ӘОЖ 94(574)«1991/2009»:502 Қолжазба қҧқығында
ӘШІМОВА ГҤЛНАЗ БЕЙСЕНБАЙҚЫЗЫ
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық
даму тарихы (1991-2009 жж.)
07.00.02 - Отан тарихы
(Қазақстан Республикасының тарихы)
тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу ҥшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекшілері:
тарих ғылымдарының докторы,
профессор Мажитов С.Ф.
тарих ғылымдарының кандидаты,
доцент Нурбетова Г.О.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010
2
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӚЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ,
ӘЛЕУМЕТТІК ЖАҒДАЙЫНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
1.1 Экологиялық мәселелердің тарихи аспектісі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
1.2 Әлеуметтік-экологиялық мәселелердің шиеленісуі:
ауыр зардаптары мен салдары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 41
1.3 Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелерге
байланысты әлеуметтік жағдайы мен ахуалы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 66
2 ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОЛОГИЯЛЫҚ
ХАЛ-АХУАЛЫ: ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . 82
2.1 Экологиялық мәселелерді шешуде Қазақстанның халықаралық
ынтымақтастықтағы алатын орны, мазмҧны және мәні . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 82
2.2 «Жаңа экологиялық саясаттың» қазіргі моделіне ӛтудің мазмҧны
және ерекшеліктері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 102
2.3 Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ҧлттық жоспары . . . . 125
ҚОРЫТЫНДЫ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 150
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 155
3
ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӚЗДЕРДІҢ ТІЗІМІ
АҚ - акционерлік қоғам
АГТКС - автомобильдік газ толтырғыш компрессорлық стансасы
АҚШ - Америка Қҧрама Штаттары
АҚ - Акционерлік қоғамы
АӚК - Аграрлық ӛндірістік кешен
АЭС - Атомдық электр станциясы
БДСҦ - Бҥкілдҥниежҥзілік денсаулық сақтау ҧйымы (ВОЗ - Всемирная
Организация Здравоохранения)
БҦҦ - Біріккен Ҧлттар Ҧйымы
БҦҦ ДБ - Біріккен Ҧлттар Ҧйымының Даму Бағдарламасы
га - гектар
г/лит - литрге грамм
ГИС - Геолого-исследовательская система (геологиялық зерттеу жҥйесі)
ҒТП - Ғылыми-техникалық прогресс
ж.ж. - жылдар
ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
км - километр
км² - шаршы километр
квт - киловатт
КОКП ОК - Кеңес Одағының Коммунистік Партиясының Орталық Комитеті
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
Қазақ КСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
ҚКСР ҒА - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Ғылымдар
Академиясы
ҚазМУ - әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Университеті
ҚРТД/ҚОҚҦІЖ - Қазақстан Республикасының Тҧрақты Дамуына арналған
қоршаған ортаны қорғау жӛніндегі Ҧлттық іс-шаралар жоспары
ҚР ҦҒА - Қазақстан Республикасының Ҧлттық Ғылымдар Академиясы
л - литр
м - метр
м² - шаршы метр
м³ - текше метр
млн. - миллион
млрд. - миллиард
МӘЖ қызметі - медициналық-әлеуметтік жҥйе қызметі
МОДББ - Мҥгедектердің орталықтандырылған деректер базасы бағдарламасы
НПДЭ - Национальный план действий по экологии (Экология бойынша іс-
әрекеттердің ҧлттық жоспары)
ОАЫ - Орталық Азия ынтымақтастығы
ОА АЭО - Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы
ОБСЕ - Организация по безопасности и сотрудничеству в Европе (ЕҚЫҦ -
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша ҧйым)
ОЭО - Отын электр орталығы (ТЭЦ - топливно-энергетический центр)
4
ПДК - предельно допустимая концентрация (белгілі мӛлшерде белгіленген
қосынды)
СЭС - Су электр станциясы
ТДДС - Тҧрақты Дамудың Дҥниежҥзілік Саммиті
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
ТҚХО - «Халықаралық қызыл кітапты» табиғатты және оның ресурстарын
қорғаудың халықаралық одағы (МСОП - Международный Союз по охране
природы)
ТОЛ - тҧрақты органикалық ластағыштар
Фосфор ШӚБ - Фосфор Шымкент ӛндірістік бірлестігі
ХҚС - Халықаралық қызмет ету, тіршілік ету қабілетін шектеу және денсаулық
сыныптамасы
ХЕҦ - Халықаралық Еуропа Ҧйымы
ШЕКОА - Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдері
ЮНЕСКО - Организация Объединенных Наций по вопросам образования,
науки и культуры (Білім, ғылым және мәдениет бойынша Біріккен Ҧлттар
Ҧйымы)
ЮНДП - Программы Организации Объединенных Наций по оказанию
технической помощи и Специального фонда ООН (Біріккен Ҧлттар Ҧйымының
техникалық кӛмек кӛрсету бойынша және БҦҦ-ның арнайы қоры)
ЮНЕП - Программа Организации Объединенных Наций по окружающей среде
(Қоршаған орта бойынша Біріккен Ҧлттар Ҧйымының бағдарламасы)
ЮНИСЕФ - Детский фонд Организации Объединенных Наций (Біріккен Ҧлттар
Ҧйымының балалар қоры)
5
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының ӛзектілігі. Қазіргі кездегі маңызды, ӛмірлік мәні бар
адамзат алдындағы мәселелердің бірі - экология, табиғатты қорғау болып
табылады. Экологиялық жағдай табиғи және әлеуметтік стихиялық тоғысуынан
туындап зерттеу объектісіне айналуда. Ядролық қару мен химиялық ӛндіріске
толы қазіргі дҥниеде бірде-бір мемлекет ӛз саясатын әлемдік дамудың
мҥдделерінен тысқары белгілей алмайды. ХХІ ғасырда әлемдік даму жолын
адамзаттың қҧндылықтарына бағынуы тиіс екендігі айқын болып отыр. Жалпы
адамзаттық қҧндылықтардың ортақ мақсаты адамның тіршілігі болса, қазіргі
таңда адамның тіршілік орны - табиғи ортадағы ӛзгерістер тек қана
биосфералық мәселе болып қоймай, әлеуметтік мәселеге айналуы белең алып
келеді.
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаев 2003 жылы жарық
кӛрген «Сындарлы он жыл» атты кітабында былай деп жазады: «Қазақстан -
әлемдік қоғамдастықтың ӛзіне артқан ҥмітін бәрінен кӛп ақтаған ел... Сенім
саясатының нақты кӛрінісі әрі қауіпсіздіктің жаңа ҥлгісінің символы -
Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы және Орталық Азияда ядролық
қарусыз аймақ қҧру процесі» [1].
Егеменді Қазақстанда қазақ халқының болмысына, мәдениетіне және
тарихына деген ізденістер қарқындауда, оның тарихи және этномәдени
кезеңдеріне, әлеуметтік және ынтымақтасу тәжірибесінің кӛріністеріне деген
қызығушылық тҥрлі мамандарды қамтуда. Отандық тарих ғылымында
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық мәселелердің қалыптасу
және даму тарихы бҧрын соңды зерттелмеген мәселелердің бірі.
Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін Қазақстанда жаңа реформалар,
әлеуметтік-қоғамдық ӛзгерістер болды. Кеңестік тәжірибеге сҥйене отырып,
жаңа экономикалық жағдайда Қазақстанда әлеуметтік-экологиялық жағдайдың
қалыптасу тарихы, еліміздің әлеуметтік жағдайы мен ахуалы, халықаралық
ынтымақтастықтың маңызы мен мәні, «Жаңа экологиялық саясаттағы»
ақтаңдақтар мен қателіктердің алдын алу мәселелері қарастырылды.
Ӛткеніміздің тың беттерін аша отырып, Қазақстан тарихының кеңістігін
кеңейту, қазақ халқының әлеуметтік ӛмірінің болмысын жетілдірудің
тәсілдерін, тҥрлерін және кезеңдерін талдау, таңдау және жинақтау кәсіби де,
мемлекеттік те мәселеге айналуда.
Экологияның жер бетінде барған сайын кҥрделіленіп бара жатқаны бҧл
кҥндері әркімге-ақ белгілі, ол ҧлттық және аумақтық шегіне жетіп, ғаламдық
мәселеге айналуда. Экологиялық қиыншылықтар бір аймақта немесе бір салада
басталып, аймақтық, яғни мемлекеттік, тіптен халықаралық қиындықтарға
ҧшыратады. Ғасырлар бойы жер бетіндегі табиғи, ресурстық және биосфералық
жҥйе бір-біріне байланысты ғана емес, олардың тағдыры да бір-біріне тәуелді.
Бҧл жҥйелердің экологиялық қауіпсіздігінің деңгейін қалыпты жағдайда сақтау
және
планеталық
ресурстарды
реинвестициялау
ҥшін,
солардың
мҥмкіндіктеріне сҥйене отырып, ӛздерінің экономикалық ӛсуін жасайтын
мемлекеттер мен геосаяси жҥйелердің ӛзара келісімді іс-әрекеті қажет [2].
6
Соңғы жылдары, әсіресе 30 жыл бойы бҧл мәселелер кҥн тәртібінен тҥскен
емес. Табиғатты адам баласының аяусыз пайдалануының соңында қандай қауіп
пен қатер тҧрғанын адамзат біраз уақытқа дейін елеген жоқ. Ал білген кезде ең
алдымен экономикасы ӛркендеген ӛркениетті елдер дабыл қақты. Соның
нәтижесінде Біріккен Ҧлттар Ҧйымының бастамасымен 1972-жылы 5-
маусымда
Стокгольмде
Дҥниежҥзілік
мемлекеттер
басшыларының
конференциясы ҧйымдастырылды. Бҧл конференцияда қоршаған ортаны қорғау
проблемасы кӛтерілді. Сол жылы Біріккен Ҧлттар Ҧйымы Бас Ассамблеясы 5-
маусымды Бҥкілдҥниежҥзілік қоршаған ортаны қорғау кҥні деп жариялады. [3].
Қазіргі ғылым мен техниканың жетістіктері адам баласына табиғи ортаны
сақтау мен оның ластануына жол бермеуге, қамқорлық танытуға мҥмкіндік
береді. Мҧндай мҥмкіндіктердің бірнешеуі тӛмендегідей: табиғи ресурстарды
ҥнемдеуге мҥмкіндік беретін, аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны
жаппай ӛндіріске ендіру және ортаның ластануын барынша азайту; су
шығынын едәуір азайтуға мҥмкіндік беретін ӛндірісті сумен жабдықтаудың
қайтымдық және тҧйық айналымдарын кең қолдану; топырақтағы ылғалдың
жиналуын және атмосфералық ауадағы газдардың тепе-теңдігін сақтауға
мҥмкіндік беретін орман алқаптарының сақталуы және қалпына келтірілуі;
жылу мен энергияның дәстҥрлі кӛздерінің атмосферадағы кӛмір қышқыл
газының жиналуы мен климаттық ӛзгеруінің алдын алуға мҥмкіндік беретін
табиғи кӛздерімен алмастырылуы болып табылады.
Қоршаған ортамен табиғатты тиімді пайдалана отырып, соны сақтау ҥшін
келеңсіз әрекеттерді жасамау осы кездегі ең басты бағыт болып табылуы керек.
Жер шарындағы халық санының ӛсуі мен кӛптеген елдердің индустриалды
дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды еселеп, адамның табиғатқа әсерін
арттыра тҥсуде...
Табиғи ортаның шектен тыс ластануы ерекше белең алып келеді. Кӛп
елдерде қоршаған ортаның табиғи ҥйлесімділігінің ӛзгеруінен ондағы
жағдайдың нашарлағаны соншалық адамдардың денсаулығы бҧзыла бастады.
Экология ғылымының бҥгінгі таңдағы ӛзекті мәселеге айналуы осында [4].
Семей полигонының жабылуы атом тарихындағы тҧңғыш әрі бірегейлі ҥлгі
болды, мемлекет ерікті, бір жақты тҥрде ядролық және термоядролық
зарядтардың сынақ жарылыстары жӛніндегі ӛз аумағындағы жҧмыстардың
бҥкіл кешенін доғарды. Ең алдымен біздің мемлекетімізде полигонның
жабылуы - оның бҥкіл кҥрделі инфрақҧрылымын жай ғана қҧрту және сынақта
тыйым салу емес, бҧл - ластанған жерлерді ақтау, топырақ пен айналадағы
ортаны жӛнге келтіру, биологиялық әлеуетті қалпына келтіру, науқастарға
атомдық ажал жанында жарты ғасыр тҧрып, психологиялық жағынан морт
сынған адамдарға кӛмек жӛніндегі ҧзақ жылдарға созылатын процесс. Бҧл -
ҧзақ та қиын процесс.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму
тарихы: ӛткені, бҥгіні және болашағы тҧрғысынан қарастырылады. Ғылыми
жҧмыста Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экологиялық даму тарихы
аясындағы экологиялық мәселелердің тарихи аспектісі, әлеуметтік-экологиялық
мәселелер - қоршаған ортаны қорғау ісі бойынша мемлекет қызметінің негізі,
7
еліміздің әлеуметтік жағдайы мен ахуалы, әлеуметтік-экологиялық саясаты:
даму жолдары мен бағыттары, экологиялық мәселелерді шешуде Қазақстанның
халықаралық ынтымақтастықтағы алатын орны, мазмҧны және мәні, «жаңа
экологиялық саясаттағы» ақтаңдақтар мен қателіктердің алдын алу шаралары,
қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ҧлттық жоспары кеңінен
қарастырылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстанда әлеуметтік-экологиялық
қалыптасу және даму тарихы мәселелері кеңестік кезеңде біржақтама
қарастырылған.
Мемлекетіміздің ҧлттық тҧрғыда ӛркениетті және салауатты ӛмір деңгейіне
жетілдіру, демократиялық қоғамымыздың жан-жақты дамуын қатар
қарқындату, оны халқымыздың әлеуметтік-мәдени кеңістігінде тарату -
еліміздің бҥгінгі таңдағы ілгерілеуінің ӛзіндік жолы. Тәуелсіздіктің туын биікке
кӛтерген Қазақстан Республикасы халқының тҥп-тамырына деген тарихи
сҧраныс әрдайым жаңаруда. Халықты әлеуметтік-экологиялық және сауықтыру
мәселелерінің мәні мен орнын анықтау - теориялық жағынан маңызды мәселе,
тарихи тың бетбҧрыс және практикалық ӛзекті де әрі ӛткір мәселе. Қоршаған
ортамызды қорғап және оның табиғи сҧлулығын сақтап қалу еліміздің әрбір
азаматының парызы.
Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық жағдайдың қалыптасу және даму
тарихы мәселелері қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде біршама
қарастырылған. Мысалы, 1970-1990 жылдардағы Қазақстанның әлеуметтік-
экологиялық саясатына қатысты тарихи аспектілер Ю.П. Полянский [5], Ж.Ж.
Жатқанбаев [6] М.Н. Исмагиловтың [7] зерттеулерінде кездеседі.
Егемендік алған жылдардың ішінде Қазақстан Республикасында Отан
тарихына арналған еңбектер тереңдей тҥсті. Бірқатар ғалымдар, атап айтқанда
Ж.М. Әділов [8], Ә.С. Бейсенова, Ж.Б. Шілдебаев [9], Г.К. Сағымбаев [10], С.С.
Тӛребаев, Ж.Б. Шілдебаев [11] т.б. Отан тарихының әртҥрлі кезеңдеріне
байланысты ӛз еңбектерін жарыққа шығарды.
Мәселенің зерттелу тарихын тҧжырымдай келе, біз тарихнамада, соның
ішінде
тәуелсіз
Қазақстанның
ғылымында
әлеуметтік-экологиялық
мәселелердің қалыптасу және даму тарихы, қоршаған ортаны қорғау ісі
бойынша мемлекет қызметінің негізі ретінде қарастырылатын мәселелері
шынайы кӛзқараспен айтарлықтай кӛрсетілмегендігін байқаймыз.
Қазақстандағы әлеуметтік-экологиялық мәселелер бірқатар ресейлік
ғалымдардың, атап айтқанда В.Н. Экзарьян [12], Н.Н. Моисеев [13], Н.Ф.
Реймерс [14], В.П. Казначеев, В.И. Вернадский [15], Э.И. Колчинский [16] және
т.б. ғылыми еңбектерінде қарастырылған.
Ӛкінішке орай, ӛткен ғасырдың 90-шы жылдарындағы Қазақстан мен
Ресейдің әлеуметтік дамуының тарихи тәжірибесін зерттеуге байланысты
еңбектер ӛте аз.
Жалпы алғанда, диссертацияның тарихнамасын келесі топтарға бӛлуге
болады. Ресей мемлекетінің позициясымен саяси-әлеуметтік және экологиялық
даму мәселелерін қарастырған В.И. Данилов-Данильян, К.С. Лосев [17], Л.Н.
Самойлов [18], Т.А. Акимова, В.В. Хаскин [19], Г. Бейтсон [20], С. Гроф [21],
8
Л.Н. Гумилев [22] және т.б. сияқты орыс ғалымдарының еңбектерін бірінші
топқа жатқызуға болады.
Қарастырылып отырған мәселені зерттеген қазақстандық ғалымдардың
еңбектерін екінші топқа енгізуге болады. Біріншіден бҧлар - М. Пик [23], В.И.
Фурсов, Т. Ергалиева [24], Ж.Б. Шілдебаев [25], А.Б. Бигалиев, Е.Ж.
Жамалбеков [26], Т.К. Сҧлтанбеков [27], Н.Қ. Сейдақҧлова [28], Б.Э. Тӛлеубаев
[29], Р. Атраубаева [30], А. Есеналиев [31], А. Нҧрғызыранов, Қ. Шапшаңов
[32], Ә.Т. Қанаев, З. Қанаева [33], Мажитов С.Ф., Игликова К.С., Турмашева
Б.К. [34], Г.О. Нурбетова [35] сияқты қоғамтанушы-ғалымдар.
Қазақстан
Республикасы
президенті
Н.Ә.
Назарбаевтың
«Тарих
толқынында», «Бейбітшілік кіндігі» т.б. [36] атты еңбектеріне ізденушілер
тарапынан қызығушылық танылуда.
Қазақстандық
ғалымдар
М.Х.
Асылбеков
және
В.В.
Козина
«Народонаселение Казахстана в условиях суверенитета» атты ӛздерінің
еңбегінде егеменді Қазақстанның жергілікті халқының ҧлттық, жыныстық
қҧрылымын, әлеуметтік қҧрамын, еңбек ресурстарын және адамдардың
жҧмыспен қамтылуы, сондай-ақ миграциялық процестерді және т.б.
мәселелерді қарастырған. Бҧл ғылыми еңбекте «1999 жылы қан айналымы
жҥйесіне қатысты аурулар 199,0 мыңды, 2003 жылы - 261,5 мыңды, 2007
жылдың 1 қаңтарына - 417,5 мыңды қҧрады. Бҧл кезеңде гипертониялық
аурулар, стенокардия, жҥректің ишемиялық аурулары сияқты кҥрделі аурулар
кӛбейе тҥсті. Ал, 1990 жылдан 1999 жылға дейінгі кезеңде Қазақстанда 100 мың
адамға шаққанда тіркелген 410 жағдайда онкологиялық ауруларға
шалдыққандардың саны 188,5 қҧрады. Егер 1999 жылы 61,2 мың
онокологиялық аурумен ауыратындар тіркелген болса, онда 2003 жылы - 77,4
мың, ал 2007-жылдың 1-қаңтарына - 80,4 мың ауруларды қҧрады» [37].
Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы саласындағы ең іргелі еңбектердің
бірі «Қазақстан тарихы (ежелгі заманнан кҥні бҥгінге дейін)» экологиялық
проблемалардың шиеленісуі, халықтың ӛмір сҥру деңгейі жӛніндегі
мәселелерді және т.б. қарастырған. Бҧл еңбекте Арал теңізінің апатты
жағдайына қатысты мәселелері зерттелген. «КСРО-ның Мелиорация және су
шаруашылығы министрлігінің тікелей қатысуының арқасында Арал аймағы ӛлі
далаға айналды. Арал теңізінің деңгейі 14 м тӛмендеді, акваторияның кӛлемі
40%-ға, су мӛлшері - 65 %-ға қысқарды. Егер 1950-жылдары бҧл жерде
балықтың 24 тҥрі болса, олардың ішінен ӛндірістік қҧндылығы бар 12 тҥрі
болатын, ал балық аулау жылына 500 мың тоннаны қҧрады, ал 1980-шы
жылдардың соңына қарай балықтың 20 тҥрі тҥгелдей жойылды, сондықтан
теңіз ӛзінің балық шаруашылықтық маңызын жоғалтты. Кеуіп қалған теңіз
тҥбірі тҧздардың жиналған ҥлкен ошағына айналды және тҧзды шаң
борандарының пайда болуына себеп болды» [38].
Егеменді Қазақстан Республикасының 90-шы жылдарынан бастап кҥні
бҥгінге дейінгі әлеуметтік-экологиялық даму тарихы мәселелеріне, оның
кезеңдеріне және тарихи тәжірибесіне талдау жасайды. Қоғамның
демократиялық, әлеуметтік, қоғамдық және экологиялық даму теориясының
мәселелеріне қызығушылық танытқан бҧл еңбектердің ғылыми жағынан
9
маңызы зор. Семей ядролық полигоны және Арал маңында тҧратын жергілікті
тҧрғындардың денсаулығының хал-ахуалы және басқа да экологиялық
мәселелер Б.И. Гусевтің, Н.Ж. Чайжунусованың, М.Ж. Еспембетованың, Г.К.
Расованың, М.М. Унисьянованың, С.Ф. Мажитовтың, Т.А. Алимбаевтың, А.Ш.
Алтаевтың, Л.Н. Нҧрсҧлтанованың докторлық диссертацияларында және Н.С.
Ибраевтың, Т.Т. Тохтарованың, К.К. Жылқышбаеваның, А.Д. Оразбақовтың,
Г.М. Серғазинаның, Г.С. Жәңгірованың кандидаттық диссертацияларында
зерттелген.
Кеңестік және егемендік жылдарындағы мемлекет пен қоғамның
әлеуметтік-экологиялық дамуының әрқилы мәселелеріне арналған ғылыми
ізденістер ӛте аз. Қазақстанда ӛтпелі кезеңдегі әлеуметтік-экологиялық
модернизациялаудың теориялық және практикалық мәселелері нақтылы
деңгейінде қарастырылмаған.
Зерттеліп отырған мәселенің негізгі жақтарын қарастыратын ғылыми
еңбектердің жоқтығы диссертацияның тақырыбы бойынша жарияланған
еңбектердің баршылығына қарамастан бҧл зерттеу жҧмысының қажеттілігін
айқындайды.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. Диссертациялық жҧмыстың негізгі
нысаны ретінде тәуелсіздік кезеңіндегі Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экологиялық даму тарихына қатысты мәселелерді және олардың
ауыр зардаптары мен салдарлары талдауға алынды.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-
экологиялық ахуалы мен жағдайының даму жолдары мен негізгі бағыттарының
ерекшеліктерін зерттеу барысындағы қҧқықтық және ҧйымдастырушылық
шаралары диссертациялық жҧмыстың пәні болып табылады.
Зерттеу жұмысының хронологиялық шеңбері. 1991-2009 жылдар
аралығын қамтиды. Диссертациялық жҧмыста экологиялық, әлеуметтік
ахуалдың қалыптасу және даму тарихын, қоршаған ортаны қорғау мәселелерін
нарықтық жағдайға ӛту кезеңінен бастап қазіргі кҥнге дейін қарастырамыз.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты. 1991-2009 жылдардағы Қазақстан
Республикасының әлеуметтік-экологиялық даму тарихын қоршаған ортаны
қорғау бойынша жалпы әлемдік мәселелерді шешудің әлеуметтік әдісі ретінде
зерттеу.
Диссертациялық жұмыстың негізгі міндеттері:
- кеңестік кезеңдегі экологиялық апаттардың ауыр салдары мен
зардаптарын қарастыру және экологиялық мәселелердің тарихи аспектілеріне
талдау жасау;
- әлеуметтік-экологиялық саясатты - қоршаған ортаны қорғау ісі бойынша
мемлекет қызметінің негізі ретінде қарастыру;
- қазіргі таңдағы Қазақстанның әлеуметтік жағдайы мен ахуалын зерттеу;
-
экологиялық
мәселелерді
шешуде
Қазақстанның
халықаралық
ынтымақтастықтағы алатын орны, мазмҧны және мәніне талдау жасау;
- «Жаңа экологиялық саясаттың» қазіргі моделіне ӛтудің мазмҧны және
ерекшеліктерін зерттеу;
10
- қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың ҧлттық жоспарына
талдау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |