Сабақтас құрмалас сөйлем ; б Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері



Дата06.01.2022
өлшемі20,25 Kb.
#16304
түріСабақ


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

ОСӨЖ №11


Орындаған: Мирасова Армангүл ҚТӘ-302

Тексерген: Айтбенбетова А.А.

Ақтөбе 2020

Құрмалас сөйлем болудың негізгі шарттары.

Құрмалас сөйлем — екі немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып, күрделі ойды білдіретін, мағыналық жағынан өзара байланысты біртұтас сөйлем.

Қызметі жағынан оның жай сөйлемнен өзгешелігі жоқ, екеуі де ойды екінші бір адамға білдірудің құралы. Құрмалас сөйлем жасалу жолына қарай үш түрге бөлінеді: а) Салалас құрмалас сөйлем; ә) Сабақтас құрмалас сөйлем; б) Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің белгілері:



  1. кем дегенде екі жай сөйлемнен (синтаксистік компоненттен) құралып, әр сөйлемінде предикаттық қатынас болады. Кей жағдайда бастауыш айтылмағанымен, баяндауыш арқылы білініп тұрады. Ал құрмалас құрамындағы жай сөйлемнің әрбірінде баяндауыштың болуы міндетті;

  2. жай сөйлемдер белгілі бір тәсілдер — баяндауыш формалары және шылаулар арқылы байланысқа түседі;

  3. негізгі компоненттер — жай сөйлемдер мағынасы жағынан логикалық байланыста болып, біртұтас күрделі ойды білдіреді.

  4. Құрмалас сөйлем компоненттерін өзара байланыстыруда интонацияның да айрықша қызметі бар. Алғашқы компонент аяқталмаған, ұласпалы интонацияға ие болады да, соңғысы аяқталған тиянақты интонацияда келеді.[1]

Байланысу тәсілдері

Мысалы

Интонация арқылы іргелесе байланысады.

Кездесу аяқталды, қатысқандар тамаша әсермен тарады.

Жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

Арнайы баруды жоспарлаймын, бірақ еш реті келмей - ақ қойды.

Құрмаластың құрамындағы жай сөйлемнің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келіп, келесі жай сөйлеммен ұласпалы түрде, құрмаласа байланысады

Ащы дауыс бәріне анық естіліп, көздеріне үрей тұндырды.

Дереккөздер


  1.  Қазақ ұлттық энциклопедиясы





Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет