5 ағымдық бақылау тапсырмалары: Педагогикалық такт



бет1/2
Дата19.10.2023
өлшемі36,28 Kb.
#119769
  1   2

5 ағымдық бақылау тапсырмалары:
Педагогикалық такт — оқушылармен қарым-қатынаста педагогтың өнеге құралдарын тиімді пайдалана білуі. Педагогикалық такт адамгершілік қағидасына негізделеді. Оның мәні баланың рухани дүниесіне педагогтың әсер ете білуінде. Педагогикалық тактіні жақсы меңгерген педагог қолданылған тәрбие құралының күтпеген нәтиже беретінін де ескереді.
«Кәсіби мәдениет» ұғымы мәдениеттің өзін емес, маман іс-әрекетінің сапалық ерекшелігін, мәдениеттің пәндік мазмұнын, кәсіптің өзіндік ерекшеліктерін және кәсіби қауымдастықтың өзара қатынасын айқындайды. Дәстүрлі анықтамамен айтқанда, кәсіби мәдениет дегеніміз – белгілі еңбек саласына қатысты маманның меңгеруіне қажетті арнайы теориялық білімдер мен практикалық білік, дағдылар жиынтығы деп айқындауымызға болады.
2. Педагогикалық такт деп біз мұғалімнің тәрбие беру процесінде балалардың көңіл күйін, жан дүниесін, мінез құбылыстары мен психо-физиологиялық ерекшеліктерін терең білудің негізінде нақтылы жағдайлардың талабына сәйкес қолданатын әдіс-тәсілдердің қосындысын айтамыз. Педагогикалық такт болмайынша мұғалім өз пәнін қанша терең білгенімен, тіпті тәрбиелік жұмыста алуан түрлі әдіс-тәсілдерді меңгергенімен, өзінің алдына қойған – жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беру мақсатына жете алмайды. Сондықтан педагогикалық тактінің психологиялық мәні бар екендігін атап кеткен жөн. Педагогикалық тактінің қалыптасуы жеке оқытушының психологиялық, эмоционалдық дүниесінің құрылымына байланысты.
Педагогикалық такт-оқу-тәрбие процесінде, мұғалімнің кәсіби-педагогикалық қарым-қатынасында гуманизм принциптерін іске асырудың міндетті шарты. Педагогикалық әдептің негізгі элементтері: оқушыға деген талапшылдық пен сыйластық; оқушыны көре және ести білу, оған жанашырлық; қарым-қатынастың іскерлік реңі; мұғалімнің зейінділігі, сезімталдығы.
Эмпатия (лат. empatheіa) – өзге адамдардың жан дүниесін түсіну мен жай-күйін ұғыну қабілеттілігі. Эмпатия адам бойында жиі кездесетін, өзіндік мән-мағынасы бар ерекше сезім. Оның айқын көрінісі – өзге адамдардың қайғы-қасіреті мен қиыншылықтарына ортақтасып, оларға жанашырлық білдіру, сол арқылы өзгенің ауыр психикалық жай-күйін өз басынан кешіргендей халге түсуі.

  1. 3. Сендіру – коммуникативтік қарым-қатынастың негізгі тәсілі ретінде.

Оқушыларға ықпал етудегі қайнар көздерінің арасында ең маңызды рөл педагогтің үлесіне тиеді. Мұғалім тәрбиеленушінің мінез-құлқына, іс-әрекетіне, сезіміне, санасына қандай тәсілдермен әсер етеді? Барлық мұғалім жолын енді бастағандар қарым-қатынас жасай алу икемділіктерін өздері жасай ала ма?
Қарым-қатынаста екі негізгі тәсіл коммуникативтік ықпал жасайтын қабылданған, яғни сөздің көмегімен әсер ету: сендіру мен иландыру.
Өсіп келе жатқан адам әлеуметтік ортамен, табиғатпен өзара байланыста болады. Өзара байланыс нәтижесі оның сенімі болып табылады, яғни білім жүйесі, көзқарастары мен қарым-қатынасы, мінез-құлық нормалары.
Сенім шынайы және жалған болады. Шынайы сенім шынайы дүниемен сәйкес болады және адам тұлғасын қоғамдық құндылық ретінде қарастырады. Адам өзінің шынайы сенімін қорғау үшін өлімге де басын тігеді. Жалған сенім, ең алдымен ұжымға да зиянды және қоғамға да. Бұл өзінің және басқалардың жағымсыз көзқарастарынан жәнеөмірлік тәжірибе синтезінен пайда болады.
Біз мектеп оқушыларының жалған сенімдерімен жиі кездесіп отырамыз. Біз оларды тани аламыз ба?
Жалған сенімді жөндеу педагогтың табанды еңбегін қажет етеді. Оны үш бағытта жүзеге асыруға болады: сынып ұжымында қоғамдық пікір қалыптастыру, арнайы құнды дербес өмірлік тәжірибе жасау, дұрыс емес сенімнің жалған екендігін білдіру, дәлеледеу.
Ең алдымен күшті ұжым құруда алыс, орта, жақын перспективаларды оның дамуына бағыттау керек. Әрбір тәрбиеленушінің ұнамды жақтарына сүйене отырып, педагогқа өмірлік сенімді жоюға қадам басуы жеңілдеу болады. А.И.Кочетов жалған сенімді әлсіретуге төмендегі тәсілдерді бөліп қарастырды:

  • жеткіншекті өзін басқалармен салыстыруға үйрету: оны өзі қызығатын адаммен жақын таныстыру, ол оның көзқарастарына қарама-қарсы болуы керек (мысалы, бала оқығысы келмейді, ал оның танысы көп біледі, көп оқиды, жаттанды түрде емес, өзімшіл емес. Міне осыдан кейін ол жаттап алмайтын, білгішсінбейтін болады);

  • жалған сенімнің ертең қайда апарып соғарына мысалдар келтіру (мысалы, осындай кемшілігі бар адамдардың қайғылы жағдайға тап болғаны туралы, оның өз өмірін құртқандығы, бостандық, сертінен, ұятынан айрылғандығы, ол күшті сияқты еді бірақ өмір оның әлсіздігін, түкке жарамсыздығын дәлелдеді. Бұл үшін мысалдарды шынайы өмірден, көркем әдебиеттен, кинофильмнен алып қолдану керек.)

  • жалған сенімдегі жасөспірімнің пікірлерінің логикасының қисынсыздығын аңғарту (мысалы, барлық оқушылар ұстаздарын алдай берсе, ақыры не болатындығын, өзін-өзі ұстай білу қағидаларын сақтамаса , орындамаса не боларын сездіру және т.б.);

  • тәрбиеленушіге өзінің мінез-құлық әрекеттерін дәлелдеу үшін жағдай жасау, яғни өз пікірін, көзқарасын фактілер келтіріп, дәлелдеу үшін жағдай жасау, онан соң әрбір аргумент, дәлелдеулерді жоққа шығару.

Жалған сенім шындықпен, адамгершілікті жағдайлармен, құндылықтармен орын алмасуы керек. Жалған сенімді жөндеуде қолданылады:

  • жеткіншек рухани өмірде құндылықтармен бетпе-бет келуі: күшті болғысы келеді, сүйікті спорт түрімен айналысу, бұл үшін күн тәртібін орындау керек, жақсы оқу керек; үйірмелерге жазылу керек.

  • Мұғалімнің жалған сенімдегі жеткіншектің мінез-құлқына шыдамдылық көрсетуі: оның дөрекілігіне мұғалімнің ұстамдылық пен әдептілік көрсетуі, жеткіншектің дербес ерекшелігіне құрметпен қарауы;

  • Жеткіншекке сеніммен қарай білу, ол дұрыс емес қылықтар көрсетсе де (“Мен саған қалай көмектесе аламын? Жағдайыңның нашар екендігін көріп тұрмын!”);

  • оқушылар санасына шын сенімді орнықтыру үшін оқытушы жауапкершілікпен жұмыс істеуі қажет. Бұл оның міндетті тапсырмаларының негізін құрайды. Ол үшін оқушылар ұжымында, сыныбында: дұрыс пікір қалыптастыру қажет, өмірлік тәжірибе талап етіледі, жалған сенімді жоққа шығаратын логикалық дәлелдер қажет болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет