Эссе Тақырыбы: «Ұлттың мәдени кодын сақтаудағы қазақ тілімен қазақ мәдениетінің рөлі»



Pdf көрінісі
Дата03.12.2023
өлшемі0,83 Mb.
#134196
Байланысты:
(Мәдени код)(1)



 
 

 

Эссе
 
Тақырыбы: «Ұлттың мәдени кодын сақтаудағы қазақ
тілімен қазақ мәдениетінің рөлі»
 
Факультеті:физ-мат(МКО-102)
 
Орындаған:Қырымкереева Жанерке
 
Тексерген:Кеңесов Асхат Алмасұлы
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
2023жыл
 


Ұлттың мәдени кодын сақтаудағы қазақ тілімен қазақ 
мәдениетінің рөлі
 
Ұлттық код - ең алдымен, тілде, сосын дәстүріміз бен салтымызды, мінезімізді 
айқындайтын ділде, ұлттық мәдениетте. Қазақ баласының тағылымы мол тарихында 
мәдени-рухани болмысы ізгілікпен әдіптеліп, қарапайымдылықпен шындалып, 
парасатпен шырайланған. Ұлттық кодымызда ізгілік, адалдық, перзенттік инабаттылық, 
адамгершілік, парыз, этикет, ақыл- парасаттылық кеңінен өрістеген, молынан қамтылған. 
ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды 
дейді Елбасы, өйткені «жаңғырған қоғамның езінің тамыры тарихының тереңінен бастау 
алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты сол ұлттық 
кодыңды сақтай білу».
Мәдениеттің басты қызметі этносты қорғау, сақтап қалу. Себебі мәдениет этностың қуат 
өрісі, панасы, бар болмысы, тыныс-тіршілігі. Айналып келгенде, этносты қанша көп болса 
да адамдар емес, мәдениет қана сақтай алады. Мәдениет арқылы халық өзінің тарихи 
тағдырынан тамырын үзбейді. Ұлттық мәдениет этностық құндылықтар, рәміздер мен 
наным-сенімдердің мінез-құлық үлгілерінің құр әшейін жиынтығы емес, сол ұлттың 
рухани өмірінің басқаларға ұқсамайтын кескін-келбеті. Мәдениетті болу үшін тілдік сана 
қажет. Ана тілін, мемлекеттік және шетел тілдерін білу ғана дүниенің бар құбылысын, 
бояуын, әуенін санаға құюға мүмкіндік береді. Тілдік сана негізінен әдебиет арқылы 
қалыптасады. Әуелі қазақ әдебиетін, сонымен қатар әлемдік әдебиетті білудің маңызы 
ерекше болмақ, Әлемдік әдебиет қазақ тіліне толық аударылып болмағаны белгілі. Ол 
қазынамен таныс болу үшін алдымен орыс тіліне жүгінетініміз сондықтан. Соңғы жылдары 
классикалық әдебиетті, дәуір қаламгерлерінің шоқтығы биік шығармаларын қазақ тілінде 
меңгеруімізге қажетті жағдайлар жеткілікті демегенмен, жасалып келеді. Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Мәдени 
мұра Мемлекеттік бағдарламасы бойынша әлем әдебиетіндегі көркем шығармалардың 
жүзге жуық озық үлгілері қазақ тілінде жарыққа шықты. Егер әлем әдебиетімен таныс болу 
парасатты, мәдениетті, тәлімді адамды тәрбиелеуге ықпал етсе, қазақ әдебиетін білу 
мұның сыртында ұлтжандылық пен ұлттық мақтаныш сезімін асқақтататынын 
ұмытпауымыз керек. Қазақ мәдениетінің тарихы, оның рухани болмысы, бүгінгі мәдени 
ахуалдағы қарама-қайшылықтар және оның болашағы қай кезде болмасын қоғам 
назарынан тыс қалмады. Ұлттық мәдениетімізді танып, білуге, оны бағалауға қазақтың 
біртуар тұлғалары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, Ж. 
Аймауытов, М. Жұмабаев қалдырған ой-пікірлер тұжырымдамалық негіз болса, М. 
Әуезов, Е. Бекмаханов, М. Ғабдуллин, С. Қасқабасов, Ә. Марғұлан, Б. Қазыханова, Б. 
Байжігітов, Н. Сарсенбаев және т.б. ғалымдардың еңбектерінде одан әрі дамытылды. Сан 
ғасырлар бойы ұлттық болмысымызға ықпал еткен отаршылдық пен тоталитарлық саясат 
мәдени мешеулікке алып келді. Өткен ғасырларда өмір сүрген даналарымыз өз 
еңбектерінде халықты рухани адамгершілікке бағдарлаған. Әл-Фараби замандастарына 
қайырымды, ізгілікті қаланың қажеттілігін айтса, Жүсіп Баласағұн қоғамда әрбір адамның 
әділетті болуын көксеген, Абай қазақ баласына Адам бол! деп нақты кеңесін берді, ал 
дана Шәкәрім әлеуметтік болмыстың, адам өмірінің түп қазығы ар-ұятта, ұжданда деп 


білген. Осылардың барлығы түптеп келгенде еркіндікті сүйетін, еркін ойлайтын тұлғаны 
қалыптастырады. Қазақ халқының мәдениетін осы сипаттары ерекшелеп, еліміздің 
әлемдік кеңістіктегі орнын анықтап отыр. Тәуелсіздік алғаннан бері уақыт аралығында 
қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тағдыр тәлкегімен ұмытыла 
бастаған ұлттық салт-дәстүрлерімізді және төл мәдениетімізді жаңғыртты. Еліміздің 
алдында мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылуы тиіс жаңа міндеттер тұр: ұлттық 
мәдениет негізін құрайтын құндылықтарды қайтару; ұлттық тіл мен дәстүрді қайта 
жаңғырту; тарихи шындықты қалпына келтіру, тарихи сананы қалыптастыру арқылы 
мәңгүрттік жағдайдан арылу; қазақ халқының асыл мұрасын барша халық, әсіресе 
еліміздің ертеңі жас ұрпақ меңгеру және т.б. Осы міндеттерді шешу арқылы 
бәсекелестікке төтеп бере алатын, ұлттық намысы мен жігері бар,ұлттық құндылықтарға 
бай қазақ мәдениетін барша жұртшылыққа таныта аламыз. Қазан халқының дәстүрлі 
мәдениеті кеңес дәуірі тұсында тоталитарлық режимнің қысымыме пролетарлық, түрі 
ұлттық социалистік мәдениет деген ұранмен мәдени геноцидті баста Оның салдары 
ұлттық сананың маргиналдануына әкелді. Қазақстан Республикасы өз тәу алғаннан кейін 
90-жылдардың алғашқы жартысында халқымыздың ұлттық дәстүрлерін қай жаңғырту 
барысында бұқаралық сипатта көптеген іс-шаралар атқарылды. Ал соңғы жылдарда 
нарықтық экономиканың өмірге терең енуі мен батыстық өркениеттің жемісі бұқаралық 
мәдениеттің жаппай ықпалы мен тегеуріні дәстүрлі мәдениеттің дамуына барынша кері 
әсерін тигізуде.
Қазақ отбасында адам зиялылығының негізі ақыл-ой тәрбиесі деп есептелінді. Ақыл-ой 
тәрбиесі арқылы баланы ойлау іс-әрекетінің шарты болатын білім қорымен қаруландыру, 
негізі ойлау операцияларын меңгерту, зиялылық біліктері мен дүниетанымын 
қалыптастыру міндеттері шешілді. Көп мадениетті тұлғаға, ең алдымен, төл мәдениетін 
игеру шарт. Ол ұлттық тәрбие арқылы беріледі. Адамзаттық құндылықтарға, әлемдік 
мәдениетке құштарланғанда табан тірер тұғыр - төл мәдениеттің, өзгелердің өркениетіне 
тәнті болғанда мақтаныш ететінің де ұлттық рухани қазынаң. Ұлт мәдениетсіз өмір сүре 
алмайды. Мәдениет те ұлтсыз болмайды. Жойылып кеткісі келмеген қай ұлт болмасын ең 
алдымен мәдениетін сақтап, дамытып, туындатып отыруы керек.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет