Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілік заттар



бет27/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143
Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілік заттар.
Бұл топқа тікелей және жанама әсер ететін М- және Н-холиноми-метиктер мен холиноблокаторлар жатады.
Дәрілік заттардың синапстардағы әсерлері әртүрлі болып келеді:

  • біреулері ацетилхолиннің синтезіне әсер етеді;

  • екінші біреулері медиаторлардың синапс көпіршіктерінен босап шытуына әсер етеді;

  • үшінші біреулері ацетилхолиннің холинорецепторлармен өзара қатынас процесстерін бұзады;

  • төртінші біреулері ацетилхолиннің гидролизін өзгертеді, немесе ацетилхолиннің нейрон үштеріне келуіне кедергі жасайды.

Осы ерекшеліктерін ескере отырып бұл топтың препараттарын төмендегідей жіктеуге болады: N М- және Н-холинорецепторларға әсер ететін дәрілік заттар:

  • М- және Н-холиномиметиктер: ацетилхолин хлориді, карбахолин;

  • М- және Н-блокаторлар: холинэстеразаның ингибиторлары, физостигмин, прозерин және т.б.

  • М-холиномиметиктер: ареколин гидробромиді, пилокарпин гидрохлориді, ацеклидин;

  • М-холиноблокаторлар: күкіртті атропин, скополамин гидробромиді, платифиллин гидротартраты, гоматропин гидробромиді;

  • синтетикалық холиноблокаторлар: апрофен, арпенал, метацин.

  • Н-холиномиметиктер: лобелин гидрохлориді, цититон;

  • Н-холиноблокаторлар: пирилен, бензогексоний, гигроний, димеколин, пентамин, арфонад, кватерон, камфоний, пахикарпин;

  • қозталу бұлшық еттерінің рецепторларына әсер ететін Н-холиноблокаторлар - кураре тәрізді препараттар: д-тубокурарин, анатруксоний, циклобутоний-С, диадоний, панкуроний, пипекуроний, квалидил; екінші топ: дитилин, декаметоний, имбретил

Асеtуleholini сhlordum. Нағыз М- және Н-холиномиметик. Биогенді амин. Ақ түсті кристалл. Ауада бұзылатындықтан 5 мл ампулада шығарылады. Онда 0,2 г құрғақ зат болады. Препаратты қолданар алдында оған керекті мөлшерде залалсыздандырылған су қосады. Холинергиялық нервтердің үштеріне әсер ететін медиатор. Оның әсерінен жүректің қызметі бәсеңдейді; шеткергі қан тамырларының өзектері кеңейеді; артериялық қысым төмендейді; асқазан, ішектер, бронхылар, жатыр, өт қабы мен қуық еттерінің жирылуы күшейеді; ас қорыту жүйесінің, бронхылардың, тер және сілекей бездерінің секрет бөлуі ұлтаяды; көз қарашығы кішірейеді; көздің ішкі қысымы төмендейді.
Карбахолин үшметиламмоний хлориді. Ацетилхолин-хлорид құрылысындағы сірке қышқылының метил тобы амин тобымен алмастырылған. Препарат көпке дейін жақсы сақталады. Ақ түсті кристаллды ұнтақ. Суда оңай, ал спиртте қиын ериді. Организмде ацетилхолинэстеразаның әсерінен бүлінбейді. Сондықтан дәріні организмге жібергеннен кейін оның әсері 1-2 сататқа дейін созылады.
Карбахолиннің әсіресе күйіс қайыратын малдардың ас қорыту жүйесінің ағзаларынын; секреторлық және моторлық функцияларына оң әсері оны сол жүйенің ауруларын емдеу үшін қолдануға қолайлы етеді. Тек малдың карбахолинге сезімталдығын ескерген жөн. Карбахолинге қатты реакция беретін малдың ұлтабарының немесе ішектерінің жарылып кетуі мүмкін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет