Ф. Ф. Рау 2кезеңге бөлсе, О. В. Правдина, О. В. Токарева үш, ал М. Е. Хветцев 4кезеңге бөлді



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата28.02.2023
өлшемі173,33 Kb.
#70516
  1   2   3
Байланысты:
Дыбыстарды д рыс айтуды алыптастыруда логопедиялы ж мысты кез



 
Дыбыстарды дұрыс айтуды қалыптастыруда логопедиялық жұмыстың 
кезеңдері мен принциптері 
Арнайы әдебиеттерде дыбыс айту кемшіліктерін түзетудедегі логопедиялық 
жұмыс кезеңдерінде әртүрлі пікір айтылады. Мысалы, Ф.Ф.Рау 2кезеңге бөлсе, 
О.В.Правдина, О.В.Токарева үш, ал М.Е.Хветцев 4кезеңге бөлді. Кезең 
саны әртүрлі болғанымен негізгі мақсаты бір болып келеді. Логопедиялық 
түзету жұмысының мақсаты мен міндетіне байланысты төмендегідей 
кезеңдерге бөлу тиімді:. 
Дайындық кезеңі; 
Дыбыстарды қою кезеңі; 
Дыбысты дұрыс айтуға машықтандыру кезеңі
Дыбысты ұқсас дыбыстардан ажырату кезеңі. 
Дайындық кезең. Бұл кезеңнің негізгі мақсаттарына келер болсақ: баланың 
түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға 
үйрету, зейінін, тыңдау, ойлау қабілетін дамыту, арнайы логопедиялық 
міндеттерге артикуляциялық дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату 
жатады. Артикуляциялық дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар 
қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және 
ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды 
қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу 
әртүрлі атпен аталады. Мысалы: 
«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек.. 
Дыбыстарды қою кезеңі Фонемалардың дұрыс айтылуын алғашқы 
қалыптастыру немесе қою кезеңінде негізгі үш тәсіл қолданылады. 1тәсіл 
еліктеуге негізделген. Бала естуді, көруді, тактиль- тербелісті, бұлшық ет 
түйсігін пайдалана отырып фонеманың дыбысталуы мен артикуляциясын 
қабылдайды, сапалы түрде сөйлеу органдарының қажетті қимылын, кажетті 
дыбыстарды қайталауға талпынады. Бұл жағдайда дыбыстардың тікелей есітіп 
қабылдау, сөйлеу мүшелелерінің қимылдарын көріп, оның ішінде өзінің айнаға 
қарау көмегімен көмекей дірілін қолымен сезіну, түрлі құралдардың көмегімен 
сөйлеу мүшелерінің жұмысын бейнелеп көрсету мүмкін. Тиісті дыбыстарды 
айтуға еліктеу арқылы қол жетпеген жағдайда әуелі оның жеке элементтерін 


қалыптастыруға күш салу қажет. Мәселен, Р фонемасының айтылуын 
түзеткенде, тілдің дұрыс формасы мен позициясы игерілетін жаттығулар жасап, 
содан кeйiн ғана оның тербелісін қалыптастыру болып табылады. Сөйлеу 
мүшелерінің қимылының баяулығы немесе қатар басқарылу қиындықтары 
кейде дайындық жаттығуларының тұтас жүйесін пайдалануға, арнайы 
артикуляциялык гимнастикаға сүйенуге мәжбүр
2тәсіл құралдардың ,шпатель, зондтар, саусақтың көмегімен сөйлеу 
мүшелеріне механикалық ықпал жасауды көздейді. Бұл жағдайда белгілі бір 
бастапқы артикуляция пайдаланады, соның негізінде сөйлеу мүшелері 
механикалық жолмен, , қозғалысы қалыптастырылады. Бұның өзі қажетті 
артикуляцияны кейінірек еркін және белсенді айтуға алғы шарт болып
табылады.. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет