Этнос және ұлт



Дата15.05.2022
өлшемі1,29 Mb.
#34504

Этнос және ұлт

Мазмұны

1. Этникалық қауымдастық және оның түрлері.

2. Этнос және ұлт.

3. Ұлттық менталитет.

Этнос жайлы жалпы түсінік

Этнос (грек.ethnos – халық) – тарихи қалыптасқан, адамдардың орнықты қауымдастығы – тайпа, ұлыс, ұлт. Этнос пайда болуының негізгі алғышарттары – өмір сүретін аумақтың, тілдің және рухани құндылықтардың ортақтығы. Бірлескен шаруашылық қызметі, өмірдің табиғи жай-күйі мен басқа да себептер жағдайларында этносқа тән материалдық және рухани мәдениеттің, тұрмыстың, әлеуметтік-психологиялық нұсқамалардың ерекшеліктері қалыптасады. Этнос мүшелерінде ортақ өзіндік сана пайда болады, оның сыртқы көрінісінің қызметін ортақ өзін-өзі атау – этноним (мысалы,түркілер, славяндар және басқалар) атқарады.

Этникалық қауымдастық – белгілі бір аумақта тарихи қалыптасқан тұрақты адамдардың (тайпа, ұлт, халық) жиынтығы.

Олардың ортақ белгілері бар: мәдениет, тіл, ой қоймасы, өзіндік сана, тарихын білуі, өздерінің мақсаты мен армандарының болуы, халқының ауызбіршілігі және өзге этностардан айырмашылығы(яғни, өздерінің келбеттерінің, мәнерлерінің басқа екенін білу).

Этникалық даму кезеңі

  • Тайпалық қауым
  • Халық
  • Ұлт
  • Жалпы адамзат

Ұлт туралы жалпы түсінік

Ұлт – халық дамуындағы белгілі бір баспалдақ, кезең. Бұл кезде халық өзінің мемлекетін құрады. Мәселен, қазіргі француздарды халық деп те, ұлт деп те айтуға болады. Ұлт болатын себебі Францияда француз, бретон, корсика, эльзас-лотарингтер сынды этникалық қауымдар бар. Олар бұрында белгілі бір аймақтың, жердің иесі болғанымен, қазір олардың мемлекеті жоқ. Олар Франция деген елге бірігіп, француз халқы болып отыр. Бірақ араларында этникалық өзгешеліктер бар.

Ұлттық менталитет

Әр елдің өз менталитеті болады, оның жалпы түсінігі.

Менталитет – француз тілінен аударған кезде «mentalite» атауын беретін, ойлау қабілеттілігі, дүниеге деген көзқарас, рухани жан дүние деп аталатын сөз бірлігі.Аталған ұғым әрбір ұлттың өз түсінігіне, пайымына қарай философиялық түрде сараланады. Менталитет – эмоцианалды және рационалды болып келетін өте күрделі психологиялық қасиет. Себебі оның ортақ бірлігі жоқ. Әр елде, әр ұлтта, әр жеке тұлғада өзінше қалыптасады. Қазіргі тілмен айтқан кезде «ұстаным» деген сөзбен синонимдес. Менталитет – қазақ тіліндегі баламасы бойынша, кез келген адамның бойында болатын, атадан, тектен берілетін, қанына сіңген қасиеттерді дәріптейтін, белгілі бір қатаң шеңбер аясында өмір сүруге жетелеуші табиғи күш.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет