде Алтын Орда күйреді. Осы жорықтар кезінде Әмір Темір Алтын Орданың барлық қалаларын қиратты, Алтын Орданың құлауы орыс жерлерінің моңғолдар билігінен азат етілуіне ықпал етті.
(7-слайд)
Осман империясына да соққы берді 1402жылы Анкара түбінде Баязидь әскерін талқандады.
Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа жиналған сәтте Отырар қаласында қаза тапты.
XV ғасырдың соңында Әмір Темір ұрпақтары басқарған мемлекеттердің ішкі жағдайы тіпті шиеленісті. Әмір Темір ұрпақтары мемлекеттерінің бытыраңқылығы XVI ғасырдың басында әулеттің құлауына әкелді.
(8-слайд)
Келесі тақырыбымыз «Көшпелі өзбектер» мемлекеті. XV ғасырдың 20-жылдары Шығыс Дешті Қыпшақ даласында Әбілхайыр хандығы құрылды. Хандықтың қалыптасуы Ақ Орданың құлауы және Жошы ұрпақтарының арасындағы қырқыстар нәтижесінде құрылды.
(9-слайд)
1428 жылы 17 жасар Әбілхайыр хан болып сайланды. Ол Жошының өзге ұрпақтарын жеңіп Шығыс Дешті Қыпшақтың үлкен бөлігін өзіне қаратты. Тарихи әдебиеттерде бұл мемлекет «Көшпелі өзбектер мемлекеті» деп те аталады.
(КЛИК) Оның аумағы батысында Жайықтан, Шығысында Балқашқа дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде Ертістің солтүстігіне дейінгі жерлерді алып жатты.
Этникалық құрамын қыпшақ, қарлұқ, түркіленген монғол тайпалары құрады. XІV ғасырдың соңы XV ғасырдың бірінші жартысында бұл тайпалар «өзбектер» деп аталып келді.
СТОП
(10-слайд)
Әбілхайыр 1428-1468 жылдары билік құрды. Ол Шайбан әулетінің ұрпағы, хандықты 40 жыл басқарған. Әбілхайыр басқарған кезең қақтығыстар мен қырқыстарға толы болды. Ол ұлыс билеушілерінің артықшылығын шектеу саясатын жүргізді.
СТОП
(11-слайд)
Әбілхайыр хан Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігіне басқыншылық жорықтар жасады. Ол Хорезмді басып алды, Үргенішті тонады, Сырдарияға жорық жасап, Созақ, Сығанақ, Үзкент қалаларын өзіне қаратты. (КЛИК) Сығанақ қаласы Сырдария бойында орналасқан, 1446 жылдан бастап Әбілхайыр хандығының жаңа астанасы болды. (КЛИК) Сығанақ қаласының маңында Көк кесенеде Әбілхайыр хан жерленген.
(12-слайд)
1457 жылы Сығанаққа жақын жерде ойраттармен Әбілхайыр арасында үлкен шайқас болады. Әбілхайыр қатты жеңіліске ұшырап, жауымен келісімге келуге мәжбүр болады. Түркістан, Ташкент, Отырар қаласын ойраттар басып алады. Мемлекет әлсіреп, Әбілхайыр беделі түседі. Керей мен Жәнібек бастаған тайпалардың бір бөлігі Әбілхайырдан бас тартып, батыс Моғолстанға көшіп кетеді.
Әбілхайыр өлімінен кейін хандық күйреді. Шайбани ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақтағы биліктен айырылды. Бірақ саяси күрестен бас тартпады. Шайбани ұрпақтарын Әбілхайырдың жас, қажырлы да батыл немересі Мұхаммед Шайбани басқарды. Ол өз жасағын құрып, Шайбани ұрпақтарының билігін қалпына келтіру үшін күрес жүргізді.
(13-слайд)
Көшпелі өзбектер мемлекетінің құлау себебі: (КЛИК) 1) мемлекет билігінің әлсіздігі; 2) өзара қырқысулар; 3) көшпелілердің Әбілхайыр саясатына наразылығы.
Қазақ хандығының құрылуына байланысты шайбанилықтардың Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы билігі жойылды.
Әбілхайыр хандығының тарихи маңызы оның билігі тұсында Шығыс дешті Қыпшақ көшпелі өзбектерінің қуаты күшейгендігімен айқындалады. Өзбек ұлысынан бөлінген халықтың басында Қазақ хандығының негізін салушылар, Орда Еженнің ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар тұрды.
СТОП
(14-слайд)
Қорытынды:
Дәрісімізді қорытындылайтын болсақ, (КЛИК) Әмір Темір жорықтары салдарынан халық болып қалыптасу жүйесі бұзылды. Қазақ жерінің экономикасы мен мәдениетінің дамуына зардабын тигізді.
(КЛИК) Әбілхайыр хандығының құлауы Қазақ хандығының құрылуына себеп болды. Көшіп қонып жүргендер өзбек-қазақ болса, кейін олар қазақтар деген атау алды.
Осымен «Әмір Темірдің басқыншылық жорықтары және «Көшпелі өзбектер» мемлекеті» атты дәрісіміз аяқталды, келесі дәрістерде кездескенше сау-саламат болыңыздар!