19.
Өміріңізде жамандық істеуге әрекеттенген адамдар да
болған шығар? Қарымта ретінде қайырған әрекеттеріңіз
болды ма?
■
•
Жауап: Көбіне-көп “Таспен атқанды аспен ат!” деген
принципті үстанамын. Бірақ көп жағдайда маған ойлайтын
жамандықтың себебін қолма-қол айқындауға тырысамьш.
Менің тарапымнан түсінбестік болса, кешірім сұрауға, оны
жөндеуге тырысамын.
Дос болып жүріп, қастық істеуге барған адамдар менің
өмірімде аз болған жоқ. Оның ең басты себебі - пендешілік:
“бірге өсіп, бірге жүрген адам қалайша менен озьш кетті?” деген
іштарлық, көре алмастық. Мен ондай “достарымнан өш алуға,
кегімді қайтаруға, шырақ алып, артына түсуге” ешқашан барған
емеспін Өз денсаулығымды сақтауды мен артық көрдім.
60
Ал, үзақ гүмъфымда үстімнен “домалақ арыз” жазғандар да
аз болған жоқ. Олармен де қатарласып, қауымдасып өмір сүріп
келе жатырмын.
Үялса, өздері үялсын, бірақ менің үялатьш жерім жоқ.
20. Үйдегі бала-шаға тәрбиесіне қалай көңіл бөлесіз?
Жауап:
Үш қызым бар. Олардың бойжетіп, ересек болып
қалғанью білмей де қалған сияқтымын.
Барлығы дүрыс білім альга, ел қатарында өмір сүріп келе жа-
тыр.
Үжен қызым — Жанна Америкада жүмыс істеп жүр. Ком-
пьютер техникасын, ағылшын тілін меңғеріп жүр. Оның қызы -
Аян біздің қолымызда. Студент Қаз ҮУ де оқиды, орысша
оқиды, қазақ орта мектебін бітірғен, ағылшьш тілін жақсы
біледі. Екіішіі қызым — Әсел Араб тілінен мамандық алған.
Академияның Т арих институтында араб ті лінд егі бүл ақтар бой-
ьгаша қызмет істейді. Үшінші қызым- Баян. Шетелдік фирмада
қызмет істейді, аға аудитор. Ағылшын тілін жетік меңғерген.
Мамандығы - экономист. КИМЭП-ті бітірген.
21. Демалысты қалай өткізесіз?
Жауап:
Мен “демалыс” деген үғымның шьгаайы мәнін
түсіне алмай келе жатқан адаммын. Кейбіреулердей, демалыс-
ты жыльгаа бір рет те жөнді үйымдастыра алмай жүрмін.
Ғылыми жүмысымды істеуге тьгаыштық, жағдай бол-
са, мен үшін ең жақсы демалыс сол Жастау кездерімде біраз
санаторияларға барғаным бар. Соларды қайталай беруді
міндетті деп санамаймын. Алла тағаланың берғен қуаты әзірше
жетіп жатыр.
22. 75-ке келгеннен кейін 25 кітап жазуды жобаладыңыз?
Осының жайы қалай?
Жауап:
Бүл Алла тағала денсаулық берсе, орындалуға тиісті
реальді жоспар.
Олай дейтін себебім: мен 32 жыл бойы институт бастығы
болдым. Тілдің әр түрлі проблемаларын ойлану, ой елеғінен
61
өткізу көбірек болды да, кітап жазу мүмкіншілігі аздау бол-
ды. Солай болса да мен жариялаған
40
шақты кітап менің
ғылыми ой-толғаныс, идеяларымды толық қамти алмады. Мен
әр алуан мәселе бойынша (фразеологизм, мақал-мәтел, эти-
мология, этнолингвистика, қос сөздер, еліктеуіш сөздер, тіл
тарихы, азаматтық, тарих т.б.) материал жинап, топтастыра
бердім. Міне, енді қол босағаннан кейін мен соларды кітап етіп
жариялап жатырмын. Жобаланған 25 кітаптың жартысы жарық
көрді. Қалғаны денсаулық болса, жақын жылдары жарық
көрмекші. Солардың ішінде 2 томдық этимологиялық сөздік,
4
тОмдық этнолингвистикалық сөздік, “Қазақ қандай халық?”
деген де еңбек бар.
23. Өмірде ұстанғап принңиптерініз қандай?
Жауап: Көп болмаса да, тұрақты ұстанатын принңиптерім
бар. Мысалы:
ф
•
: /■,
1) Жаныңдағы адамға қолымнан келгенше жақсылық
қылу, бірақ “қанша жақсылық қылсаң да, оны міндет етпе,
онын қарымын қайтаруды талап етпе” деген приндипті қатал
сақтаймын.
;
2) Жасы үлкен, атақ-лауазымды құрметгеуді ешуақытта
қүлшылдық, табынушылықпен шатастырьш көрген емеспін.
Демек, адамға деген шынайы қүрмет пен жағымпаздану -
екеуі мүлдем екі басқа дүние деп білемін. Менің өмірлік
принңипім - қандай адам болмасын, оның жамандығын,
пасықтығьш т.б. сүйкімсіз мінез-қүлқын, іс-әрекетін өз көзім-
мен көрмейінше оған оң көзіммен қарап, оған құрмет көрсету-
ге тырысамын.
24. Жек көретін адамдарыңыз бар ма, олар қандай адам-
дар?
1 1 1
Щ
I
I
Жауап: Әрине, жек көретін адамдарым бар. Ол жалпы адамға
тән ең жоғарғы адамдық қасиеттен жұрдай болғандар: айтқан
сөзінің пәтуасы, шындығы жоқ, берген уәдесінде тұрмайтын,
біреу туралы арамдық ойлайтын, жақсылық істеу қолынан
62
келмейтін, мейірімсіз, қатыгез, қарау, даурықпа, даукес т.б. осы
сияқгылар. Сөзі тәтті, діні қатты суайт, жалақор, бәлеқор т.б.
осы сияқты қасиетсіздіктерді бойына сіңірген адамдарды жек
көрем.
Сөзінің пәтуасы жоқ, көк мылжьщ, малтасын езіп, көп
сөйлейтін үлкен-кіші замандастардың қасьгада қас-қағым
уақыт та түрғым келмейді. Көпе-көрнеу өтірік мақтап, өзіңде
жоқты бар етіп, өзіңе жамап, өзіңді-өзін танымайтьшдай етіп,
аспанға шығарып, жерге түсірмей мақтайтындардьщ жаньшан
түра қашқым келеді. Сыпайы түрдегі жақсы лебізбен жаньща
жарасатын достьщ пікірдің жөні бір басқа деп білемін.
Рахмет, ұзақ өмір тілейміз!
Сухбат жүргізген проф. Ш. Сарыбаев
пен проф. Ө. Айтбайүлы
14.12.2004
Т¥ЛПАР БОИ ЖАСЫРАДЫ....
(Ә.Қайдар және тіл мәртебесі)
Әбекеңнің өмір жольшдағы өзім білетін, өзім куә болған
батылдығының, табанының бүрі бар өршілдігінің табиғатын
түгелдей табиғи зеректік, зерделіліктен, ерте қальпггасқан
кісіліктен деп тошпьшаймьш.
...Иә, осы жылы Әбекең 80-ге тольш отыр. Оньщ алпыс,
жетпіс жылдығында ауыл адамдарының біразымен сөйлескен
едім. Олар Әбекеңді қолқалап ауылға да шақырған. Ол жөнінде
көбірек білгісі келіп, мені де әңгімеге тартқаны бар. Мен жүрт
алдында соғыстан төрт орден, бірнеше медаль тағып оралған
офиңер Әбдуали Қайдар туралы шамам келгенше айтгым. Ал
ол адамньщ соғыстан соңғы өмірі жайма-шуақ, мамыражай
бола қоймағанын да білемін. Ғылымда даңғыл жол жоқ. Бүл
да бір қүлақ үйреніп, етіміз өліп кеткен қүбылыс емес пе?!
Әбекеңнің қыруар еңбегін тізбелеп шығу қиынға соқпас, ал
әр жүмыс қамал бүзумен пара-пар екенін қалай жеткізерсің?
Түлпар бойьш жасырады дейді дана бабалар. Осы сөз түп-тура
Әбекеңді көріп барьш айтылған секілді. Ел алдына шыққанда
да Әбекең сол табиғи қарапайымдылығынан аспайды. Сон-
да бәз-біреулер ойлар: “Оу! Академигіміз осы ма?” деп. Бүл
дағы - уақыттьщ белгісі. Ол заңды да, газет-журналдар, радио-
теледидар күллі адамды өмірдің сан-саласьшда үздіксіз ха-
бардар етіп отырады. Жаңағы үстірт информациямен жүріп
жатқандардың жүзі жарқын, көзі мірдің оғьшдай келерін
қайтерсің. Шығыстьщ әулиесі, я батыстың ел басшысындай
мысыңды басқысы кеп түрады. Кез келген әңгімені іліп әкетеді.
Кез келген тақырьшта жорғалап алдыңды кес-кестейді. Содан
да болар, көп жалтьфақтьщ арасынан шын асылды табу, аршып
алу қашан да қиын тиетіні.
Академик Әбдуали Қайдардың кандидаттық диссерта-
ңиясьшьщ тақьфыбы “Қазіргі үйғыр тілінің қос сөздері”
64
болатык Кезінде бүған біреулер езу тартып, біреулер “Өз
тілінен неге қорғамады?” - деп таңырқайтын. Оны түсіндіру
үшін қырғыз халқыньщ “Манасын” әуелі зерттеген Шоқан
Уәлиханов екенін еске апсақ болар. Қашан да ернеуі толған
бастаудан сьфтқа бір нәрсе ауысады, сыңар езулеп қүйылады.
Ал үйғьф тілі мен қазақ тілінің түп төркіні - түркі тілі, жыр-
тылып айрылысар жақындығы бар емес пе? Ол еңбекке аты
әлемге әйгілі американдьщ түрколог, профессор Карл Мен-
гес, неміс түркологы, профессор Герхард Дерфер, атақты кеңес
түркологы, профессор Э.Р. Тенишевтің берген аса жоғары
бағасы біраз нәрсені ащартса керек.
Әдетте, жаныңда жүрген ақыл-парасат иесін сырттағылар
мақгағанда ғана бағалай бастайтын мінезіміз бар емес пе?! Жал-
пы туысқан үйғьф халқының арғы беттеғісі де, бергі жақта-
ғысы да Әбекеңе риза болар. Түбеғейлі бірнеше үлкен еңбек
жазды, кітаптар шығарды. Бүл еңбектері үшін 1971 жылы
Ә. Қайдарға қоғамдьщ ғылымдар және география саласы бой-
ынша Шоқан Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлық
берідщ. Сол мен айтьт огырған мерзімге дейіқ Әбекең бір кісіге
жетерлік даңқ дәрежелерін алып та болған екен. 1972 жыл -
профессор, Қазақ СРО Ғылым академиясының корреспондент-
мүшесі, 1982 жылы - Қазақ СРО-ның ғылым қайраткері, 1983 -
Қазақ СРО Академиясының толық мүшесі. Осыдан соң тоқмейіл
өмір сүруге де болар еді. Бірақ Әбекеңдерге еңбек ету, іздену,
жаңалық жолында сарсылу - адамньщ үш мезгіл тамақтануы
толассыз жүтар ауа секілді табиғи қажеттілік. Онсыз өмір жоқ.
Бүл да ғалымдарға жарасар қасиет.
Ғыльш мен Ғалым. Ғылым, сірә, теңіздің табанында жатқан
маржан болса, ғалым сол түңғиықтан маржан ілем деген
сүңгуір іспетгес. Асылға, маржанға кім қызықпайды, кім талап
қылмайды?! Алайда оған әркімнің шамасы, демі жете берген бе?
Ттттк-і
қуат, көрік демді адам болмаса маржан оңай ілінбейді, тап-
тырмайды. Су түбі тереңдеген сайын қарауыта береді. Бар мен
65
жоқты ажырату үшін көкірек көзі керек болар. Оған келгенде
жаратылыс сараң. Ал Әбекеңдер - сол түңғиықта еркін жүзіп,
інжу-маржанның өзін таңдаитын ғалымдар санатынан. Олай
деуге негіз баршылық. Академиктің қаз-қатар алып келе жатқан
ізденіс салалары шамамен былай болып келеді: тіл тарихы және
этимологиялық ізденістер; түркі тілдеріндегі қос сөздердің жа-
салу жайы, лексика-грамматикалық түркі синкретизмдері, пле-
оназмдар, бөлінбейтін сөздердің өлі түбірлері... Осы секілді
тақырыптар төңірегінде көп еңбектер жазылып, жарық көрді.
Мақал-мәтел, фразеологизмдердің мағынасын ашу, қазақ тілінің
этнологияльщ лексикасын тереңдете зерттеу, этностар мен ру-
тайпа бірлестігінің атауларын тарихи-лингвистикалық түрғыда
қарастыру, алтаистика проблемалары... Бүл тізбе де Әбекеңнің
кең қамтып, түренді терең сальш жасаған еңбектерінің бәрі
емес. Оның сыртында алпыстан астам ғылым докторы мен кан-
дидатына диссертаңия қорғатқаны және бар. Олар қазақ, үйғыр,
қарақалпақ, хакас, якут, моңғол боп келеді. Жарық көрген
еңбектері төрт жүздің үстінде. Оның бәрі де қиындықпен келген
қьшбат туьшдылар. Сөйте түра тарының қауызындай мақалаға
бәрін сыйғызу мүмкін емес. Бәріне бағасын беру үшін соны
жасаған адам жайлы айту керек. Ал өз басым Әбекең туралы осы
уақытқа дейінгі жазғандарымда, жүрт алдьгада айтқандарымда
ойымды сарқа жеткізе алдым деуден аулақпын.
Үлкен ғалым туралы мерзімді басылымдарда көп жазылды,
әр қьфынан көрсетілді, әлі де жазылып жатыр. Сірә, сол Әбекең
туралы очерк, мақала, интервью-сүхбаттар ғалым портретінің
шағын фрагменттері шығар. Мүндай түлға туралы үлкен еңбек
жазылмайынша мақсатқа жете алмаймыз. Осыны толықтыра
алатын бір жай бар. Ол Әбекеңнің этимология бағытындағы
еңоектерінщ әлемдік аренадағы аса фі түркологтар - ағылшын
профессоры Джерар Клоусон (ХПІ ғасырға дейінгі түркі
тілдерінің этимологиялық сөздігін жасаған), мажар ғалымы
профессор Арман Вамбери (“Түркі тілдерінің этимологиялық
66
сөздігінің” авторы), советтік ғалым, профессор Эрванд Влади-
мирович Севортян (“Түркі тілдерінің этимологиялық сөздігінің”
авторы) еңбектерімен терезесі тең аталуы.
Біздің елде жаңсақ үлттық саясаттың өте үзақ уақыт дәурені
жүріп, бет қаратпас боп түрғандықтан қоғамның дамуы мен
орыстан өзге тілдердің дамуында кереғар сипат болды. Бір ғана
тіл еркін тайраң қақты да қалғандары жасқанып, бүғып жүріп
жарымжан халге тап болды. Ол қүбылыс Әбекеңдей үлкен
ғалымды бейтарап қалдырған жоқ. Ол жөнінде Әбекең өз пікірін
қашан да, қай жерде де ашық айтып келген адам. Ал сөзден іске,
пікір айтудан күреске шығу 1986 жылғы желтоқсан оқиғасьшан
кейін басталды. Сол 1986-1987 жылдары қазақ жеріне телегей
теңіздей боп жеткен жаңа уақыт саясатының бір тамшысы Тіл
білімі институты еді. Теңіздің дәмін тамшысынан білуге бола-
ды. Ол кезде Республикадағы саяси-әлеуметтік ахуал өте қиын
болғаны баршамызға аян.
Қазақстанға келген жаңа басшы Г.В. Колбин әрине дүрдараз
халықтың бетін бері қаратудың жолын іздеді. Экономиканы
қүрт көтерем деу ақьшға қонбайды. Ал халыққа дем берер,
жүрегін жібітер бір іс керек-ақ. Содан болар, 1987 жылғы 3 нау-
рызда, қазақ және орыс тілдерін дамытуға ерекше көңіл бөлу
жайлы қаулы дүниеге келді. Бірақ бүл үлттық, тілдік мәселеге
деген үстірт көзқарастан, таяз пайымнан туған шара болатьш.
Рас, біраз жүрт қазақ сөздіктері шығатын болады, тілді дамы-
туды қолға алатын болдық деп әлдеқандай болып-ақ қалды.
Шын мәнісінде ол қаулы Мүзды мүхитқа тамған бір тамшы
ыстық жас тәрізді еді. Одан ешнәрсе өзгере қоймасы кешікпей-
ақ айқындала бастады. Арал теңізіндей тартыла бастаған қазақ
тіліне шын жанашырлық жасайтын адам оған мемлекеттік
мәртебе беріп, Заңмен шегелеп тастауға тиіс-тің Оны да
Орталық Комитет пен институтгың арасында сабылып жүрген
Әбекең анық біліп отырды. Басқа республикаларда (Әзірбай-
жан, Армения, Грузия, Латвия, Литва, Эстония) өз тілдеріне
67
мәртебе берш, Заң қабьшдай бастады. Осы самал бізге де
жететініне ешкімнің күмәні болмады. Содан да болар респу-
бликада Тіл жөніндегі заңға байланысты әңгіме үдей берді.
Міне, академик Әбдуали Қайдардың әлемдік деңгейге
шыққан ғалымдығымен пара-пар келетін адамшылық, кісілік,
азаматтьщ қыры жарқ еткен түсы осы еді. Тіл жөніндегі заңньщ
нүсқасы көп болды. Соның ішінде өзгелерден бір демі артық
деген қайраткерлер, ғалымдар, жазушылар, өнер адамдарьшьщ
өзін жаңылтқан ойнақы варианттар аз емес-тін. Әсіресе қазақ
тілімен қатар орыс тіліне де мемлекеттік мәртебе берілсін
деген жоба жүтынып, иненің жасуынан өтіп кеткелі түрған.
“Қостілділік достықтьщ қос қанаты” деген жыльшшы тіркес
миға салмақ түсіруге жоқ, жылтыраққа әуес көптеген
ағайындардың аузынан шығып, биік мінбелерден айтылып,
баспасөзде жазыльш жатты. Болар-болмас жылы қабаққа
қағанағы қақ айрыла қуанып үйренген қазақы психологияның
шеңберінен шыға алмағандар: “Қазақтың тілін орыс тілімен
теңдестіріп қойса, екеуіне де мемлекеттік тіл деген мәртебе
берсе несі жаман?” —
деп жалбақтады. Бірақ өмірде орын алып
отырған, қалыптасып, әбден баттасқан жағдайды ой сарабы-
на салуға олардың ақылы жеткенімен табандылығы жетпей,
дегбірі қашты. Оларды да түсінуге болады. Қүдайдан мүйіз
сүраймыз деп, қүлақтан айрылып қалмаймыз ба деген жасқан-
шақ, әбден запы болғандық еді, мүньщ сыры. Газет-журнал,
радио-теледидардан пікірталас тіпті, ашық айтыс жүріп жатты.
Екі тілге қатар мәртебе берілсе бір саты алға ілғерілейміз деген
алдамшы түсінік дендей берді. Тіпті атақты ақын-жазушылар
арқылы қайсыбір ғалымдар да осы шырмауға шатылып, қазақ
тілінің халі мүшкілдене бастады. Әрине, бүған да көнуге бо-
лар ма еді, егер ана тіліміздің алқындысы ғана қалып түрмаса,
онымен бірге дәл осы Заң дүниеге келер болса, бүл анау мынау
емес, қазақ тіліне берілген ең соңғы, ақтық мүрат болмақ. Міне,
кім-кімге де дәл осы ащы шындық, басы ашық ақиқатты түсіну
68
керек-тін. Ол төніп келген тажалға тайсалмай қараумен бірдей
еді.
т итт Ж М :-
ідаклж
а;.;:
Әбдуәли Қайдар дәл осы тұста өзінің жалғыз варианты -
тек қазақ тіліне мемлекетгік мәртебе берілуі, орыс тілінің
ұлтаралық қатынас тілі болуы, басқа халықтар тілінің дамуына
жағдай жасау позициясынан бір сәт тайған жоқ. Республиканың
сол кездегі басшысы Г.В. Колбин: “Осы академиктер ақшаны
не үшін алатынын білмеймін. Жолдас Қайдаров! Сізге айтылды
емес пе, “Қостілділік - достықтың қос қанаты!” - деп. Бұдан
артық сіздерге не керек? Қазақ тілін орыс тілімен теңестірсек
болмады ма?!” - деп жекіді. Г.В. Колбиннің даусы қатты-
қатты шыққан. Бірақ Ә. Қайдар қызбалыққа салынбай, өзіне
тән биязылықпен, тіл білімінің үлкен маманы ретінде, өмірдегі
тілдер теңсіздігін қоса дә ле лдеп, қарсы пікір айтқан. Г.В. Колбин
сонда: “Жолдас Қайдаров, Сіз басы бүлғақтап жүрген ешкімнің
есебінде жоқ еркін суретші емессіз. Қалтасында партбилеті бар
институт директорысыз”, - деуге дейін бар
Академик Әбдуали Қайдарды осы әңгіменің маңында жүрген
адамдар кеше көрген жоқ. Ешқандай буьгасыз жерге пышақ
ұрмаитық уәжсіз сөилемеитш, ұсақ саясатшыл
тық ар жолы, иман жолымен жүретін адам осы түста неге сон-
ша сіресті екен деп сонда басшылар да, қосшылар да ойлана
бастайды. Несін жасырайық, сол тұста біраз ғалымдар, жазу-
раткерлері қостілділікке үн қос деген әңгімеге
»з жоқ, әркімді толқытгы. Дегенмен көпшілігі-
ақ халық мүддесін ойлаған мақалалар жариялай бастады. Ал
Ә. Қайдар мақалалары редакцияларда сарғайып жатқан. Оның
авторына мақалаңды жариялайық, тек қостілділікке қол көтер
деп телефон да соғылды. Мәселе бірді-екілі мақалада ма екен?
Мәселе қазақтың тілі, тілмен бірге өзінің де я бар, я жоқтығында
еді. Күндердің күнінде осы ұшы-қиырсыз күресте үнемі жалғыз
келе жатқан Ә. Қайдарға филология ғылымдарының док-
торы, үлты украин А.Н. Гаркавец қосылды. Одан соң Орталық
69
Комитетінің Идеология бөлімінің меңгерушісі Ә. Қайдардың
пікіріне саятын хатгардан шолу жасап, Г.В. Колбиннің алдына
апарып тастайды. Және аз уақыттан соң бүрынғы екпіқ адуы-
ны, сәл бәсең тартқан біріншіге идеология жөніндегі хатшы,
үлттың үлкен жанашыры, ғалым Ө. Жәнібек былай дейді: “Ген-
надий Васильевич! Мнение большинства все болыне и болыпе
склоняется в пользу позиции академика Кайдарова. На предсто-
ящей сессии мы как бы не оказались в гордом одиночестве..
Осылай асау Колбиннің бетін бері бүруға тура келді.
ССРО Халық депутаттарының бірінші сьезі өтті. Қазақстан
оасшылары алмасты. Сол ауыс-түйістен соңғы алғашқы
жиналыстардьщ бірщце Н.Ә. Назарбаев қазақ тілінің жаншы-
лып қалған жағдайын, оны көтеру үшін, қүтқару үшін жеке
өзіне ғана мәртебе беру керектігін, орыс тіліне еш тосқауыл
жасалмай, басқа тілдерге де кеңдік жасау керектігін айтты...
Бүл да болса уақыттың өз қазанында пісіп-жетілген қүбылыс
еді. Қазақша сөйлейтін, өз ана тілін қадірлейтін, өз үлтын
мақтан ететің, өз тарихы мен мәдениетіне жаны ауыратын
саяси қайраткерлер легі келді. Соның нәтижесінде Ә. Қайдар
секілді таразы адамдардың арқасьшда Одақтағы барын-
ша әділетті, барьппна кең, жан-жақты ойластырылған Қазақ
СРО-ның Тіл туралы заңы қабылданды. 1989 жылғы қазан
айының 21-інде республикалық “ҚАЗАҚ Т Ш ” қоғамы
қүрылды. Оның түңғьпп президенті болып академик Әбдуали
Туғанбайүлы Қайдар сайланды. Ол халқының тағдыры үшін
күресті, халық оны дүрыс бағалап, өзінің аппақ үмітінен
жаралған “ҚАЗАҚ ТІШ” қоғамының төрағасы болуына деле-
гаттар оір кісідеи қол көтерді.
Сол толқымалы заманда бастан өткен қайсыбір оқиғалар
әлі күнде жүрек сыздатады: не қуантады, не қабартады. Әбекең
Жазушылар Одағында өткен жиналысқа Колбиннен келді.
Жай келген жоқ. Көңілі алабүртып, ауыр сөздер естіп, толқып
келді. Сөйледі. Ана тілі үшін еңбекпен жеткен атақ, даңқ,
70
дәреже атаулының бәрін құрбандыққа шалып жіберуге дейін
дайъш ерекше қайсарлықпен айтып салған еді. Біз оның сөзіне
сендік. Рухтандық. Ана тіліне деген осыншама құпггарльщ бізді
әлі күнге қуаттандырып келеді. Нағыз қазақ ана тілін осылай-
ша сүйсе керек-ті. Тәуелсіздік түғьфьш үлттьщ тіл ғана бекіте
түсетіні осыдан көрінеді.
71
ТІЛҒ¥МЫР
Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болып, еңсеміз көтеріліп
отырған кезде халқымыздың мәдениеті, әдебиеті мен тілі,
ғылымы мен техникасы, шаруашылығы мен экономикасы са-
ласында талай ұлдарымыз бен қыздарымыз жемісті еңбек етіп,
айтарлықтай үлестерін қосып жүр. Осындай игі істің бір сала-
сы - ғылым дүниесіне барынша еңбек етіп, үлес қосқандардьщ
қатарында Ж.Ш. Сарыбаев та бар . Бүгінде сексеннің сеңгіріне
шығып отырған ғалымның ғылыми творчестволық әрі үстаздық
қызметінің елу жылдық мүшелі де қатар келіп отыр.
Ол 1954 ж. кандидаттық, 1974 ж. докторлық диссертация
қорғады. Қазақ тілі мен түркологияны дамытуға қосқан үлесі
үшін оған түркі тілдерінің профессоры, Қазақстанның еңбек
сіңірген ғылым қайраткері атақтары берілсе, Үлтгьщ Ғылым
академиясыньщ академигі больш сайланды.
жыл
әйгілі ағартушы, еліміздегі мыңдаған шәкірттердің
ғалым
дүниеге
Сарыбаев Шамғали Харесүлының
жылы Қазақ мемлекеттік университетін
ала
II
м
Балақаевтьщ жетекшілігімен кандидаттьщ
жылы профес
VI
Ция қорғаиды. Міне, сол уақыттан бастап ол үздіксіз ҚР ¥ҒА
А.Байтүрсынүлы атындағы Тіл білімі институтында жемісті
соңғы
сенімді ақтап келеді.
диссертация
ал 1979-1987
институты
сары, 19о7 жылдан бастап диалектология бөлімінің меңгерушісі
қызметін атқарады. Сүйер үльщ болса сен сүй, сүйінерге жа-
рар ол — деп Абай атамыз айтқандай, ата-ана, ел-жүрт, өскен
72
ортасы тыңғылықты ісіне сүйініп, дән ризалық білдірген
Ш.Сарыбаевтың шығармашылық шеңбері кең, ауқымы зор,
көп қырлы да әр алуан. Ғылыми еңбектерінің дені қазақ тілі
тарихына, морфология, диалектология, лексикология, лексико-
графия, аударма және библиография, есімнама, спорт тарихьша
(“Қайрат”) арналған. Ғалымньщ қаламынақ газет мақалаларын
есептемегенде, 130 еңбек жарық корді. Оньщ еңбектері тек ре-
спубликамызда ғана емес, бүрынғы Одақ көлемінде шығып
түрған ғылыми журналдарда және шет ел баспаларында
жарияланды.
“Вопросы языкознания”, “Советская тюркология”, “На-
роды Азий и Африки”, “Советское востоковедение” атгы
журналдардағы мақалалары қазақ тіл білімінің өзекті
мәселелерін қамтыған.
іілді жасаушы да, дамытушы да, оның иен байлығыньщ
иесі де халық екенін зерделеп тереңнен үғынған ғалым халық
тілшің жергілікті ерекшеліктерін зерттейтін диалектология
мәселесіне ерекше зейін қойып, қызыға шүғылданады. 30
жыл бойы диалектология бөлімін басқара отырып, жыл са-
йын республикамыздың түпкір-түпкіріне ғылыми экспедиция
үйымдастырьш, ел аузынан мыңдаған сөз байлығын жинауға
мүрындық болады.
Сол игі де жемісті жүмыстың нәтижесінде жиналған сөздер
жеке-жеке карточкаларға түсіріліп, елімізде түңғыш рет
диалектолоғиялық картотека базасы үйымдастырылады да,
тілі, әдет-ғүрып, дәстүрі бір бауырлас түрік елдеріне үлгі-өнеге
болады. Бай да мол осы диалектілік сөздер негізінде қазақ тіл
білімінде ондаған докторлық, кандидаттық диссертациялар,
жүздеген мақалалар жазылып, сөздіктер жасалды. Соның бірі -
ғалымның 1976 жылы жеке монография болып жарияланған
“Қазақтың аймақтық лексикографиясы” атты докторлық дис-
сертациясы — түркітану ғылымында аймақтық лексикография
теориясына арналған алғашқы монография еді. Ш. Сарыбаев
Достарыңызбен бөлісу: |