Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы Этнопедагогика



бет3/7
Дата02.12.2022
өлшемі25,38 Kb.
#54299
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Этнопедагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Н.Сарсенбаев ұлт психологиясы ұлттық әдет-ғұрыптардан, салт-дәстүрлерден, ұлттық сезімдерден көрінетіндігін айқындады. Әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің тек ұлтқа тән құбылыс екендігін атап көрсетті.
Этнопедагогика ғылымы үшін Н.Елікбаевтың «Ұлттық психология» (1992) еңбегінің маңызы зор. Оның пікірінше, халықтардың тарихы, шаруашылық жағдайы алуан түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер арқылы ұлттық сезімдерден көрінетін мінез белгілерін қалаптастырды.
Автор аталған еңбегінде ұлттың рухани өмірін идеологиялық, психологиялық деп екіге бөледі. Идеологиялық өмірге әдебиетті, өнерді, ғылымды, филисофияны, дінді енгізеді. Психологиялық өмірге ұлттық сезім, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер ұғымдарын жатқызады. Бірге өмір сүру, әлеуметтік, табиғи- географиялық, материалдық, мәдени жағдайлар ұлт мінезін басқа ұлттардан ерекшеледі. Әрбір ұлт өкілінің өзіне тән ұлттық мінезі, сезімі, дәстүрі, әлет-ғұрпы бар. Қайырымдылық, қатыгездік, жомарттық, тойымсыздық, эгоизм сияқты жақсы да, жаман да қасиеттер барлық ұлт өкілдерінің бойынан табылады.
Ұлттық психология құрылымына кіретін маңызды элементтердің бірі – ұлттық мінез. Ұлттық мінез – халықтың қоғамдық, экономикалық өмірі арқылы қалыптасқан дағдылар мен әдеттердің жиынтығы. Оның белгілері – еңбексүйгіштік, қайырымдылық, ержүректілік, қаталдық, еркіндікті сүю. Әр бір халықтың ұлттық психологиясының ерекшелігі бірге өмір сүруге, тіршілік үшін күреске байланысты болды. Оны ерешелейтін – басқа ұлттарда жоқ қасиеттері. Ұлт мінезі материалдық(киім, т.б) және рухани (саз, би, отбасылық қатынастар, спорт,т.б.) мәдиеттен, тұрмыстан, әдет-ғұрып,салт-дәстүрлерден көрінеді. Ұлт мінезіне әр түрлі таптардың идеялары да әсер етеді. Ұлттық сезім –ұлттың жан дүниесінің маңызды құрамдас бөлігі, түсінік, ұғым, сенім, арман, адамдардың өз ұлтының мүддесін, қажеттіктерін түсінуі, ұлтының жетістіктеріне мақтану, басқа ұлттарды құрметтеу. Н. Елікбаевтың пікірінше, әр халықтың қажетіне сай немесе сай келмейтін жағдайдан туындаған ұлттық сезім ғасырлар бойы қалыптасады.
Ұлттық сезімге экономика,мәдениет, табиғат тұрақты түрде әсер етті. Ана тілге сүйіспеншілік- ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлердің қалыптасуына вқпал еткен, көзге айқын көрінетін ұлттық сезім. Ұлттық сезім- әдептілікті, сақтықты талап ететін өте бір қауіпті қоғамдық қатынастар саласы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет