Емтихан билеті №1 Тәуелсіздік мұраттарының қазақ поэзиясындағы көріністерін сипаттаңыз


М.Байсеркенов «Абылайдың ақырғы күндері» пьесасында халық азаттығы мен тәуелсіздік мәселесін көрсетіңіз



бет3/91
Дата13.12.2022
өлшемі249,16 Kb.
#57007
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
2. М.Байсеркенов «Абылайдың ақырғы күндері» пьесасында халық азаттығы мен тәуелсіздік мәселесін көрсетіңіз.
Тəуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары тарихи драматургияға өз үлестерін қосып келе жатқан жазушы-драматург Ə. Кекілбаевтың «Абылай ханы» мен режиссер-драматург М. Байсеркеновтің «Абылай ханның соңғы күндері» ұлы тұлғаның сахналық кескінін еске ұстай отырып, жалпы əдеби драматургиялық нұсқаның ішкі қақтығысқа толы күрескерлік, қаһармандық рухы табиғи қалпында сақталып жазылған туындылар.ғасырдағы қазақтың атақты ханы Абылай хан көп уақытқа дейін кеңестік кезең тарихында идеологияландырылған қайшылықты тұлға саналып, есімі ел санасынан өшірілді. Дегенмен халқымыздың тəуелсіздігі жолында күрескен қайраткер тұлғаларды кеңестік саясат қанша бұғаулағанымен, уақыт ақыры ақтап шықты. Егеменді еліміздің тарихында Абылай хан ұлттың ұлы қайраткері санатында тарих тұғырына берік орнықты. Ел тəуелсіздік алар тұста Президентіміз Н. Ə. Назарбаевтың: «Ел басына ауыр күн туған он сегізінші ғасырдың орта тұсында ұлы ханымыз керемет қолбасшы ретінде де, ақылы терең дипломат ретінде де таныла білді. Сондықтан Абылай секілді хандарымызды тек өзіміз ғана біліп қоймай, Қазақстанның барлық халқына танытайық»
деген сөзі де қаламгерлерімізге, зерттеушілерімізге жаңа тарихи туындылар мен зерттеулер жасауға ой салғаны анық.
Шындығында да бұл тарихи кезең қазақ тарихының алтын беттері болған. Абылай заманы оның саяси, қайраткерлік қызметі көп уақыт бойына тарихи сахнаға шықпай жатса, қазақ əдебиеті тарихында Абылай хан туралы біржақты, қаралайтын дүниелер берілді.


3.Р.Мұқанова «Мәңгілік бала бейне», Ш.Бейсенова әңгілемелеріндегі адам мен уақыт, жағдай мен болмыс.
Талай көрерменнің көңілін босатып, жүрегін жылатқан «Мәңгілік бала бейне» пьесасы бүл күнде театрдан да, кинематография саласынан да орын алды. Жазушы-драматург Роза Мұқанованың жұмбаққа толы шығармасын білмейтіндер кемде-кем шығар.1996 жылы пьеса алғаш рет Қазақтың Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының сахнасында қойылды. Режиссер Болат Атабаев қойған «Мәңгілік бала бейне» пьесасы әлі күнге дейін үлкен аншлагпен өтеді. Қойылымды бір емес, бірнеше мәрте тамашалаған жанның өзі спектакль соңында көзіне жас ала отырып, тәубесіне келеді. Мәңгілік бала бейне» - күллі қазақ жұртының ауыр қайғысы мен мұңын жамылған шығарма. Ядролық сынақтардың зардабынан мүгедек болған Ләйлә қыздың өмірі сипатталады. Оның туған жері Қарауылдың ащы болмысы мен әлеуметтік жай-күйі бейнеленеді. Ләйлә атомның әсерінен емес, адам баласының ісінен өз өмірімен қоштасады. Қоғамның лас әрекетіне шыдамаған Ләйләмен бірге оның Қарауылы, рухы, ұлты өледі. Мұңға толы шығарма негізінде қазақ киносының қоржыны тағы бір фильммен толықты. 2002 жылы белгілі режиссер Сатыбалды Нарымбетов экранға «Қызжылаған» фильмін шығарады. Жарыққа шыққан бойда фильм кеңінен танылып, халықаралық байқаулар мен фестивальдердің жүлдегері атанып, үздіктердің қатарынан көрінді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбану Бейсенованың туындылары бесіктегі баласының болашағына алаңдаған Ана табиғаты арқылы бүкіл адамзаттық құндылықтарды, ұрпақ пен ұлт, өмір мен өлім арасындағы экзистенциалдық мәселелерді қозғайды. Әрине, мұндай кең мағыналы, терең тамырлы ой толғау үшін авторға қазақтың ғана емес, әлемдік руханияттағы арғы-бергі асыл қазыналарды ақтарып-төңкеретін, оларды игеретін ынта мен мақсат, ең бастысы телегей-теңіз білім керек. Әлем әдебиетінің үздік үлгілерімен жете танысқан жазушы Ш.Бейсенова отбасымен қатар қоғамда әйел затының өз жаратылысы мен болмысына сай қасиетті де киелі орны бар екендігін әрбір әңгімесінің темір қазығы етіп, Әйел-Ана табиғатының тылсым сырларын, құпия қалтарыстары мол болмыс-бітімін шебер бейнелеуге бейім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет